«Электрқауіпсіздігі» дәрістер жинағы 6В11210-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің мамандығы бойынша оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттерге арналған



бет6/57
Дата23.12.2021
өлшемі476,97 Kb.
#127890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Механикалық жарақаттар

Электр тогының әсерінен бұлшық еттерінің кенеттен тартылуы нәтижесі болып табылады. Салдарынан терінің, қан тамырларының және жүйке жүйелерінің ажырауы болуы мүмкін; буындардың шығуы, тіпті сүйектің сынуы мүмкін.

Механикалық жарақаттар негізінен 1000 В дейінгі электр қондырғыларында салыстырмалы ұзақ токтың әсерінен орын алады.
Электроофтальмия

Электроофтальмия – қуатты ультракүлгін сәулелерінің ағымы әсерінен туындайтын көздің шырышты қабатының қабынуы. Мұндай сәулелену электр доғасы кезінде болуы мүмкін, ол ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерін бөлуші көз болып табылады. Электроофтальмияның алдын алу қорғауыш көзілдіріктерді қолдану болып табылады.


Электрлік соққы

Электрлік соққы – бұл ағзаның клеткалары арқылы өткен токтың әсерінен тітіркенуі, нәтижесінде дене бұлшық еттерінің тартылуы орын алады. Бұл кезде барлық ағзалардың жұмысы бұзылады – жүрек, өкпе, орталық жүйке жүйесі.

Электрлік соққыны беа сатыға бөлуге болады:


  1. бұлшық еттердің онша білінбейтін тартылуы;

  2. естен танбайтын, қатты ауырумен қатар бұлшық еттердің тартылуы;

  3. тынысы және жүрек соғысы бар, бірақ естен тана бұлшық еттердің тартылуы;

  4. естен тану және жүрек немесе тыныс жұмысының бұзылуы;

  5. клиникалық өлім.

Ток әсерінің салдары келесі факторларға тәуелді:


Фибрилляция

Фибрилляция – жүректің тамырлаур бойына қан айдауға шамасы келмейтін жүрек бұлшық еті талшықтарының түрлі уақытта тартылуы. Жүрек фибрилляциясы 50 мА ток 50 Гц жиілікте бірнеше секунд бойында қол-қол немесе қол-аяқ жолдары арқылы өткен кезде орын алады. Ережеге сәйкес, 50 мА төмен және 5 А жоғары ток жүрек фибрилляциясына соқтырмайды.


Электрлік талма

Электрлік талма – бұл электр тогынан тітіркену салдарынан ағзадағы ауыр жүйке-рефлекторлык реакция. Ол қан айналымыны, тыныс алу және зат алмасудың бұзылуына әкеліп соғады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет