«Электрқауіпсіздігі» дәрістер жинағы 6В11210-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің мамандығы бойынша оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттерге арналған



бет3/57
Дата23.12.2021
өлшемі476,97 Kb.
#127890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
21-22 ересек перспектикасы
Электр тогымен зақымдану түрлері

Өндірістегі уақытша жұмыс қабілетін жоғалту бойынша кездесетін жарақаттардың үлесі көп емес – 2% аспайды. Бірақ, өлімге соқтыратын жарақаттардың ішінде алдыңғы орында 12% асады, яғни әрбір жетінші өлімге соқтыратыны электр жарақаты.



Өлімге соқтыратын электр жарақаттарының жаппай болуының негізгі себептерін келесідей қорытындылауға болады:

  • электр тогының ағзадағы биологиялық үрдістермен физиологиялық үйлесімсіздігі;

  • кездейсоқ кернеу көзінде болған ашық ток өткізгіш бөліктерде немесе металл конструкцияларда қауіптілік нышандарының болмауы (түтін, жарықтану нышандарының болмауы);

  • ток өткізгіш бөліктермен жанасу кезіндегі нақты қауіпті көпшілік жұмысшылардың түсінбеуі.

Адам ағзасы арқылы өткен ток, келесідей әсер етеді:

  • термиялық әсер;

  • электролиттік әсер;

  • механикалық әсер;

  • биологиялық әсер.

Токтың термиялық әсері - дененің жеке жерлерінің күйігі ретінде байқалады, ток жолында орналасқан, қантамырлар, жүйке, жүрек, ми және басқа да мүшелердің қызуы,оларда күрделі функцияналдық бұзылулар тудырады.

Токтың электролиттік әсері - органикалық сұйықтың, сонымен қатар қанның ыдырауынан, олардың физика – химиялық құрамының бұзылуы байқалады.

Токтың механикалық әсері - электрдинамикалық әсер, сондай – ақ тоқпен қызып кеткен ұлпалық сұйық пен қаннан лезде жарылысқа ұқсас будың түзілуі нәтижесінде, әр түрлі ағза ұлпаларының, сонымен қатар бұлшық ет ұлпаларының, қан тамыр қабырғаларының, өкпе ұлпасы тамырларының қатпарлануы, үзілуі және т.б. ұқсас зақымдар арқылы байқалады.

Токтың биологиялық әсері - ағзаның тірі ұлпаларының тітіркенуі және қозуы, сондай – ақ қалыпты әрекеттегі ағзада өтетін және оның өмірлік қызметімен тығыз байланысты ішкі биологиялық үдерістердің бұзылуы түрінде байқалады.

Электрлік жарақаттар - электр тогының адам ағзасына әсерінің сан алуандығы, шартты түрде жергілікті электр жарақаттар мен электрлік соққылар деп бөлуге болатын, әр түрлі электр жарақаттарына әкеледі. Жергілікті электр жарақаттарына: электрлік күйіктер, электрлік белгілер, тері металлдануы, механикалық зақымдар, электр офтальмиясы, аралас жарақаттар жатады.

Электрлік күйік - барлық электр жарақаттардың шамамен 40% тиесілі, ең көп тараған жарақат. Электрлік күйіктің үш түрін ажыратуға болады: жанасқан, доғалық және аралас.

Электрлік белгілер - кернеу астында орналасқан,ток жүретін бөліктермен жанасқан, адам денесінің сыртында сұр немесе ақ – сұр түстегі жалт кескінделген дақтар түрінде болады.

Терінің металлдануы – терінің жоғарғы қабатына электрлік доға әсерінен балқыған, металл өте ұсақ бөлшектердің енуі. Көз қабығына металл бөлшектердің енуі ең қауіптісі болып табылады, оның әсерінен көру қабілеті жоғалуы мүмкін. Токпен зақымдалғандардың 3% металлдану байқалады.

Механикалық зақымдар - көптеген жағдайда адам денесі арқылы өтетін электр тогының әсерінен, бұлшық еттің еріксіз дірілді қысқаруы нәтижесінде болады. Олар зақымдалғандардың 0,5 % байқалады.

Электрофтальмиясы – электрлік доғаның ультракүлгін сәулелерінің қуатты ағынының әсері нәтижесінде туындайтын, көздің сыртқы қабығының қабынуышынайына және конъюктива. Одан электр тогының әсеріне ұшырағандардың 1,5 % зақымдалған.

Электрлік соққы. Электр соққы деп дененің әр түрлі бұлшық еттерінің еріксіз дірілді қысқаруы түрінде білінетін, ағза арқылы өтетін электр тоғының әсерінен, ағзаның тірі ұлпаларының қозуы. Электрлік соққының бес деңгейі болады. Олардың ішіндегі ең қауіптісі клиникалық өлім болып табылады, оның нәтижесінде жүректің және тыныс алу мүшелерінің жұмысы толығымен тоқталады. Клиникалық өлімнің ұзақтығы 4 – 6 минут.

Электр жарақатының түрлері. Көрсетілген электр тогының адам ағзасына әсері алуан түрлі электр жарақаттарына әкеледі, оларды келесі екі түрге бөлуге болады:



  • жергілікті электр жарақаттары, ағзаның жергілікті зақымдануы орын алады;

  • жалпы электр жарақаты (электрлік соққы), бүкіл ағза зақымданады.

Электр тогынан туындайтын бақытсыз жағдайлардың жобалық бөлінуі:

  • 20% - жергілікті;

  • 25% - электрлік соққы;

  • 55% - аралас жарақаттар.

Жергілікті электр жарақаттары – дене терісі бүтіндігінің анық көрінген жарақаттары. Бұл беттік жарақаттанулар жиі кездеседі.

Жергілікті жарақаттардың қауіптілігі зақымданған терінің орны мен дәрежесіне тәуелді болады. Ережеге сәйкес, жергілікті жарақаттар жазылады, жұмысқа қабілеттілігі қайта қалыпқа келеді.

Сипаттамалы жергілікті жарақаттар – электрлік күйіктер, электрлік белгілер, терінің металлдануы, механикалық зақымданулар және электроофтальмия. Электр жарақаттарының 75% жергілікті жарақаттармен сипатталады. Олардың ішінде:


  • электрлік күйіктер – 40%;

  • электрлік белгілер – 7%;

  • терінің металдануы – 3%;

  • механикалық жарақаттар – 0,5%;

  • электроофтальмия – 1,5%;

  • аралас жарақаттар – 23%.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет