«Жарақаттар. Механикалық жабық зақымдар. Соғып алу, созып алу, буындардың шығып кетуі, сынықтар»



бет1/13
Дата12.09.2022
өлшемі62,34 Kb.
#149284
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
лекция жабық жарақат


Тақырып:


«Жарақаттар. Механикалық жабық зақымдар. Соғып алу, созып алу, буындардың шығып кетуі, сынықтар»

Жоспар :
1. ЖАРАҚАТТАНУЛАР (ТРАВМАЛАР)


ТРАВМАТОЛОГИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2. Соғып алу.
3. Созып алу .
4. Буындардың шығып кетуі
5. Сынықтар»


ЖАРАҚАТТАНУЛАР (ТРАВМАЛАР)
ТРАВМАТОЛОГИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мүшелерде және ұлпаларда анатомиялық бүтіндіктің, физиологиялық қызметінің бұзылуына душар ететін сыртқы (механикалық, термиялық, хи-миялық және т.б.) агенттердің денеге кенеттен артықша әсер етуінен және дененің жергілікті, жалпы реакциясымен пайда болатын ауру жарақаттану деп аталады.
ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТЫ ТЕКСЕРУ ӨЗГЕШЕЛГІ
АРНАУЛЫ ТЕРМИНОЛОГИЯ
Дәрігерге дейінгі бірінші көмекті көрсету және емдеу шараларын нәтижеге келтіру үшін мейіркеш травматологиялық науқасты тексерудің негізін білуі тиіс.
Буындағы қимылдардың көлемі арнаулы аспап — бұрыш өлшегішімен анықталады және градустары белгіленеді. Бұрыш қапталдары аяқ-қолдардың білігі бойынша қойылады, ал бұрыш өлшегіштің білігі (ось) осы буынның айналу білігіне сәйкес орналастырылады. Есеп аяқ-қолдардың бастапқы жағдайынан бастап жүргізіледі. Буынның, мүшенің және аяқ-қолдардың еркін тікелей жағдайында буынның жағдайы бастапқы жағдай деп есептелінеді (сан-жамбас және тізе буыңдарының бастапқы жағдайы деп 180° бұрыш, тобық-табан буындары үшін 90° бұрыш болып саналады). Сагиталь жазықтықтағы қимыл иілу және жазылу деп аталады (флексия және экстензия). Бұған аяқ және қолдар үшін: табанның ішке, сыртқа және алақанның иілуін қосу керек. Маңдай алды жазықтықтағы қимылдар қашық-тау және жақындату деп аталады. Білек буынындағы қозғалу, бүгу (ульнар-лы) білек сүйегіне қарай болады. Бойлау білік айналасындағы қимылдар сыртқы және ішкі айналма қозғалыстар (ротациялар) деп аталады.
Буындардағы қозғалыстардың бұзылуы төмендегідей аталады: 1) анкилоз-буындағы қозғалыстың толық жоғалуы; 2) регидтік-буындағы тербелмелі қимыл 5°-тан аспайды; 3) контрактура — буындағы қозғалыстық шектелуі.
Шектелулерден басқа буындарда артықша қозғалыстар байқалады. Ол көбінесе байланыстырушы аппараттардың үзілуіне және созылуына байла-нысты болады. Буын жоқ жердегі (сынықтағы жалған буында) қозғалыс патологиялық қозғалыс деп аталады.
Аяқ-қолдардың ұзындығын және шеңберін өлшеу үшін сантиметрлік лента қолданылады. Өлшегенде ауырған жері сау жермен міндетті түрде салыстырылады. Салыстырмалы өлшеуде сүйектің шығып тұрған жерлері белгілі нүктелер болып есептеледі.
Иық сүйегінің ұзындығы жауырынның топша өсіндісінен (акромиальдық) иықтың сыртқы айдаршасына дейінгі аралықпен анықталады. Сыртқы айдаршадан жоғары біз тәрізді өскіншеге дейінгі аралық білектің ұзындығы болып есептеледі. Топша өсіндісінен алақан жағынан 111 саусақтың ұшына дейінгі аралық қолдардың толық ұзындығы болып есептеледі.
Аяқтың ұзындығы жамбас сүйегінің алдыңғы жоғары өскіншесінің ішкі тобыққа дейін аралық аяқтардың ұзындығы болып, сан сүйегінің жоғарғы сыртқы өсігі және тізе буынының буын саңлауы аралығы санның ұзындығы болып,буын саңлауынан сыртқы тобыққа дейінгі аралық жіліншіктің ұзын-дығы болып саналады.
Қысқару және ұзару төмендегі түрлерге бөлінеді:
1.Шынайы (истинное) қысқару немесе ұзару. Бүл аяқ-қолдардың ұзындықтарының анатомиялық өзгерулерінен болады. Қысқару сүйек сы-нықтарының ығысуы, өсуінің тоқтауы т.б. себептерден болады. Аяқ-қол-дардың ұзаруы туберкулез ауруының бастапқы кезеңдерінде (буын таюы, буын саңлауының кеңеюі) болады
2.Аяқ-қолдардың буынындағы қозғалыстың азаюы, немесе толық жоғалуы салдарынан қысқа болу жағдайы, не жобалық қысқаруда, немесе \ ұзаруда болады.
3.Салыстырмалы қысқару немесе ұзару буынды құраушы сүйектердің біреуінің екіншісінен шығуында байқалады. Аяқ қолдардың салыстырмалы қысқа - ұзындығы салыстыру жолымен анықталады.
4.Науқастын тікесінен тұру жағдайында оның аяқтарының функционалдық қысқаруы немесе ұзаруы (жиынтық қысқару немесе - ұзару) бұл аяқтардың нағыз шамаланған және салыстырмалы қысқаруының қосындысы болып табылады.
Аяқ-қолдардың шеңбері (ауру және сау) симметриялы жерлерінен (белгілі сүйек нүктелерінен анық аралықтары) өлшенеді. Мысалы, оң санның шенбері санның үлкен сыртқы өскінінен 10 см төменде анықталады, онда сол жақ санның шеңберінде сондай аралықта өлшенуі керек. Әдетте аяқ-қолдардың шеңберлері жоғарғы, ортаңғы және төменгі 1/3 үлестерінен өлшенеді.
Бұлшық еттің күшін анықтау үлкен маңызды іс. Бұлшық ет күші шартты түрде бес балл жүйесі бойынша бағаланады; 1-бұлшық еттің күші қалыпты, 2- бұлшық ет күшінің шамалы әлсіздігі, 3-бұлшық еттің шала салдығы, 4 - бұлшық ет күшінің айтарлықтай азаюы 5 - бұлшық еттерінің толық салдануы.
Әдетте бұлшық ет күші дененің екінші қарсы бөлігіндегі күшімен са-лыстырылады. Өлшеу үшін арнаулы аспап — динамометр қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет