«Жарақаттар. Механикалық жабық зақымдар. Соғып алу, созып алу, буындардың шығып кетуі, сынықтар»



бет5/13
Дата12.09.2022
өлшемі62,34 Kb.
#149284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
лекция жабық жарақат
Реферат Та ырыбы Ми ж не психика Орында ан Н ман С йрік абыл, Психология пәні бақылау №1 (1), 1 дәріс
СЫНЫҚТАР
Сүйектің бүтіндігінің бұзылуын сынықтар деп атайды. Сынықтарда көпшілік жағдайларда сынықтардың орнынан қозғалуы пайда болады. Бірқатар жағдайларда сүйек сынықтары орнынан қозғалмайды: бұлар көбінесе балаларда кездесетін сүйек қабығы асты деп аталатын сынуларда сүйек қабығы өзінің бүтіндігін сақтайды немесе тістесіп қалган сынықтар деп аталатын сынуларда, бұнда сүйектің сынған бастары өзара бір-бірінің арасына кіріп тұру жағдайлары кездеседі. Балаларда сүйек пайда болу ке-зеңіне дейін эпифиз сызығында көбінесе сынықтын орнына эпифиздік және диафиздік алшақтану (эпифизиолиз.) пайда болады.
Сынықтар туа және жүре болган сынықтар болып бөлінеді.
Тумастан бұрын әртүртлі себептердің әсерінен пайда болатын жа-рақаттардың бір түріне туа болған сынықтар деп атайды. Үлкен адамдарда және балаларда ол немесе бұл механикалық ссбептердің салдарынан пайда болатын сынулардың түрлерін жүре болған сынықтар деп есептеледі. Ана-сынан туу процесінде пайда болған сүйектің сынуларына туғаннан соң пай-да болған сынық тобына жатады. Сүйектердің ол немесе бұл ауруларына байланысты сынулар (остеомиелит, ісіктср және т.б.) патологиялық сынулар деп аталады.
Көбінесе сынықтар сүйектердің созылу қасиетінің жоғалуы салдарынан қартайған адамдарда жиі кездеседі.
Сынықгардың көп кездесетін жерлері темендегіше бөлінеді: қолдарда— 50 процент, аяқтарда — 31 процент, жамбас және омыртқаларда — 12 процент және баста 6 процент болады.
Сынықтардың механизміне қарай, олар төмендегідей болып бөлінеді: 1) қысылудан болған сынулар. Бұндай жағдайларда сүйектің бір ұшы екіншісіне кіруі мүмкін, сүйектің диафизі эпифизіне кіреді (вколоченный перелом), немесе тістесіп қалған сынықтар (сколоченный перелом) немесе сүйектің жалпиып мыжылып қалуы (компрессиялық сынық); 2) иіліп бүгіліп сынулар. Бұл сынықтар өмірде көп кездеседі. Сүйек иілген жағдайында сүйекте үшбұрыш пайда болып кесе көлденең сынады; 3) бұранда тәрізді сынулар (торционвинт, спираль тәрізді), бұлар сүйектің бір ұшы қозғалмай, ал екінші ұшы бұралып кеткен жағдайда пайда болады бұнда сүйектің сыну сызығы бұранда тәрізді болады; 4) жұлынудан сынулар бұлшық еттердің қатты қысқаруынан пайда болады. Бұнда бұлшық ет сіңірлерінің сүйекке жабысқан жеріндегі сүйек өскіні жұлынып кетеді. Кейде екі бірдей күштің -- бұлшық еттердің қатты тартылуынан қарама-қарсы күшке байланысты тізе тобығының (надколенник) екіге бөлініп кетуі мүмкін.
Сынған сүйектердің бір-бірінен ажырап, қозғалып кетуінің түрлері: 1) сынықтын бұрыштық қозғалуы, бұнда сынған сүйектер бір-біріне тік не доғал бұрыш жасап тұрады; 2) іргелес қозғалуы — сынықтар бір-бірінен ал-шақтағанмен іргелес жатады; 3) перифериялық сынық қозғалуы сынықтар бір-біріне бұранда тәрізді тұрады; 4) созылмалы айрылу — сынық ұштары бір-бірінен алыстап кетеді.
Жарақаттанған сүйектердің санына қарай олар бір және көп сүйектердің сынуы болып бөлінеді. Сынуда сүйек жарқыншақтарымен қандай болмасын мүшелердің жарақаттануы не жарақаттанбауына байланысты сынық асқынған және асқынбаған болып бөлінеді. Терінің бүтіндігі сақталса, олар жабық сыну деп, ал тері сүйек жарқыншақтарымен жарақаттанса, олар ашық сынық деп аталады.
Барлық уақытта сынуда сүйек бөлшектерінің орнынан қозғалуы байқалады. Егер сүйектің сынығының қозғалуы сынықты пайда еткен механикалық себептерден болса, онда ол бірінші қозғалу деп аталады. Кейінірек бұлшық еттердің тартылуынан немесе жарақаттанған аяқ-колды пайдаланудан қозғалса, бұндай қозғалуды екінші қозғалу деп атайды.
Сүйек сынуының бірнеше түрі бар: 1) жай сынық; 2) күрделі сынық; 3) жарылған сынық; 4) асқынған сынық; 5) жеке сынық; 6) көп жарықшақтық сынық.
Жай сынықта сүйек қабығының жыртылмай ұсақ сүйектің сынуы, асқынған сынықта айналасыңдағы тіндер жараланады. Сүйектің қан тамырлары, жүйке жүйесі, көрші мүшелер жарақаттанады. Бұндай асқыну остеомиелитке т.б. әкелуі мүмкін.
Клиникалық белгілері және сипаттары — олар бұлтартпас (тек сынуларға тән) және біржоба (басқа жарақаттарда да байқалуы мүмкін) сынықтың белгілеріне бөлінеді. Бұлтартпас белгілері: 1) аяқ-қолдың сынған жерінің пішінінің өзгеруі; 2) қозғалғанда сынған жердегі сүйектердің бір-біріне тиіп күтірлеуі (крепитация); 3) аяқ-қолдың білік бойы ығысуының нәтижесінен сынған мүшенің қысқаруы; 4) сынған жерде патологиялық қозғалыс пайда болуы. Бұл белгілердің тек біреуінің ғана болуы сынықтың диагнозын айқындайды.
Біржоба белгілері: сынық аймағының ауыруы, сынған жерде қанды ісік пайда болуы, жұмсақ ұлпалардың ісінуі, томпайуы, мүшелердің қызметінің нашарлауы. Бұл белгілер тек бұлтартпас белгілері бар болғанда ғана мағына береді. Диагнозын дәл білу үшін және сүйек сынықтарының бір-біріне қалай тұрғанын анықтауға алдынан және қапталынан рентгенге түсіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет