«Жарақаттар. Механикалық жабық зақымдар. Соғып алу, созып алу, буындардың шығып кетуі, сынықтар»



бет7/13
Дата12.09.2022
өлшемі62,34 Kb.
#149284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
лекция жабық жарақат
Реферат Та ырыбы Ми ж не психика Орында ан Н ман С йрік абыл, Психология пәні бақылау №1 (1), 1 дәріс
Қозғалтпай емдеу жолдары. Сынған аяқ-қолды гипске салып таңу. орау. Тәжірибеде ең көп қолданылатын жақтаулардың ішінде Белер жақтауы. Ол жақтауға жарақат алған науқастың аяғын орналастырып, тізесін және ортан жілікті бүгіп қолайлы жағдай (физиологическое положение) туғызуға болады. Осындай жағдайда сынған сүйектер осылай тартылудың арқасында олардың ұштары бір біріне дұрыс келеді. Сынықтарды қысып және тартып емдейтін Илизаров, Гудушаури, Волков-Огонесян т.б. аспаптары да бар. Науқастың зақымданған жерін: мүшесін қозғалтпастан тасымалдау — дәрігерлік қызметтің басты мақсаты болып есептеледі.
Медициналық зембілдер (носилки). Зақымданған науқастарды қауіпсіз және ыңғайлы тасымалдау үшін пайдаланылатын құралды — медициналық зембілдер деп атайды. Бұндай зембілдерді 2—4 адам алып жүре алады. Науқасты зембілге салу ережесі: зембіл науқастың жарақат алған жағына қойылады, ал омыртқа сынса, онда зембілді науқасқа қолайлы жағына қоюға болады. 2—3 адам тізерлеп отырып науқасты қолдарымен көтереді, осы кезде бос адам зембілді науқастын бас жағынан не аяқ жағынан кіргізіп, науқасты ептеп зембілге салады. Жарақаттанған науқасты зембілмен алып жүруде де өзіндік ережесі бар: I. Егер жеңіл жарақаттанған науқас болса және оны алып жүру тегіс жерде жүргізілген жағдайда — науқастың бас жағы кейінгі жағыңда болады; 2. егер ауыр жарақаттанған науқасты тасымалдағанда, оның бас жағы алға қаратылып тасымалдайды. Бұның өзі зембілдің соңғы тұтқасын ұстап келе жатқан адам, қатты жарақаттанған науқастың көңіл-күйін байқап отыру үшін бейімделінген.
Жарақаттардың түріне қарай, науқасты зембілде тиісті ауруханаға жеткізу керек. Науқас есінен танған жағдайда басының астына ештеңе салып қажеті жоқ. Басы жарақаттанғанда науқас шалқасынан жатқызылады, денесінің жоғарғы жағы және басы көтеріңкі болуы керек. Басын қозғалтпау үшін онын астына оралған одеял қойылады. Мойынның алдыңғы жағы және жоғарғы дем алу жолдары жарақаттанғанда науқастың басын алдына еңкейтіп, иегі кеудесіне тиетіндей етіп отырғызылады. Науқас кеудесінен жарақаттанғанда шалқайтып отырғызылады не жарақаттанған жағына жатқызылады. Іш қуысы жарақаттанғанда аяқтары тізелерінен және ұршық жіліктен бүгіліп, шалқасынан жатқызылады. Науқастың тақымының астына шиыршықтап оралған одеял қойылады. Омыртқа және жамбастың жабық жарақатында науқас шалқасынан жатқызылады, ал ашық жарақат алғанда науқасты қапталынан кемесе етпесінен жатуы тиіс. Қолдары жарақаттанғанда, науқасты шалқасынан жатқызып, денесін сау жағына аздап бұрып, жа-рақаттанған қолын кеудесіне немесе ішіне салып қойылады. Аяқтары жа-рақаттанғанда науқас шалқасынан жатқызылып, жарақаттанған аяғының астына көпшік қойылады.
Жарақаттанған науқастарды тасымалдау үшін иыққа ілетін қайыстан, матадан істелген жіптерді, бауларды тағы басқа да құралдарды пайдалануға
болады.
Науқасты зембілде алып жүру үшін бір санитар бас жағында, екінші санитар аяқ жағында тұрады. Науқасты абайлап, селкілдетпей алып жүру керек. Басқыштан көтерілерде және түсерде көлденең (горизонталь) жағдайда ұстау керек. Осыған байланысты бір санитар зембілдің ұшын жоғары көтереді, ал екіншісі төмен түсіреді (58 сурет, а, б).
Жарақаттанғандарды кездескен көлікпен апарылуы мүмкін, бірақ ол науқасқа жәйлі болуы шарт. Жарақаттанғандарды алып бару үшін арнаулы жедел көмек көрсететіи автомашиналарда, санитарлық самолеттерде, вер-толеттерде жақсы жағдайлар тудырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет