ТЕРІДЕН ЖӘНЕ ҚАҢҚАДАН ТАРТЫП ЕМДЕУ Сүйек сынықтарын гипс танғышымен орнында ұстау барлық жағдайда, әсіресе қиялап, қысып. сынықтарда мүмкін емес. Бұндай жағдайларда тері-ден (балаларда) немесе қаңқадан тарту, созу тәсілі қолданылады. Теріден тартудың мәнісі жарақаттанған аяқ-қолдың сынған жерінен төмен бөзден (бязь), біржағы түкті жұмсақ матадан (фланель) немесе басқа жеңіл заттар-дан арнаулы ілмектер арқылы тартылады (жабысқақ пластырды да пайдала-нуға болады), тартатын жіптер арнаулы желім мен теріге желімденеді және олардан өткізіліп алынған жібек бау (трос) көмегімен арнаулы түрде алын-ған ауыр жүкпен тартылып қойылады. Аяқ Белер, Чаклин жақтауларына орналастырылады, бұл жақтауларда аятққа орташа физиологиялық жағдай беру үшін тізе және ортан жілік буындарынан бүгіледі. Қол сүйектері сын-ғанда сыртқа бұру (абдукпия) ИИТО жақтауы қолданылады.
Белер жақтауын қолданардың алдында жоғарғы жарыспалы (параллель) бөл-шектерінің арасына матадан істелген гамачок тартылады, оған аяқ қойылады. Жақтауда керекті бағытқа тартылу үшін арнаулы шығыр, тетік (блок) болады. Төменгі шығыр жілікшікті, жоғарғы шығыр санды тарттырып, ал-дыңғы шығыр аяқты, табанды сүйеп ұстауға арналған.
Сүйек сынықтарын орнында ұстау үшін ауыр жүк керек жағдайларда теріден тартудың орнына қаңқадан тарту қолданылады. Оны қою үшін жергілікті жансыздандыру мен сүйек арқылы арнаулы бұрғымен сым темір шабақ (металл спица) өткізіледі. Сым шабаққа тұтқа (скоба) бекітіледі, ол сым ша-бақты тартылған жағдайда ұстап тұрады. Тұтқаға жүютен жібек бау байланады. Аяқ алдынғыда айтылған жағдайдағы сияқты жақтауға орналастырылады. Жіліншік сүйектерінің сынуында сым шабақ табан, өкше сүйегі арқылы, сан сүйегі сынғанда кәрі жіліктің қосалқы төмпешегінен немесе сан сүйегінің метафизі арқылы өткізіледі. Иық сүйегі сынғанда сым шыбықты шынтақ сүйегі дөңесі, есімшесі арқылы өткізіп тарту керек.
Сынған сүйекті тарту төмендегі түрлерге бөлінеді. Қол сүйектерінің сынуларында резеңке түтікше көмегімен созылғыш (эластика) тартқыштар, ал аяқ сүйектерінің сынуларында жүк жәрдемімен тартып тұру қол-данылады.
Омыртқаның денесінің сынуларында науқас кереуетке салынған қалқанға жатқызылады. Кереуеттің бас жағын сәл көтеріңкі болады, дененің жоғарғы бөлегі арнаулы мақтамен марлыдан жасалған дөңгелектермен немесе Глиссон ілмегі арқылы кереуеттің басына байланады, сөйтіп өз денесінің салмағымен тартытрылады.