«Жарақаттар. Механикалық жабық зақымдар. Соғып алу, созып алу, буындардың шығып кетуі, сынықтар»



бет10/13
Дата12.09.2022
өлшемі62,34 Kb.
#149284
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
лекция жабық жарақат

Хирургиялық емдеу әдістері. Сүйек сынықтары жоғарыдағы әдістермен (гипс салу, сүйектен тарту) орнына салынбай және ұстап тұру мүмкіншілі болмаған жағдайларда операпиялық жолмен емделеді. Көбінесе сынған сүйектердің арасындағы жұмсак тканьдар қалғанда (интерпозиция) және ашық сынықтарда операиия жиі жасалынады. Операция жасап емдеу мақсаты сынған сүйектер ашылып орын орнына қойылады және арнаулы тот баспайтын болаттан істелген бүркеншіксіз шеге (штифт). пластинкалар, бұрандалы шеге, сымдар және т. б. кемегімен бекітіледі. Сүйек сынықтары жазылғаннан кейін (әдетте 6—8 айдан кейін) сүйекті ұстатқан заттар алынады.
Сүйек сынықтарын операция жасап орнына салуда темір ұстатқыштардың орнына желім қолданылып жүр, ол сүйек сынықтарын жақсы бекітеді және соңынан алып тастаудың қажеті жоқ.
Кейінгі жылдары Г. А. Илизаров, О. Н. Гудушаури және К. М. Сиваш ойлап шығарған қысу-ұзарту (компрессия-дистракция) металлостеосинтез әдісі кеңінен қолданылады. Осы аппараттар сүйек сынықтарын орнына салуға, оларды қозғалтпауға мүмкіндік береді. Сынықтардың түріне қарай сүйектердің ажырап кеткен бастарын бір біріне жақындатып қысу (компрессия) және айқасып кеткен сүйек бастарын үзартып-созу (дистракция) сүйектің жазылуын тездетеді.
Ашық сынықтарды емдеу. Бірінші көмек жараның шеттеріне йод ерітіндісін жағу, зарарсызданған салфеткаларды қою, қимылдатпаудан (иммобилизация), науқасты травматологиялық бөлімге тезірек апару болып табылады. Егер жарада сүйек сынықтары көрініп түрса, бірінші көмек көрсетуде ешқашан сынықтарды орнына салуға рұқсат етілмейді, себебі тереңде жатқан тканьдарға инфекция түсуі мүмкін. Ауруханада науқасқа бірінші хирургиялық өңдеу жүргізіледі, сүйек сынықтары орнына салынады. Инфекция белгілері жоқ болса, жабық етіп тігіледі.
Егер қажет болса және науқастың жағдайы мүмкіншілік берсе, онда ашык сынуларды бірінші хирургаялық өндеу уақытында сүйек сьынықтары жоғарыда көрсетілгендей хирургиялық әдістердің біреуімен бекітіліп, ұстатылуы жасалынады. Науқастың жағдайы ауыр болса немесе жараға инфекция түссе, онда хирургиялық жолмен тазаланып және сүйек сынықтары орнына салынғаннан кейін, олар тартылады немесе гипстен таңғыш қойылады.
Инфекция түскен ашық сынықтарда жансызданған тканьдар алып тас-талынады, ірінді ісіктер жақсы ашылады, жараға дренаж қойылады. Терінің жарасына жіп салынбайды.
Қозғалтпау мақсатында қаңқадан тарту немесе "көпір" тәрізді гипстен таңғыш пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет