«Жарақаттар. Механикалық жабық зақымдар. Соғып алу, созып алу, буындардың шығып кетуі, сынықтар»


Гипс танғышы бар науқастарды күту



бет13/13
Дата12.09.2022
өлшемі62,34 Kb.
#149284
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
лекция жабық жарақат

Гипс танғышы бар науқастарды күту. Гипс танғыштарды травматология-лық практикада жиі қолданады, осыған байланысты бұл науқастарды күтудің ережелерін білу қажет.
Гипсті танғыш гипстің сапасына байланысты 10—20 мин қатады. Осы уақытта дененің гипстелген жері тиісті жағдайда тұруы қажет. Таңғыш қатайғанда қолға қатты болып тиеді және шертіп кеөргенде қатты денедегі-дей дыбыс шығарады. Гипс бір тәулік мағдарында толық кебеді. Таңу сұр түрден ақ түрге жетеді және саусақпен тоқылдатып көргенде санғырлаған дауыс естіледі. Гипстің кебуін тездету үшін таңғыш ақ жайма немесе одеял-мен жабылмайды. "Соллюкс" лампасы мен шамалы қыздыру керек.
Гипс танғышы салынғаннан кейін, ол әлі кебе қоймай тұрып оған хи-миялық карандашпен: жарақаттың, танғыштың қойылған, гипстің шамамен алынатұғын күндері жазылады.
Әсіресе таңғыш салынғаннан кейінгі бастапқы тәуліктерде науқас ықласпен бақылануы керек. Қатты етіп байлауда науқастың аяқ-қолдарының ауыруы, көгеру (цианоз) пайда болады, ісік көбейеді, башпайлары ұйиды.
Бұл жағдайларда гипс таңбасын кесу және оны уақытша бинтпен бекіту қажет. Дәретке шығу және кіші дәреке отыру уақытында гипсті танбаның былғанбауын көріп тұру қажет. Науқастың үлкен дәрет шығатұғын жерін өз уақытында жуып тұру керек. Бұл қатардағы науқастардың әртүрлі асқынуларыын ең маңызды алдын алу шаралары — емдеу физкультурасы болып есептеледі.
Сынықты тарту мен емдеудегі науқастарды күту. Наукастардың сы-нықтарын тарту әдісі мен емдеуде, олар көп уақытқа дейін қолайсыз жағдайда жатады. Бірақ бұның гипс таңғыштарымен емдеуден ерекшелігі бұл әдіс емдеу физкультурасы қолдануга үлкен мүмкіншіліктер береді. Бұнда әсіресе сау жақ аяқ-қолының қозғалуына айырықша көңіл бөлінеді. Бұнда жа-рақаттанған аяқ-қолында қан айналысы жақсарады (рефлекторно), бұл сы-нықтың тезірек жазылуына себепкер болады. Қазіргі уақытта Белер жақ-тауынан басқа арнаулы түрде істеліп шығарылған функциональдық жақта-улар (мысалы. Богдановтың функциональдық жақтауы) қолданылады, олар буындарды және жарақаттанған аяқ-қолдарды қимылдатуға мүмкіншілік береді.
Жарақат алғаннан кейінгі бастапқы күндерден бастап сан бұлшық еттерін белсенді тарту, тізе тобығын қимылдату ("тізе тобығын ойнату"), жіліншік-табан және бармақ аралары буындарында қозғалысқа келтіру қажет. Сым шыбық өткізілген жерлерді әрдайым көріп түру қажет. Сым шыбық қапсырмасын (скоба) және терінің арасына спиртке малынған марлі шариктерді қою (іріңдеудің алдын алу) керек. Іріңдей бастаған жағдайда сым шыбық алынып тасталынады және басқа ем түрі жасалады. Науқас қаңқадан тартылған жағдайында 4 аптадан көп жатпауы тиіс, онан кейін гипс та-ңғышы салынады.
Операция жолымен емделіп жатқан науқастарды күту. Емдеудің негізіне барлық операциялардағы сияқты операция жасалынған жердің жарасы іріңдеуіне жол бермеу қағида, көзқарас алынады. Осы мақсатқа байланысты бақылап тұру қажет. Ол қан ағып ылғалданса, онда уақытында таза таңғыш қойылады. Операциядан кейінгі бастапқы күндері-ақ науқасқа емдеу гимнастикасы жүргізіледі. Аяқ сүйектерінің сынуларында операциядан кейінгі 2—3 тәуліктерден соң балдақпен жүруге рұқсат етіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет