ҚЫСЫЛУ (СДАВЛЕНИЕ) Аяқ-қолдардың жұмсақ тканьдарын жай түскенде, жер сілкінгенде, ағаш, топырақ үзақ қысу салдарынан пайда болатын белгілі бір симптомдар жыйынтығын қысылу синдромы дейді. Аяқ-қолдардың қысылуынан босағаннан кейін тканьдарда жиналған заттар, сондай-ақ ауыру импульстарының ағымы денеге келіп түседі, бұл шокқа ұқсаған клиникалық көрініс береді.
Қысылу синдромының алдын алу жәнеемдеу аяқ-қолдарды қысушы заттардан абайлап және ақырын бастаудың алдында басылған жерден жоға-ры. ширақ салынады, қорапты новокаин тосқауылы, талмаға қарсы шаралар жүргізіледі. Соңынан күшті бүйрек жұмысының бұзылуы — уьттың денеге жайылуы және аяқ-қолдардың жергілікті өзгерістерін емдеу жүргізіледі
ШАЙҚАЛУ (СОТРЯСЕНИЕ) Күшгердің тез әсер етуде ұлпа мен мүшелердің зақымдануы, бұл мүше-лердің қызметі бұзылады, бірақ морфологиялық өзгерістер болмайды. Мүше клеткаларында молекулалық жарақаттаңулар көлемінде өзгерістер анықта-лады Көбінесе шайқалуға бас және жұлын, окпе. бауыр ұшырайды. Шайқалу сол мүшелердің атқаратын қызметінің бұзылуына, жүрек-тамыр қызметінің төмендеуіне (қан қысымының төмендеуі, тамыр соғысының сиректеуі). дем алудың бұзылуына (ентігуге, устіртін дем алуға), бас миының шайқалуына (есінен тану) болады
Емі. Уақытында ауруханаға жатқызу қажет. Қатан төсек. режимі сақталады. Бұнан кейінгі емдеу жарақаттанған ағзаның атқаратын қызметін қалпы-на келтіру болады.
БУЫННЫҢ ШЫҒУЫ Бір немесе бірнеше сүйектердің әдеттегі анатомиялық өзара байланыс-тарының бұзылуы мен буын беттерінің патологиялық ауысуы және буынның қабығы аппаратының бүтінділігінің бұзылуын буынның шығуы деп атайды. Шығулар толық және жартылай шығу болып бөлінеді.
Буынның шығуының төмендегі түрлері бар: 1) травматикалық шығулар жарақат салдарынан болады; 2) патологиялық шығулар — байланыс аппара--ының және сүйектердің буын бастарынан бұзылуына байланысты ауруларда, мысалы ісіктерде, қабыну процесстерінде пайда болады; 3) туа болған шығулар; 4) үйреншікті шығулар — байланыс аппаратының көбінесе дұрыс емделмеген жарақаттан кейін шығудан пайда болатын көбірек созылу емін жүргізгенде; 5) уақыты өткен — өз уақытында салынбаған шығулар.
Буын шыққанда айтарлықтай ауыру білінеді, кейінгі күндері ол біртіндеп азаяды. Шыққан аяқ-қол амалсыз жағдайда болуы мүмкін. Буынның кескін, пішін үйлесімі буынның жағдайының өзгеруінен, сондай-ақ қанды ісік сал-дарынан пішіні өзгереді. Диагноз қоярда басып көру және рентген суреті үлкен магна атқарады.
Аяқ-қолдардың қозғалмай тұруы қажет. Ауырғанын азайту мақсатында шыққан буынға ішіне мұз салынған немесе суық су құйылған қалташа қойы-лады, анальетиктер жіберіледі, онан кейін науқас тез арада емдеу мекемесіне апарылады. Шығуды салуды дәрігер орындайды.
Шығудың түріне және оның жайласуына қарай шығуды салудың белгілі әдістері бар. Шығуды салуға буын қуысына жіберілген новокаинмен жақсылап жергілікті жансыздандыру тәсілі қолданылады. Ірі буындардағы, мысалы жамбас-сан шығуында бұлшық еттердің күш-қуатын жоғалту үшін миорелаксангтар мен жалпы жансыздандыру шаралары қолданылады. Шығу салынғаннан кейін, шығудың жайласуына қарай аяқ-қол 4-30 күнге дейін таңба немесе гипс лонгетасы мен оралып қойылады, одан кейін емдеу гимнастикасы, уқалап, сипалап емдеу және жалпы процедуралар істелінеді.
Уақыты өткен шығулар операция жолымен салынады. Үйреншілікті шығуларда байланыс аппараты операция жолымен бекітіледі.