«Жарақаттар. Механикалық жабық зақымдар. Соғып алу, созып алу, буындардың шығып кетуі, сынықтар»



бет3/13
Дата12.09.2022
өлшемі62,34 Kb.
#149284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
лекция жабық жарақат

ЖАБЫҚ ЖАРАҚАТТАНУЛАР
Тері қабаттарының және кілегейлі қабықтарының жарақаттануынсыз-ақ болатын жарақаттанудың барлық түрлері жабық жарақаттануларға жатады.
АУЫРТЫП АЛУ (УШИБЫ)
Ұрып алу нәтижесінде көзге көрінетін анатомиялық жарақаттанулар болмай-ақ, жұмсақ тканьдардың жарақаттануы жабық жарақаттануларға жатады.
Бұнда жергілікті ауыру тканьдардың томпайып ісінуі, тері қабаттарының сезімділігінің азаюы, қанды ісік (гематома) пайда болады. Жарақаттанған мүшенің атқаратын қызметі бұзылуы мүмкін. Қанды ісіктің түрі қан пигментілік келе-келе бұзылуына байланысты кара-қызылдан, көгістен, жасылдан, сары түске дейін өзгереді.
Емі. Мүшенің жарақатған жері қозғалтпай ұсталынады, сәл көтеріліп қойылып, қысып тұратын таңғыш қойылады Ұрылған жерге ішіне суық су құйған немесе мұз салынған қалташа қойылады. Қанды ісік көп болса, кейде қан сорып алынады, немесе қанынның шығару және қан ағуды тоқтату үшін тіндер кесіледі. Ұрылып жарақаттанудан кейін 2-3 күннен соң жылы емдеу шаралары (резенке жылытқыш, жылытушы компресстер диатермия, қанды ісіктің жақсы кетуі үшін УВЧ) қолданылады.
БУЫН СІҢІРЛЕРІНІҢ СОЗЫЛУЫ ЖӘНЕ ҮЗІЛУІ
Буында өзінің көлемікен артығырақ қимылдарда созылу, ал кейде оны бекітуші сіңір аппаратының үзілуінде кездеседі. Буын айналасында ауыру және томпайып ісіну қимылдардың шектелгендігі байқалады. Сіңірдің үзілуінде қаңды ісік және артықша қозғалыс пайда болады.
Аяқ-қолдардың қимылдамауын қамтамасыз ету қажет. Буын аймағына қысып тұратын танғыш қойылады, Бастапқы күндері суық, кейінгі күндері жылы емдеу шаралары қолданылады. Сіңір аппараты үзілгенде гипс танғышы қойылады, консервативтік емдеу нәтиже бермесе, операциямен емдеу жүргізіледі.
БҰЛІІІЫҚ ЕТТЕРДІҢ ҮЗІЛУІ
Бұлшық еттердің үзілуі олардың күшті тартылуы және тыртысын керілуі салдарынан, мысалы,ауыр заттарды көтеруде пайда болады. Көбінесе қарын және аяқ-қолдарды жазушы, түзеуші бұлшық еттердің үзілуі жйі кездеседі. Бұлшық еттердің үзілуі шала және толық болуы мүмкін.
Үзілген жерді басып көргенде ауыру сезіледі, әсіресе толық үзілуде жа-рақаттанған бұлшық еттің ойығы байқалады. Бұдан кейін қанды ісіктің пайда болуынан томпайып ісіп тұрады. Әдетте осы бұлшық еттердің атқаратын қызметінің төмендеуі немесе толық жоғалуы байқалады.
Үзілген бұлшық ет бөліктерін шынында жақындастыру жағдайында қозғалтпау қажет. Бастапқы күндері қозғалтылмауы және жарақаттанған жерге суық қойылады. Кейінгі күндері жылы емдеу шаралары қолданылады. Толық үзілулерде операция жасап емдеу-бұлшық еттердің үзілген бөлшектерін қосып тігу қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет