«Электрқауіпсіздігі» дәрістер жинағы 6В11210-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің мамандығы бойынша оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттерге арналған



бет18/57
Дата23.12.2021
өлшемі476,97 Kb.
#127890
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57
Бақылау сұрақтары:

  1. Кернеу қадамы. Адамның тізбекке қосылу сұлбасы.

  2. Ауалық аралықтағы электрлік үзік. Адамның тізбекке қосылу сұлбасы.

  3. Электр тогынан зақымдалушыға көрсетілетін алғашқы көмек.

  4. Ток әсерінен адамды ажырату.


Дәріс 5

Тақырыбы: ЭЛЕКТР ТОГЫМЕН ЗАҚЫМДАНУШЫҒА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК. ТОК КӨЗІНЕН АДАМДЫ АЖЫРАТУ. ӨНДІРІСТІК БАҚЫТСЫЗ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ БОЙЫНША САЛААРАЛЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ. ОҚИҒА ОРНЫНДА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ ӘМБЕБАП СҰЛБАСЫ.
Электр тогымен зақымданушыға алғашқы көмек

Алғашқы көмек екі сатыдан тұрады: жарақат алушыны ток көзінен ажырату және оған алғашқы медициналық көмек көрсету. Ток көзінен жарақат алушыны жылдам ажырату өте маңызды болып табылады және бірден алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісу қажет, себебі жарақаттану салдары токтың өту ұзақтығына байланысты болады.


Ток әсерінен адамды ажырату

Жарақат алушы ток өткізгіш бөлікпенен түйісіп қала беретіні жиі кездеседі және өздігімен сол түйісуден ажырай алмайды, яғни өзі арқылы өткен токты үзуге. Мұның себебі келесілер болуы мүмкін:



Ток ағымы тізбегінен адамды ажырату әртүрлі әдістермен орындалуы мүмкін, бірақ жарақат алушыны ажыратудың бірінші әрекеті, оның қондырғымен түйскен бөлігін электр тогынан ажырату. Электр қондырғысын сөндіру жақын маңдағы ажыратқыштың көмегімен орындалады, сонымен қатар сақтандырғыштарды шешу жолымен жүзеге асырылады. Егер, жарақат алушы биікте болса, онда кернеуді сөндіру оның құлауына алып келуі мүмкін.

Қондырғыны жылдам сөндіру мүмкін болмаған жағдайда (сөндіргіштің ұзақта орналасуы, қолжетімсіздігі) электр тогынан ажыратудың өзге шаралары қолданылады:



Көп жағдай адамның тапқырлығына тәуелді болады. Бірақ барлық жағдайда құтқарушы өзі кернеуге түсіп қалмауы қажет.

1000 В төмен кернеу кезінде келесілер мүмкін:



  • сымдарды үзуге;

  • қолсаптары оқшауланған құралдармен қиюға (егер қарапайым пышақ қолданылса, онда диэлектрлік қолғаптар киу керек).

Әрбір сымды жеке қию керек; жарақат алушыны киімінен ұстап ток өткізгіш бөліктен ажыратады. Жарақат алушының денесінен ұстауға, ылғал киімінен және қоршаған металл заттарды болмайды. Бір қолменен әрекет ету қажет, екінші қолды қалтада немесе арқасында ұстап тұру керек. Егер, денеге қол тигізетін болсақ онда диэлектрлік қолғаптар немесе қолды құрғақ матамен орау керек. Жарақат алушыға құрғақ күртеше, мата, алаша және басқаларын жабуға болады. Ток өткізгіш сымды құрғақ ағашпенен алып тастауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет