4 Дәріс. Диэлектриктердің физикалық процессі. Диэлектрлік шығындардың түрлері. Диэлектриктің тесілуі.
«Электрлік материалдар мен бұйымдар» курсына мыналар кіреді:
Дәрістер 15 сағат
Зертханалық жұмыс 30 сағат (5 зертханалық жұмыс),
Графикалық жұмыстар - 3
Аралық бақылау 2
Емтихан.
Жоспар:
Диэлектрлік шығындардың түрлері.
Диэлектриктің тесілуі
Диэлектрлік шығындар табиғаты Диэлектриктің шығындар деп диэлектриктің қызуын тудыратын электрлік өрістің әсерінен диэлектрикте уақыт бірлігінде таралатын энергияны айтады.
Шығындар мен шығынсыз векторлык диаграмалар және диэлектриктің шығынмен және шығынсыз алмасу сұлбасы (а, б, в).
Газ және сұйық диэлектриктерде тесу кезінде молекулалардың қозғалысы әсерінен, U кернеуінен кейін тесілген бөлік өзінің бастапқы қасиеттерін қалпына келтіреді.
Қатты диэлектриктерді тескен кезде дұрыс емес формалы тесілген, күйдірілген немесе балқытылған тесік ретінде ізі қалады.
Жалғастыратын іздердің пайда болуымен байланысқан қатты диэлектриктің бетін бұзу трекинг деп аталады.
Электроқшаулағыштың номиналды кернеуі Uн тесу кернеуінен Uт аз болуы тиіс.
Газдарды тесу Газдарды азғана ғарыш сәулесінің, жер бетінің радиоактивтігінің әсерінен бір секунд ішінде көлемі 1см3 –де 10÷20 бос электрондар, оң және теріс иондар пайда болады.
Олар бейтарап молекула сияқты, бейберекетсіз жылулық қозғалыста болады. Өріс әсер еткеннен кейін жаңағы бөлшектер қосымша жылдамдық қабылдап, өріс бағытымен немесе оған қарама – қарсы қозғала бастайды.
Бөлшектердің бағыты олардың зарядының таңбасына байланысты. Сол кезде газдағы бөлшектер қосымша энергияға ие болады
мұнда q – заряд;
U – кернеу;
λ – еркін жүру жолының ұзындығы. Егерде өрістің тектестігі жеткілікті болса, онда болады да зарядталған бөлшектердің қосымша энергиясы соқтығысқан молекулаларға беріледі.
Сұйық диэлектрикті тесіп өту
Қалыпты жағдайда сұйық диэлектриктердің газдарға қарағанда, электр беріктігі бірнеше есе жоғарырақ кернеуге өтеді. Кірмелер болғандықтан, бұл заттардың тесіп өту теориясын қалыптастыру қиын. Сұйықтарды электрлік тесіп өту теориясы тек кірмелерден тазартылған сұйықтарға ғана байланысты.
Сол электр өрісінің кернеулігінің өте үлкен мәндерінде электродтардан электрондар ыршып (жұлынып) шығуы мүмкін және зарядталған бөлшектердің келіп соқтығуынан, газдардағы сияқты сұйықтың молекуласы ыдырайды.
Бірақ газға қарағанда сұйықтардың электрлік беріктігінің жоғарылығы электрондардың еркін жолының қысқаруымен анықталады.
Газ қосқыштары бар сұйықтарды тесіп өтуі, сұйықтың бір жерінің қатты қызумен түсіндіріледі, өйткені газдың көбіршіктері сұйыққа қарағанда, өте жеңіл ионданады да, қосымша энергия туғызады. Осы энергияның арқасында екі электродтардың арасында газ каналы пайда болады.
Сұйық диэлектриктің электрлік беріктігін азайтатын, оның құрамындағы ылғалдылығы мен температурасы осыларға қосылып электр беріктігін азайтатын және өрістің түрін өзгертетін қатты түрлі лас қоспалар, тұздар. Сұйық диэлектриктерді осы кірмелерден тазартса, электр беріктігі жоғарылайды.
Қатты диэлектриктерді тесіп өту
Қатты диэлектрикті тесіп өтудің бірнеше түрі байқалады: электрлік, электр жылулық, электр химиялық, электр механикалық ионизациялық денелерді тесіп өту. Диэлектриктердің электрлік тесіп өтуі туралы көптеген теориялар бар, бірақ олардың бірде - біреуі толық аяқталмаған.
Қазіргі уақытта қатты диэлектриктер құрамында соқпа иондану бар екені туралы сөздер айтылып жүр.
Бакылау сурактары: