Электродинами. Тұрақты электр тогы


Электр зарядының сақталу заңы



бет2/5
Дата21.01.2022
өлшемі70,93 Kb.
#112550
1   2   3   4   5
Байланысты:
2914997841980 Дәріс №5

Электр зарядының сақталу заңы


Сыртқы денелермен заряд алмаспайтын немесе әсерлеспейтін электрлік денелердің жиынтығын электрлік тұйық немесе оқшауланған жүйе деп атайды.

Тұйық электрлік жүйедегі зарядтардың алгебралық қосындысы тұрақты болады:





Электростатиканың негізгі теңдеуі

Берілген жағдайда өлшемі мен пішінін ескермеуге болатын зарядталған денені нүктелік заряд деп атайды. Электростатиканың негізгі заңын 1785 жылы француз ғалымы Ш. Кулон тәжірибе жүзінде алды. Сондықтан бұл заң Кулон заңы деп аталады.

Вакуумдегі екі нүктелік зарядтың өзара әсерлесу күші олардың зарядтарының көбейтіндісіне тура пропорционал және ара қашықтықтарының квадратына кері пропорционал

мұндағы: пропорционалдық коэффицент - , - электр тұрақтысы.

Электростатикалық әсерлесу күшін Кулон күші деп атайды. Кулон күші табиғаты жағынан центрлік күштерге жатады, яғни екі нүктелік зарядтың центрлерін қосатын түзудің бойымен бағытталады.



Тәжірибелер екі зарядтың өзара әсерлесу күші, олардың жанына басқа зарядтар әкеліп орналастырғанда өзгермейтінін көрсетеді. Сондықтан берілген зарядтар жүйесіндегі бір зарядқа әсер ететін қорытқы күш оның әрбір жеке зарядпен әсерлесу күштерінің геометриялық қосындысына тең болады







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет