Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы
1826 жыл неміс ғалымы Ом көптеген тәжірибенің нәтижесінде мынадай қорытынды жасады: тұрақты температурада өткізгіштегі ток күші түсірілген кернеуге тура пропорционал және өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болады.
мұндағы: R - өткізгіштің кедергісі, U – кернеу, I – ток күші.
Кедергі - өткізгіштің негізгі электрлік сипаттамасы болып табылады. Өткізгіштің кедергісі оның пішініне, тегіне және температураға тәуелді.
Өлшем бірлігі .
Өткізгіштің кедергісіне кері шама өткізгіштік деп аталады.
Өткізгіш біртекті болса кедергі келесі формуламен анықталады:
,
мұндағы: - өткізгіштің меншікті кедергісі, -көлденең қимасының ауданы, - ұзындығы.
Егер орта біртекті болмаса, онда кедергі келесі формуламен анықталады:
.
Өткізгіштің кедергісінің температураға тәуелділігі келесі өрнекпен анықталады:
,
мұндағы: -кедергінің температуралық коэффициенті.
1) металлдар үшін температура артқанда өткізгіштің кедергісі артады, яғни ,
2) Электролиттер, газдар және жартылай өткізгіштер үшін температура артқанда өткізгіштің кедергісі кемиді, яғни .
Кез-келген тізбекте электр тогы жүру үшін қажетті шарттар:
1. Тізбек тұйықталған болуы қажет.
2. Электр тогын тудыратын ток көзі болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |