Электродинамика. Тұрақты электр тогы. Қозғалмайтын зарядталған денелердің бір-бірімен әсерлесуін зерттейтін электродинамиканың бөлімін электростатика деп атайды.
Табиғатта зарядтардың 2 түрі бар: оң және теріс зарядтар. Бір аттас зарядтар тебіледі, әр аттас зарядтар тартылады.
Зарядталған кез-келген дененің зарядтарының шамасы элементар зарядқа (табиғаттағы зарядтардың ең аз мөлшері) есе түрінде болады.