Оқу мақсаты: Жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстыру;
«Тұрақты магниттер» тест тапсырмаларының жауаптары:

1
2
3
4
5
6
C
B
A
D
C
A
Бұл сабақта біз тогы бар соленоидтың (шарғының) магнит өрісімен танысатын боламыз.
Шарғының магниттік қасиетін оның магнит тілшесіне әсерінен білуге болады. Шарғыда кәдімгі тұрақты магниттер сияқты магнит өрісі болады. Оның полюстерін оң бұрғы ережесімен анықтаймыз.
Ой қозғау
Электромагниттер қалай жұмыс істейді?
Кез-келген қозғалыстағы заряд магнит өрісін тудырады. Сымдардан ағып өтетін ток күші үлкен болмаса, магнит өрісі әлсіз болады. Бірақ сымды катушка қылып орау арқылы үлкен магнит өрісін алуға болады. Сондай-ақ, электромагнитке темір сияқты ферромагнитті материал таяқшасын енгізу арқылы магнит өрісін күшейтуге болады. Электромагниттер өрістің кернеулігі ретінде пайдалы, оны сымдағы токты арттыру немесе кеміту арқылы немесе айналма санын өзгерту арқылы басқаруға болады, және тұрақты магниттен айрмашылығы, электромагниттерді сөндіріп-қосуға болады. Электромагниттер көп жерлерде қолданылады, атап айтқанда, қозғалтқыштарда, дыбыс зорайтқыштарда және көлікті жабуға арналған орталық жүйедегі қуатты құлыптарда пайдаланылады.

Тогы бар шарғының магниттік полюсі болады. Шарғыға енгізілген темір өзекше магниттік әсерді күшейтеді. Магнит өрісінің әсері ондағы ток күшіне тәуелді, яғни ток күшін арттырсақ магнит өрісі күшейеді.