Электрондық және өлшеу техникасының негіздері пәні бойынша №4 зертханалық жұмыс Тақырыбы



Дата08.02.2022
өлшемі41,55 Kb.
#98663
түріБағдарламасы
Байланысты:
4 зертханалық жұмыс


«Электрондық және өлшеу техникасының негіздері» пәні бойынша
№4 зертханалық жұмыс


Тақырыбы: Резисторлы күшейту каскадын зерттеу.
Жұмыстың мақсаты: EWB бағдарламасының көмегімен резисторлы күшейту каскадын зерттеу.
Жұмыстың барысы: EWB бағдарламасының көмегімен 1 суретте көрсетілген резисторлы күшейту каскадын сызындар, 3 вольтметр көрсеткен шамаларын 1 кестеге толтыр.
(Rб1=11N кОм, Rб2=22N кОм, Rк=N кОм, Rэ=N+5кОм, Rкір2=N кОм, Сбаза= N пФ, Сэмитер= N+5 пФ, Скір= 5N+5 пФ, Uкір=10N В, N-нұсқа нөмері).



1 сурет – Резисторлы күшейту каскадтың схемасы


1 кесте


Ек




Uшығыс




Еэм






Қысқаша теоретикалық мәліметтер:
Алдыңғы күшейтудің каскады сигнал көзі мен шығыс каскадының арасында орналасады, олардың қызметі: сигнал көзінен келген сигналды шығыстық каскадының кірісіне қажетті қуатымен немесе кернеуімен жіберу үшін күшейту. Алдыңғы күшейту каскадтың жұмысы дұрыс болу үшін келесі критерийлерді пайдалану керек:
- кернеу мен ток бойынша қажетті күшейту шамасы, Кжалпы = барлық күшейту каскадтарының коэффициенттерінің көбейтіндісі (ОЭ және ОБ тізбектері);
- жоғары сапалық көрсеткіштер (минималды жиіліктік, фазалық және сызықты емес ауытқулар, яғни каскадтарды ең кішкентай дроссель, трансформаторлар, конденсаторлар санымен таңдау керек; А режимін қолдану керек);
Алдыңғы күшейту каскадтарында күшейту элементтері ретінде өрістік, биполярлық транзисторлар мен интегралды микросхемалар пайдаланады. Жиіліктерді күшейту жолағына орай күшейткіштердің үш түрі қолданылады:
1) қысқа жолақты 20Гц...30кГц;
2) 0...10МГц кеңжолақты және импульсты күшейткіштер;
3) қысқа жолақты жоғары жиілікті (резонансты).
Алдыңғы күшейту каскадтарында негізгі каскад болып резисторлы каскад саналады, себебі бұл каскадта реактивті элементтердің ең аз саны қолданылады және олар күшейту коэффициентінің жеткілікті шамасын қамтамасыз етеді.
Резисторлы каскад деп жүктеменің қызметінде резисторды пайдаланатын каскадты айтады. Резисторлы каскадтың шығысындағы тізбегінде тек қана резисторлар немесе резисторлар мен конденсаторлар орналасады. Нәтижесінде тізбекте резисторлы каскад келесі элементпен сыйымдылықты немесе гальваникалық байланыспен байланысады. Транзистор резисторлы каскадтың тізбегінде ортақ эмитермен және ортақ коллектормен қосылады. Трансформаторлы каскадпен салыстырғанда, резисторлы каскад арзан және қарапайым, себебі олар резисторлар мен конденсаторлардың негізінде құрылады, кішкентай өлшемдерге ие, жиілігі кішкентай және бөгеттер мен сызықты емес ауытқыларға ие. Резисторлы каскадтың жұмысын анализдеу кезінде тізбектің элементтерін ең үлкен күшейту мен ең кішкентай жиілікті және фазалық ауытқуларды алуын қамтамасыз ететіндей таңдау керек.
Алдыңғы күшейтудің резисторлы каскадтардың параметрлері мен сипаттамаларды есептеуі ыңғайлы болу үшін эквивалентті тізбектерді пайдаланады. Эквивалентті тізбектер - кез-келген күшейткіш каскадының қарапайым құрылысы болып табылады және оның негізгі қызметтері мен сипаттамаларын көрсетеді. Құрылымдық тізбекті құрастыру үшін принципиалды тізбектердің элементтерінің шартты қысқарту әдістері қолданылады.
Алдыңғы каскадтардың негізгі көрсеткіштері деп кернеу мен тоқтың күшейту коэффициенттерін, жиіліктік ауытқулары мен жиіліктік сипаттаманы айтады. Алдыңғы каскадтарда сызықты емес ауытқулар кішкентай болады, себебі сигналдың амплитудасы мен гармоника коэффициентін анықтаудың қажеті жоқ. Егер де сигналдың амплитудасы жоғары болса, онда бастапқы режим, күшейту режимі мен гармоника коэффициентін динамикалық сипаттамаларымен анықталады. Резисторлы каскадтың ең көп тараған түрі – ортақ эмитері бар транзисторлардағы тізбекті айтады, себебі ол сигналдың ең үлкен күшеюін береді.
Байланыс конденсаторы Сб қарастырылатын каскадтың тізбегіне қосылу керек. Rб1 мен Rб2 ығысу элементтері тыныштық күйдегі режимді орнатады және резисторлы каскадты анализдеу кезінде ескерілмейді. Стабилизация режимінің ең көп тараған түрі – Rэ резистордың көмегімен алынған эмиттерлі стабилизация. Айнымалы ток бойынша кері теріс байланысты алып тастау үшін Rэ резисторы Сэ конденсаторымен тұйықталу керек. Rк коллекторлы жүктемесінде күшейтілген сигнал пайда болады, Сб – байланыс конденсаторы, ол каскадты тұрақты ток бойынша бөліп, сигналды келесі каскадқа жібереді.
Келесі каскадтағы кіріс тізбегінің әсері Rкір2 кіріс кедергісі мен С кіріс сыйымдылығын осы каскадқа паралель қосқан кезінде ескереді. Ал Rкір2 кіріс кедергісі Rб1І мен Rб2І кедергілері мен келесі транзистордың кіріс кедергілерінің эквивалентті кедергісі ретінде есептеледі. Тоқтың тұрақты құраушысы (басқашалап айтқанда коллектордың тыныштық күйдегі ток Іко) кернеудің оң көзінең Rк резисторы, Т транзисторы мен Rэ резисторы арқылы кернеудің теріс көзіне ағады. Тұрақты токтың өтуін қарастырса n-р-n транзистор тізбегінің кернеу көзінің полярлығын ескеру керек. Iко~Iэо ескеріп, коллектор мен эмиттер арасындағы тыныштық күйдегі коллекторлық кернеуді келесі формуламен есептеуге болады:




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет