Электрондық оқыту (e-learning) жүйесібұл жүйені ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді Білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталықтары жүзеге асыруда.
Электронды оқыту мұғалімдердің шығармашылығын дамытудағы маңызды рөлін атқарады. Ұстаздың тақырыпты түсіндіруі барысында сабақ үдерісіне қажетті жеректер мен мәліметтерді ақпарат көздерін қосымша пайдалануға электрондық оқыту жүйе көптеген мүмкіндікке ие.
Электронды оқыту жүйесін мектептерге енгізудің нәтижелі болуына көз жеткізу үшін ең алдымен педагог біліктілігіне, білім жетілдіруге қазіргі саналы ұрпаққа жеткізе білу қажет. Осыған орай қазіргі ұстаздарға жаңа техникалық немесе педагогикалық жаңашылдықтарды өзара шебер үйлестіре алатын маман болуы тиіс.
Интернетте бұл жүйе оқушылар мен студенттер, ұстаздар, өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар, ата-аналар, әкімшілер, тьюторлар және де басқа білім беру салаларында білім беру үдерісіне қатысушылар қолданатын өзіндік Интранет ретінде қызмет етеді. Олардың әрқайсысының өз логині мен паролі болады.
Жүйеге кіргенде пайдаланушының өзінің жеке кабинетіне, яғни өзінің жеке меншік кеңсесіне кіреді, бұл оқушылар мен студенттерге- компьютерлік бағдарламалар бойынша оқуға, басқарушыларға-қашықтықтан басқаруға, ата-аналарға-өз балаларының оқу жетістіктерімен танысуларына үлкен мүмкіндік береді.
Бұл-қашықтықтан оқыту мобильдік өзара әрекеттестік жағдайында білім беру үдерісіне қатысушылардың жаңа қарым-қатынасы арқылы байланыста болса, ең негізгісі, барлық үйренушілерге мүмкіндік беретін оқытудың жаңа парадигмасы болып саналады.
Электронды оқыту ұстаздардың шы,армашыдықпен айналысуына ықпал етсе, балалармен тікелей байланыс орнатуға , қызықты материалдар мен шығармашылық туындыларды жүзеге асыру. Ең бастысы, ата-ана да білім беру үдерісінің белсенді мүшесі болуында.
Ел басы атап көрсеткендей, электронды оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат – білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қолжетімділігін қамтамасыз ету. Білім беру жүйесін басқарудағы басты құрал болуы себепті электронды оқыту жүйесі білім білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтайды.
Сондай-ақ, біріншіден - білімді дамытудың ақпараттық жіне ғылыми – әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден-электронды оқыту жүйесінің кез келген түйініннен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден-білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде қарастырады.
Электронды оқыту жүйесі барлық білім беру мекемелері, ұстаз, оқушы және олардың білім беру ортасында ауысып отыруы туралы мәліметтерді сақтайды. Электронды оқыту өмірімізге енгенге дейін білім алу кітаптың көмегіне сүйенді, теорияны оқуға көп уақыт кетті.
Қазіргі бала нұсқаулықты оқымайды, барлығын іс жүзінде көргісі келеді, эксперимент жасауға қорықпайды, ақпараттар айдынында еркін жүзетін бала керегін ұстаздан бұрын біліп алады. Күнделікті өмірде мынадай жағдай таныс: жаңа теледидардың пультін кім тамаша меңгерген? әрине, жастар. Сондықтан да қазіргі кезде біздің болашақ ұрпағымыздың талабына жауап бере алатындай электрондық оқыту жүйесінің үздік контентін жасақтауды ойлану керек дейді мамандар.
Электрондық оқыту білім беру үдерісінің барлық деңгейлерінде, мектептен жоғары оқу орнына дейін, түбегейлі өзгерістер еңгізуде.
Қазіргі таңда e-learning жүйесін енгізу әлемде жетекші трендтер қатарына қосылды. Өйткені компьютерлік технологиялар кәсіби экзотика қатарынан шыққалы қашан, ол күнделікті өмірдегі қажеттілікке, ең алдымен жастардың қажеттілігіне айналды. Оқушылар мен студенттер компьютерден, планшеттен немесе басқа да жабдықтардан оқулықтар оқуға мүмкіндік алып отыр.
Электронды оқулық сізбен виртуалды әңгімелесе алатын, сұрақтар қоятын, түсінбегеніңізді түсіндіре алатын, қызықтырған мәселені тереңірек зерттеуге мүмкіндік беретін интерактивті білім алу жүйесіне айналды. Бұған қоса заманауи мультимедиялық мүмкіндіктер арқылы ең атақты педагогтар мен оқымыстылардың графика, бейне көріністер пайдаланылған дәрістері мен сабақтарына қол жеткізуге болады.
«Бұл жүйенің артықшылығы неде?» деген сұраққа жауап берер болсақ, электронды оқыту жүйесі еліміздің білім беру жүйесін жаңа сатыға көтерумен қатар, ауқымды жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берері сөзсіз. Дамыған елдердің білім беру жүйесі түсіндіру, жеткізу қағидаларына негізделген дәстүрлі оқыту жүйесінен бас тартып, электронды оқытуға көшкен.
Электронды оқыту әдістемелері ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім бағдарламасын толыққанды меңгеруге жол ашады. Бұл педагогикалық үрдіске тың серпіліс әкеледі. Яғни, оқушының белсенділігін, қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.
Өзіңізге белгілі, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, орта және техникалық жіне кәсіби білім беру ұйымдарында (e-learning) электрондық оқыту жобасын енгізу кезең-кезеңмен жүріп жатыр.
Дегенмен, мектептерде мұғалімдер мен басқарушы қызметкерлердің жұмысын жетілдіруге және жеңілдетуге септігін тигезетін, мектеп пен жұртшылық, мектеп пен ата-ана арасындағы электрондық байланысты жүзеге асыруына, әрбәр оқушыны өз бетімен білім алуына ыңғайлы технологиялардың бірі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мол мүмкіндігін пайдалану өз дәрежесінде қалыптаспай келеді.
Осы оқылықтың алдын-алу , педагог кадрлардың шығармашылық және біліктілік деңгейін арттыру, оқушылардың білімге құштарлығын ақпараттық-коммуникациялық технологияларға деген қызғушылығы арқылы арттырып, білім сапасын көтеру мақсатында Түркестан облысының білім басқармасының тапсырысымен «Түркестан облысының бірыңғай ақпараттық білім беру ортасы» базасында «Он-лайн» платформасы жасақталып жатыр.
Облыс бойынша (e-learning) электрондық оқыту жүйесі 2012 жылы 18, 2013 жылы 27 білім беру ұйымдарына енгізілсе, 2014 жылы 21 білім беру бағдарламасы шеңберінде облыс бойынша білім беру саласында да бірқатар шаралар, атап айтқанда мектеп сайттарының жұмысын жандандыру.
Электрондық оқыту жүйесінде желіде еркін таралатын оқу материалдары бар ашық білім беретін қорлары жасақталып, жасалынған электрондық ақпараттық ресурстары және мультимедиалық білім жасақтамалры еркін аударылып, электрондық оқыту жүйесінде Интернет арқылы қолданылады. Электрондық оқыту жүйесіндегі ақпараттық ресурстарға оқу теледидарының цифрланған материалдары енетін болады. Сандық білім беру ресурстары оқыту үрдісінде бір тұтас ретінде қолданылатын, сандық түрде берілгендердің жиынтығы. Сандық білім беру ресурстары өзара байланысы бар оқыту объектілерінің жиынтығынан тұрады:
• Символдық объектілер (белгілер, символдар, мәтіндер, графиктер);
•Бейне объектілері (фото, суреттер);
• Аудио ақпараттар(ауызшамәтіндер, диалогтар, музыка);
• Видео объектілер(анимациялар, модельдер, видеосюжеттер);
• «Виртуалды нақты» объектілер(тренажерлар, интерактивті модельдер, конструкторлар) Сандық білім беру ресурстарын қолданудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Біріншіден-мұғалім өзбетімен сабағын құрастыра алады. Екіншіден-мұғалім сабағын сандық білім ресурстардың мазмұны негізінде өткізе алады. Үшіншіден-оқушы өз бетімен танымдық іс-әрекет атқарады (мектепте болмаған жағдайда) бағдарламалық оқыту арқылы жүзеге асады.
Біздер смарт қоғамда, басқаша айтқанда ақылды қоғамда өмір сүреміз. Барлық жерде барлық желілерге қол жетімділік бар. Әр адам көпфункциялы құрылғыға ие: смартфон, планшет және т.б. Яғни жастарымыздың қолында осындай мүмкіндіктер бар. Оқушы берілген тапсырмаларға кез келген жерден қалаған уақытында қол жеткізе алады; ақпаратты басқа оқушылармен бірге қолдана алады; мұғалім мен басқа да оқушылармен байланыс жасай алады. Яғни оқушы анағұрлым мол білімдік қорымен болашақ өмірге батыл қадам жасайды. Қорыта айтқанда, электронды оқыту жүйесі төмендегідей ішкі жүйелерден тұрады:
-Ұлттық білімдік мәліметтер қоры;
-Мектептерді басқарудың ішкі жүйесі (мектеп іс қағаздарын жүргізу, т.с.с)
-«Электрондық оқулықтар» ішкі жүйесі-e-Book;
Оқыту үрдісін басқару ішкі жүйесі-LMS;
-Оқу мазмұнын басқару ішкі жүйесі-LCMS;
-Тестіні басқарудың ішкі жүйесі-TMS;
-Дамытуды басқару ішкі жүйесі-DM;
-Мониторинг және талдау ішкі жүйесі,
-Сыртқы ақпараттық жүйелерменбіріктірумодулі. Жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – электрондық оқытужүйесін іске асыру қандай мүмкіндіктер береді?
Таратып айтсақ, электрондық оқыту жүйесінде әкімшілік, директордың орынбасары, мұғалім, оқушы, медициналық қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар әзірленетін болады.
Оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептелік және т.б. жіберу) толтыратын болады.
Ата-аналар қауымы тәрбие мәселелері бойынша кеңестер алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне иеболады. Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады.
Жүйе әкімшісі жергілікті және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.
Электронды оқыту жүйесіне көшу кезеңінде көптеген қиындықтар туындайды:
- интернет желісі жылдамдығының төмендігі;
- жүйедегі сервердің дұрыс жұмыс жасамауы;
- сандық білім ресурстарының пәндік салалардың оқу бағдарламасы бойынша қол жетімділігі;
Мемлекет өз кезегінде ақпараттық технологиялардың дамуына, білім беру мекемелерінің компьютерлік, интерактивті техникамен, мультимедиалық кабинеттермен жабдықталуына жағдай жасап отыр.
Алдағы уақытта да қомақты жұмыстар атқарылады, яғни алдағы жылдар да түбегейлі өзгерістерге толы болмақ. Елбасының биылғы Жолдауында айтылғандай, елді, білім беруді жаңғыртуға атсалысуға біз де ниеттіміз.
Болашақта біз компьютерді өзіміздің ойымызбен басқаратын боламыз!.