- оқу материалының толық мазмұны (схемалар, графиктер, иллюстрациялар, кестелер);
- тапсырмалар жүйесі;
- бақылау тестік жүйесі;
- мәтін бөлігін іздеу жүйесі;
- авторлар жөнінде мәлімет;
- программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі болуы тиіс.
Негізгі бөлім
2.1
тандалған курс бойынша ақпарат жақсы кұрылып және саны шектелген жаңа ұғымдары бар аяқталған курс үзінділері түрінде болғаны дұрыс;
тандалған курс бойынша ақпарат жақсы кұрылып және саны шектелген жаңа ұғымдары бар аяқталған курс үзінділері түрінде болғаны дұрыс;
текстпен қатар әрбір үзінді аудио немесе видео түрдегі ақпараттан түру керек ("жанды лекциялар"). "Жанды лекциялардың" міндетті интерфейс элемент! ретінде лекцияны кез-келген жерінен оқуға мүмкіндік беретін айналдыру мүмкіндігі болуы керек; текстік ақпарат "Жанды лекциялардың" кейбір бөліктерін кайталауы мүмкін;
күрделі модельдер мен қүрылғыларды көрсететін иллюстрацияда тез пайда болатын түсіндірмелер болу керек, олар иллюстрацияның жеке элементтері (карталар, жоспарлар, схемалар) бойынша қозғалысына сәйкес пайда болып және сөніп отырғаны жөн;
керекті ақпаратты іздеу уақытын қыскартуға мүмкіндік беретін көптеген сілтемелермен текстік бөлім камтамасыз етілуі тиіс. Бір пән аумағында арнайы түсіндірме сөздік енгізілген болу керек;
материалдың әдеттегі мазмұнын түсінуге қиын бөлімдері анимация немесе видеоақпарат түрінде берілгені жөн. Бұл жағдайда дәстүрлі оқулықтармен салыстырғанда пайдаланушыға 5-6 есе аз уақыт жұмсалады. Адамға өзі көрмеген кейбір күбылыстарды (сарқырыма, өрт, т.б.) түсіндіру өте қиын. Видеоклиптер уақыт масштабын өзгертуге және кұбылыстарды демонстрациялауды жылдамдатуға, баяулатуға, немесе үзіндісін таңдап демонстрациялауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде электронды оқулықтарға келесідей талаптар қойылады: