Электростатика Бақылау сұрақтары



Дата10.12.2022
өлшемі9,25 Kb.
#162209
Байланысты:
Электростатика


Электростатика
Бақылау сұрақтары

  1. Зарядтың сақталу заңы қалай аталады?

  2. Элементар зарядтың мәні неге тең?

  3. Электростатиканың негізгі теңдеуін беріңіз.

  4. Электр тұрақтысының мәні неге тең және өлшем бірлігі қандай?

  5. Электр өрісінің суперпозиция принципін беріңіз.

  6. Электр өсрісінің потенциалының анықтамасы қалай анықталады?

  7. Вакуумдегі электр өрісі үшін Остроградский-Гаусс теоремасын қорытып шығарыңыз.



1.Сыртқы денелермен заряд алмаспайтын немесе әсерлеспейтін электрлік денелердің жиынтығын электрлік тұйық немесе оқшауланған жүйе деп атайды.
Тұйық электрлік жүйедегі зарядтардың алгебралық қосындысы тұрақты болады:
.
2.Элементар заряд — .
3.Электростатиканың негізгі заңын 1785 жылы француз ғалымы Ш. Кулон тәжірибе жүзінде алды. Сондықтан бұл заң Кулон заңы деп аталады.
Вакуумдегі екі нүктелік зарядтың өзара әсерлесу күші олардың зарядтарының көбейтіндісіне тура пропорционал және ара қашықтықтарының квадратына кері пропорционал
,
мұндағы: пропорционалдық коэффиценті — ,
4. - электр тұрақтысы. Өлшем бірлігі .
5.Қозғалмайтын N зарядтан тұратын электрлік жүйенің тудыратын қорытқы электр өрісінің кернеулігі жеке зарядтар тудыратын электр өрістерінің кернеуліктерінің геометриялық (векторлық) қосындысына тең болады.
.

6.Электр өрісінде орналасқан нүктелік зарядтың потенциалдық энергиясының осы зарядтың шамасына қатынасын электр өрісінің потенциалы деп атайды.
,
Өлшім бірлігі — .
7.Тұйық бет арқылы өтетін кернеулік векторының ағыны деп осы бетті тесіп өтетін электр өрісі кернеулік векторының осы беттің ауданына скаляр көбейтіндісіне тең шаманы айтамыз.
Электр өрісі біртекті болған жағдайда электр өрісінің кернеулік векторының ағыны келесі формуламен анықталады:
,
мұндағы: - тұйық беттің ауданы, - осы ауданға тұрғызылған нормаль вектор.

Кез келген өрістер үшін келесі формула қолданылады:


,
мұндағы: элементар аудан арқылы өтетін кернеулік векторының ағыны. Кез келген аудан арқылы өтетін кернеулік векторының ағыны:
.
Нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулік векторының ағынын табайық.

Радиусы -ге тең тұйық сфералық беттің центрінде заряды -ға тең нүктелік заряд орналассын.


.
Нүктелік зарядтың кернеулік векторы екенін ескерсек
.

Вакуумдегі электр өрісі үшін Остроградский-Гаусс теоремасы:
Тұйық бет арқылы өтетін кернеулік вектордың ағыны осы бет қамтитын зарядтың шамасына тура пропорционал болады.
.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет