Конденсатор сыйымдылығы
Конденсаторды 1,4 кВ кернеуге дейін зарядтағанда ол 28 нКл заряд болатын болса, конденсатордың сыйымдылығы қандай?
Мектеп конденсаторының ең үлкен сыйымдылығы 58 мкФ. Оны 50 В-қа тең тұрақты кернеу көзінің полюстеріне қосқанда ол қандай заряд жинақтайды? Конденсаторда 100 пФ; 300 В деген жазу бар. 50 нКл заряд жинақтау үшін осы конденсаторды пайдалануға бола ма?
3 см болатын өткізгіш шардың электрсыйымдылығын анықтаңыз. Шар ауада орналастырылған.
Конденсатордың пластиналарының жұмыстық аудынын 2 есе, ал олардың арақашықтығын 3 есе кемітсе, конденсатордың сыйымдылығы қалай өзгереді? 6.Ауа конденсатордың пластиналары арасындағы кеңістікке қатты диэлектрикті енгізгенде конденсатордың кернеуі 400 В-тан 50 В-қа дейін кеміген. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі қандай?
7.Сыйымдылықтары C1 = 20 мкФ, С2 = 25 мкФ және С3 = 30 мкФ конденсаторларды тізбектей жалғанған. Тізбектің жалпы электрсыйымдылығын анықтаңыз.
8.Әрқайсысының сыйымдылығы 2 мкФ болатын конденсаторлар параллель жалғанған. Жалпы сыйымдылықты анықтаңыз.
9.Батареяның сыйымдылығы 160 пФ болу үшін сыйымдылығы 800 пФ конденсаторға тағы да
10.Сыйымдылықтары сәйкесінше C1=0,1 мкФ, С2=0,4 мкФ және С3=0,52 мкФ болатын конденсаторлар тізбектегідей жалғанған. Конденатор батареясының электрсыйымдылығын анықтаңыз.
11.Сыйымдылықтары С1=С2=2мкФ, С3=С4=С5=6мкФ болса, конденсаторлар батареясының сыйымдылығы қандай?
12.Суретте берілген конденсаторлар батареясының жалпы сыйымдылығын анықтаңыз. Әр конденсатордың сыйымдылығы C=1 мкФ. 13.Сыйымдылықтары С1=5 мкФ және С2=8 мкФ конденсаторлар тізбектей жалғанып, ЭҚК-і ε=80 В болатын ток көзіне қосылған. Конденсаторлардағы q1 және q2 зарядтарды және әр конденсатордың пластиналарының арасындағы потенциалдары айырымын U1 және U2 анықтаңыз.
14.Конденсатор пластиналарының әр қайсысындағы заряд шамасын 2 есе ұлғайтса, конденсатор энергиясы қалай өзгереді?
15.Сыйымдылықтары С1=1 мкФ,С2=3 мкФ, С3=5 мкФ үш конденсатор берілген. Осыларды қосып қандай ең үлкен сыйымдылық алуға болады?
16.Сыйымдылықтары С1=2 мкФ және С2= 4 мкФ болатын тізбектей жалғанған екі конденсатор кернеуі U=120 В тұрақты ток көзіне қосылған. Бірінші конденсатордағы кернеуді анықтаңыз
17.Конденсатордың электрсыйымдылығы 0,25 мкФ, ал пластиналарының арасындағы потенциалдар айырмасы 400 В болса, конденсатордың энергиясын анықтаңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |