Электростатика және тұрақты ток



Дата07.02.2022
өлшемі13,29 Kb.
#84791
Байланысты:
Электростатика және тұрақты ток (1)


Электростатика және тұрақты ток

1. Қабырғалары 0,1 м квадраттың төбелерінде біраттас зарядтар орналасқан. Олар квадраттың ортасында 500 В-қа тең потенциалды тудырады. Зарядты анықтаңдар.


2. Екі бірдей заряд ауада бір-бірінен 0,1 м қашықтықта орналасқан. Біреуінен 0,06 м және екіншісінен 0,08 м қашықтықта жатқан нүктеде өріс кернеулігі 10 кВ/м. Осы нүктеде өріс потенциалын және заряд шамаларын анықтандар.
3. 1 нКл зарядтар қабырғасы 0,2 м тең қабырғалы үшбұрыш төбелерінде орналасқан. Үшбұрыштың бір қабырғасының ортасында орналасқан төртінші зарядқа әсер ететін нәтижелі күш 0,6 мкН. Осы заряд шамасын және ол орналасқан нүктеде өріс кернеулігін және потенциалын анықтандар.
4. Екі параллель жазықтық 2 және 4 нКл/м2 зарядтардың беттік тығыздығымен біраттас зарядталған. Өріс кернеулігін а) жазықтықтар арасында; б) жазықтықтардан тыс аумақта анықтандар.

5. Біртекті зарядталған шексіз жазықтықтың зарядтың беттік тығыздығы 30 нКл/м2. Осы жазықтықпен жартылай қиылатын диаметрі 15 см сфера беті арқылы өтетін кернеулік векторының ағының анықтандар.


6. 1 нКл заряд шексіздіктен, 10 Кл/м2 беттік тығыздықпен зарядталған, радиусы 0,1 м металл сфераның бетінен 0,1 м қашықтықта жатқан нүктеге тасымалданады. Зарядты тасымалдау жұмысын анықтаңдар.
7. 1 нКл заряд, 0,2 мкКл/м2 біртекті беттік тығыздықпен зарядталған шексіз жазықтыққа тартылды. Егерде өріс күштерінің зарядты тасымалдау жұмысы 1 мкДж болса, заряд жазықтықтан қандай қашықтықта орналасты?
8. Зарядтың беттік тығыздығы 10 мкКл/м2 біртекті зарядталған шексіз жазықтық өрісінде, заряд жазықтықтан 0,1 м қашықтықта жатқан нүктеден 0,5 м қашықтықтағы нүктеге орын ауыстырады. Егерде атқарылған жұмыс 1 мДж болса, заряд шамасы қандай?
9. Радиусы 2 см зарядталған шардың центрінен 25 см қашықтықта жатқан өріс нүктесінің потенциалын анықтаңдар, егерде шардың потенциалы 300 В болса.
10. Сыйымдылығы 6 мкФ конденсатор сыйымдылығы белгісіз конденсатормен тізбектей жалғанған және олар 12 В тұрақты ток көзіне жалғанған. Екінші конденсатордың сыйымдылығын және әрбір конденсатордағы кернеулдерді анықтаңдар, егерде батарея заряды 24 мкКл болса.
11. Кедергісі 5 Ом өткізгіш ұштарында кернеу 0,5 с ішінде бірқалыпты 0-ден 20 В дейін артады. Осы уақыт ішінде өткізгіш арқылы қандай заряд өтеді?
12. Автомобиль аккумуляторының электрқозғаушы күші 12 В. 3 А ток күшінде оның п.ә.к-і 0,8-ге тең. Аккумулятордың ішкі кедергісін анықтаңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет