Электроталдау. Тәсілдің теориялық негіздері. Қышқылды-негізді көлемді талдау



Дата22.12.2021
өлшемі61 Kb.
#127679
Байланысты:
Хим.анализ емтихан сұрақтары


  1. Электроталдау. Тәсілдің теориялық негіздері.

  2. Қышқылды-негізді көлемді талдау.

  3. Бөлшектеп тұндыру әдісі. Мысал келтіру.

  4. Гидролиздену константасы және дәрежесі әр түрлі жағдайлар үшін. Мысалдар.

  5. NаOH ерітіндінің нормальды концентрациясын және титрін есепте. 0,15090 г қымыздық қышқылы өлшендісін титрлеу кезінде 24,60 мл NаOH жұмсалды .

  6. Гравиметриялық анализдегі тұнба түрлері.Тұну жағдайлары.

  7. 200 мл HNO3 ерітіндісі құрамында 20 г HNO3 бар. Берілген ерітіндінің тығыздығы ρ =1,063г/см3 HNO3 проценттік концентрациясын табыңдар .

  8. Күшті электролиттер теориясы. Иондық күш және активтілік.

  9. 0,1 моль/л натрий ацетаты ерітіндісіндегі сутек иондары концентрациясын есептеңдер.

  10. Титрлік анализдегі жұмысшы ерітінділер. Фиксаналдар .

  11. Титрлеудің тәсілдері: тура, кері, орын басу.

  12. 200 мл 0,5 н күкірт қышқылының ерітіндісін дайындау үшін неше грамм H2SO4 қажет?

  13. Индикатор жіберетін қателіктер, оларды есептеу.

  14. Тотығу-тотықсыздану реакциясының бағыты.Нернст теңдеуі.

  15. 100 мл 0,1 М калий ацетаты ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм тұз қажет ?

  16. Көлемді талдаудың тұнба түсіру тәсілі.

  17. Коллоидтық жүйелердің түзілуі. Коагуляция. Пептизация.

  18. Тұздар эффектісі. Еру және түну құбылыстары.

  19. ТNaOH/ HCl=0,005630г/мл натрий гидроксидінің күкірт қышқылы бойынша титрін есепте.

  20. Ерігіштік көбейтіндісі. Ерігіштік түсінігі.

  21. 25 мл NaCl ертіндісін титрлеуге 21,14 мл 0,1145 М AgNO3 жұмсалады. Натрий хлоридінің нормальдық концентрациясын есепте.

  22. 400 мл ерітіндіде 5г CuSO4 ерітілді. Мыс сульфатының молярлық концентрациясы неше тең ?

  23. Редоксиметрияның принципі. Редоксиметрия әдістерінің түрлері.

  24. Тотығу-тотықсыздану тәсілі бойынша титрленген диаграммалар.

  25. 0,4668 г Na2B4O7·10H2O (бура) титрлеуге 18,38 мл HCl ерітіндіcі жұмсалды. Тұз қышқылының молярлық концентрациясын есепте

  26. Еріген заттың массалық үлесі (W%). Молярлық және нормальдық концентрация

  27. Титриметриялық анализ. Реакцияға қойылатын талаптар . Эквиваленттер заңы.

  28. 15г натрий нитратын 35 г суда еріткен кезде алынған ерітіндінің проценттік концентрациясы нешеге тең ?

  29. Гравиметриялық анализ.

  30. Бөлшектеп тұндыру.Тұнуға қажетті жағдайлар.

  31. 0,185г химиялық таза натрий оксалатын қышқыл ортада титрлеуге 21,25 мл KMnO4 ерітіндісі жұмсалады. Осы ерітіндінің нормальдық концентрациясын есепте

  32. Электрогравиметрия және электротитриметрия әдістері.

  33. Индикатор электродтары, салыстырмалы электродтар.

  34. 250 мл сулы ерітіндіде 10,5г натрий фторидінің молярлық концентрациясы нешеге тең ?

  35. Индикатордың көрсеткіші, бояудың ауысу аралығы.

  36. 0,2156 г химиялық таза Na2CO3 титрлеуге 22,35 мл Ba2+ ерітіндіcі жұмсалады . Ва2+ ионының нормальдық концентрациясы қандай ?

  37. Комплексонометриядағы титрлейтін реагенттер.

  38. Титрленген (стандарт ) ерітінді. Алғашқы стандарттар.

  39. Тұндыру әдісі. Тұну толықтығына әсер етуші жағдайлар.

  40. 500 мл 10% ерітінді дайындау үшін қанша грамм натрий хлориді қажет ?

  41. Жұмысшы ерітінділер. Қышқылды-негіздік әдістегі жұмысшы ерітінділер.

  42. Қышқылды-негізді титрлеуді тамақ өндірісінің технологиялық процесстерін бақылау үшін қолдану.

  43. Май қышқылының С3Н7СООН диссоциациялану константасы 1,5·10-5. Оның 0,005 М ерітіндідегі диссоциялану дәрежесін есепте

  44. Қышқылды - негіздік титрлеу әдісі . Жұмысшы ертінділер .

  45. Комплекстік қосылыстар Химиялық анализ негіздері.

  46. Тұндыру әдістері, титрлік анализ. Аргентометрия.

  47. 60 г суда 10г натрий сульфаты ерітілді . Еріген заттың массалық үлесін тап.

  48. Тотығу-тотықсыздану потенциалы және оны әр түрлі факторларға байланыстылығы.

  49. Рефрактометриялық тәсіл теориясы.

  50. 200г суда 20г KCl ерітілді. Ерітіндінің проценттік концентрациясы қандай ?

  51. Титрлеу қисықтары . Күшті негізді күшті қышқылмен титрлеу.

  52. Гравиметриялық анализ әдісінің жіктелуі .

  53. 20 мл 0,1н қышқыл ерітіндісін бейтараптау үшін 8 мл NaOH ерітіндісі қажет. 1л ерітіндіде қанша грамм NaOH бар?

  54. Электрохимиялық анализ әдістері.Электрогравиметрия түсінігі.

  55. Ертінділер. Ертінділер концентрацияларының түрлері.

  56. 18°С кезінде 500 мл суда 0,0166г Аg2CrO4 ериді. Осы тұздың ерігіштік көбейтіндісі нешеге тең ?

  57. Перманганатометрия және йодометрия – тотығу-тотықсыздану тәсілдері.

  58. 500 мл ерітіндіде 6,3г HNO3 бар. Ерітіндінің молярлық концентрациясын анықта

  59. Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісі.

  60. Аналитикалық реакциялар мен реагенттер. Оларға қойылатын талаптар.

  61. Гравиметриялық анализ негіздері.Тұнатын пішін және гравиметриялық пішін.

  62. 0,1М НСN ерітіндісінің рН мәнін есепте.

  63. Гравиметриялық анализ. Өлшеу талдауының қағидасы.

  64. Судың иондық көбейтіндісі және рН мәні. Реакция ортасын анықтау әдістері.

  65. Комплексонометриялық титрлеу.

  66. 40 мл сілті ерітіндісін бейтараптауға 24 мл 0,5 н H2SO4 ерітіндісі жұмсалды . Сілті ерітіндісінің нормальдығы қандай?

  67. Оптикалық (спектральды) талдау әдістері.

  68. Перманганатометрия және йодометрия әдістерімен заттарды анықтау.

  69. Кондуктометриялық титрлеуде қолданылатын әр түрлі реакциялардың түрлері.

  70. Хроматография тәсілдерін қолдану. Әр түрлі хроматографияда қолданылатын сорбенттер, алып жүруші еріткіштер, анықтағыштар.

  71. 25,0 мл иод ерітіндісін титрлеген кезде 22,15 мл 0,1313М тиосульфат ерітіндісі жұмсалады. Иод ерітіндісінің молярлық концентрациясын есепте.

  72. 200 мл 0,1М тұз қышқылының ерітіндісін дайындау үшін неше грамм HCl қажет?

  73. Тұндырғышқа қойылатын талаптар.Тұну жағдайлары.

  74. Әлсіз электролиттер теориясы . Оствальд заңы.

  75. 0,1122 г K2Cr2O7 өлшендісіне артық мөлшерде КI және тұз қышқылын қосты. Бөлінген иодты титрлеуге 22,35 мл Na2S2O3 ерітіндісі жұмсалады. Тиосульфат ерітіндісінің молярлық концентрациясын есепте.

  76. 0,2 н ерітіндідегі хлорлылау қышқылының НОСl диссоциациялану дәрежесін тап.

  77. Электролиттік диссоциация теориясының негізгі ұғымдары.

  78. Судың диссоциациясы, сутектік көрсеткіш. Ерітінділердін рН және рОН анықтау

  79. 0,1 М ерітіндідегі калий ацетаты ерітіндісінің рН мәнін есепте.

  80. 0,12М натрий форматы ерітіндісінің гидролиздену константасы мен дәрежесін есептеңдер.

  81. Аттас иондардын әсері. Буферлік ерітінділер.

  82. Адсорбциялық спектроскопия әдісі.

  83. Тұндыру әдістерінде эквиваленттілік нүктесін анықтау тәсілдері

  84. Тұздың гидролизі дегеніміз не?

  85. Қышқыл ортада 10 мл KMnO4 ерітіндісінде KI артық мөлшерін қосты. Бөлінген иодты титрлеуге 9,7 мл 0,04841н натрий тиосульфатының ерітіндісі жұмсалады. KMnO4 титрі және нормальдық концентрациясы қандай?

  86. Гравиметриялық анализ туралы жалпы түсініктеме

  87. 1л 15% (р=1.09г/см3) ерітінді дайындау үшін қанша грамм Na2HPO4·12H2O қажет?

  88. Электролиттік диссоциация теориясы. Иондык тепе-тендіктердің ығысуы

  89. Ион активтілігі дегеніміз?

  90. Қымыздық қышқылының 0,861 грамын 250мл колбада ерітті. Ерітіндінің нормальдық концентрациясын есепте.

  91. Полярография. Амперметрлік титрлеу

  92. Пирохимиялық әдіс дегеніміз?

  93. Егер титрі 0,02446г/мл болса , күкірт қышқылы ерітіндісінің нормальдық концентрациясын есепте.

  94. Хроматография әдісі туралы жалпы сипаттама

  95. Флуоресценттік әдіс дегеніміз?

  96. Титрі 0,001150 г/ мл 15,00 мл құмырсқа қышқылын титрлеу кезінде 12,50 мл калий гидроксиді ерітіндісі жұмсалды. КОН ерітіндісінің титрін және нормальдық концентрациясын есепте?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет