Электротехника негіздері. Негізгі анықтамалар. Электр энергиясын әртүрлі салаларда қолдану


Тұрақты ток тізбегінің электрлі сызықты тізбектері



бет2/2
Дата24.07.2023
өлшемі24,56 Kb.
#179592
түріҚұрамы
1   2
Байланысты:
1 Дәріс (1)

1.1 Тұрақты ток тізбегінің электрлі сызықты тізбектері.
Электротехника өте кең ұғым. Жалпы алғанда, электротехника деп электр энергиясын өндіруді, тасымалдауды және таратуды қарастыратын ғылым мен техниканың саласын айтады. Электротехника бейэлектртехникалық мамандықтар үшін әртүрлі технологиялық үрдістерде жиі қолданылатын, кең тараған негізгі электрлік қондырғылардың жұмысын түсіну үшін жалпы мағлұмат беретін пән болып есептелінеді. Сондықтан электротехникада тұрақты және айнымалы электр токтары мен тізбектерінің, трансформаторлардың, электрлік өлшеуіш аспаптардың, электр машиналарының құрылысы, әрекеттік парқы және кейбір техникалық параметрлері мен сипаттамалары қарастырылған. Практикалық маңызды саналатын басқару және қорғау аспаптары мен құрылғыларынан, электрлі жетек және электрмен жабдықтаудан да қажетті көлемде мәліметтер келтірілген.
«Электротехника» пәнін оқытудың мақсаты – студенттерді электроэнергетика жүйелерінде қолданылатын электрлік қондырғылар мен аспаптардың теориялық негіздерімен таныстырып, оларда жүріп жататын электромагниттік үрдістерді модельдеуге, талдауға және есептеуге үйрету нәтижесінде болашақ мамандардың электротехника
саласы бойынша ғылыми көзқарастарының қалыптасып, жетілуіне мүмкіншілік тудыру, практикада кездесетін электротехникалық мәселелерді ғылыми тұрғыдан түсініп, дұрыс шешімдерін таба білуге дағдыландыру.
Қазіргі кезде адамның барлық материалдық және рухани қажеті - үй-жайы, киім-кешегі, тамағы, көлігі, байланыс және жол-қатынас, кино, теледидар т.б. құрал-жабдықтары электр энергиясын пайдалану және қолдану арқылы өндіріледі, іске асырылады. Электр энергиясы адамзат қолданымындағы басқа энергия түрлерімен салыстырғанда әмбебап
энергия болып отыр. Өйткені электр энергиясын басқа энергияларды түрлендіру арқылы оңай алуға, аса көп шығынсыз алыс жерлерге жеткізуге және тұтынушылар арасында оңай таратуға болады. Электр энергиясын пайдалану электрлік және магниттік құбылыстардың нәтижесінде жүзеге асатын жаңа технологиялық үрдістерді туғызады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет