- Электрондардың белгілі бір бағыт бойынша қозғалуы және электр тогының тууы барлық материалдарда бірдей мүмкін бола бермейді. Мысалы, фарфорда, резинкада, мраморда, шақпақ тас, бос электрондар жоқ, барлық электрондар ядромен байланысқан. Сондықтан, электр өрісінің зарядтары электрондарды нақты бағыт бойынша қозғалта алмайды және ондай материалдарда ток жүрмейді. Ондай материалдар диэлектриктер мен изоляторлар деп аталады.
-
- Диэлектриктерге ауа, газ, шақпақ тас, мрамор, пластмасса, лак және эмаль, электрофарфор, лактыматалар, шыныталшықтар және т.б материалдар жатады.
-
- Керісінше, металдарда бос электрондар көп және электр өрісі күшінің әсер етуінен электр зарядтарының қозғалуы жүзеге асады. Сондықтан металл арқылы ток жүреді. Электр тогын өткізетін материалдар өткізгіштер деп аталады.Алғаш рет өткізгіштердің сипаттамаларыXIVғ. келтірілген. Оларға металдар, тұз, қышқыл ерітінділері және үгінділер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |