Заряд бірлігіне әрекет ететін күшке тең қатынасы электр өрісінің күштік сипаттамасы болып табылады және осы нүктедегі электр өрісінің кернеулігі деп аталады. [ E = 1 Н / Кл ]
Нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігі өріс көзінің зарядының модуліне тура пропорционал және көзден өрістің осы нүктесіне дейінгі арақашықтықтың квадратына кері пропорционал.
Электр өрісін графикте кескіндеу үшін ағылшын ғалымы Фарадей Е өріс кернеулігінің күш сызықтарын салуды енгізді. Электр өрісінің күш сызықтары деп өрістегі оң зарядталған бөлшекке әрекет ететін күштің бағытын көрсететін сызықтарды айтады.