Әлем мұсылмандарының басым бөлігін сунниттер құрайды. Ал сунниттердің өзі төрт құқықтық мектепке, яғни мәзһабқа бөлінетіні белгілі. Олардың арасында Ханафи мәзһабы — барша мұсылмандардың 48 пайызының басын біріктіріп отырған жол



бет1/2
Дата25.04.2023
өлшемі22,53 Kb.
#175339
  1   2
Байланысты:
әбу ханифа


Әбу Ханифа (699—767,

  • Әлем мұсылмандарының басым бөлігін сунниттер құрайды. Ал сунниттердің өзі төрт құқықтық мектепке, яғни мәзһабқа бөлінетіні белгілі. Олардың арасында Ханафи мәзһабы — барша мұсылмандардың 48 пайызының басын біріктіріп отырған жол.

Имам Шафиғи Əбу Ханифаның біліміне таңырқап, «Адамдар фиқһ ғылымында Əбу Ханифаға қарыздар. Кімде-кім Əбу Ханифаның кітаптарын оқымаса, ғылымға бойламағаны жəне фиқһ ілімін мүлдем білмегені» деп, оның білімінің телегей теңіз екендін мақтанышпен айтып кеткен. 
Толық аты - Әбу Ханифа Нұғман ибн Сәбит. Азан шақырып қойған аты ән Нұғман болғанымен, Әбу Ханифа атанып кеткен. «Ханифа» араб сөздігінде «белбеуге қыстырылған жазу құралы»деген мағынаға саяды. Әрдайым іліммен шұғылданғанғаннан кейін осылай атаса керек.


  • Оның тағы бір лақап аты «Имам ағзам», яғни Ұлы имам.

  • Әбу Ханифа ұстазы Хаммадтан жүйелі түрде 18 жыл бойы білім алды. Ұстазы дүниеден өткенге дейін, одан ажырамады. 

  • 16 жасында әкесімен бірге алғаш рет қажылық өтеген. Өмірінің соңына дейін, 55 мәрте қажылық парызын өтеу бұйырыпты.

  • Әбу Юсуф жеткізгендей, Имам Ағзам әр түні екі рәкағат намазда Құранды толық оқып шыққан.

  • Түнде алған дәреті таң намазына дейін бұзылмай, бір дәретпен оқыған. Ұйқы дәретті бұзады десеңіз, ғалым түнгі ұйқысын ғылымға, құлшылыққа арнады. Әбу Ханифаның әйелі: «Оның ұйқымен өткізген ешбір түнін көрмеппін. Ол жаздың күндері бесін мен екінті намазының аралығында, және қыста түннің алғашқы бір бөлігінде ұйықтайды», - деп айтқан.

  • Ибрахим ибн Саид әл-Жағфар жеткізгендей, Әбу Ханифа күніне 1 динар садақа беруді міндет санаған. Ол отбасына жұмсайтындай қаражатты қайырымдылыққа қиған мейірімді жан.

  • Әбу Ханифаның толық аты ән-Нұғман ибн Сабит ибн Зәута. Зәутаның баласы Сәбит, Сәбиттің баласы Әбу Ханифа Ән-Нұғман. Ал Әбу Ханифаның баласы Хаммад, Хаммадтан екі ұл тарайды: Омар мен Исмайл.

  • Имам Шафи: «Адамдар фиқһ ғылымында Әбу Ханифаға тәуелді», – десе, имам Малик: «Әбу Ханифаның ой қисындылығының қуаттылығы сонша, егер ол талды алтын десе, соны дәлелдеп береді», – деген. Мұсылмандардың арасында кең тараған мазһаб – Ханафи мазһабы. Тоғызыншы ғасырдан бастап, қысқа мерзім ішінде Ханафи мазһабы Анатолия, Балқан, Солтүстік Кавказ, Еділ аймағы, Орта Азия, Қытай, Үндістан, Ауғанстан төңірегіне және Индонезия аралдарына тараған. Әрі Ханафи мазһабын Алтын Орда хандары, Ұлы Моғолдар және Осман сұлтандары ұстанған. Қазіргі уақытта Ханафи мазһабын ұстанушылар саны жүз миллионнан астам.

  • Білімінің тереңдігімен, әділеттілігімен танылған Әбу Ханифаны халық өте құрметтеген. Хаммад ибн Сүлеймен дүние салғаннан кейін, Әбу Ханифа оның орнын басып, Куфадағы білім ордасын басқару ісін қолға алды. Фикһ ілімінің білгірі ретінде Әбу Ханифаның атағы барша мұсылман әлеміне кең тарап, шәкірттер одан үйрену үшін, жан-жақтан ағылып келетін болған. (Айта кетейін, фикһ — қоғамдағы өзара қарым-қатынас, әдет-ғұрыптардың шариғатқа сәйкес тәртіп-қағидаларын үйрететін ілім. Бұл ілім маманын факиһ, яғни «мұсылман заңгері» деп атайды.)

  • Қасиетті Құран Кәрімге сүйене отырып 69 000 күрделі мәселеге пәтуә берген.

  • Ал «әбу» сөзінің аудармасы «әке» болғанымен, ол жетекші, басшы деген мағынада да қолданылады.

Әңгімелер



  • Әбу Ханифаның ата-анасының шаңырақ құруы жөнінде мынадай әңгіме таралған. Сәбит жастайынан иман ойлаған, өте тақуа адам екен. Бірде арық бойында жуынып тұрғанында, ағып келе жатқан алманы көреді. Алмаға қызығып, аузына апарады. Алманы жеп тұрып оған: «Бұл жемістің иесі бар шығар? Оның рұқсатын алмағаным қалай?..» — деген ой келіпті. Сөйтіп, алманың иесін іздеп, арық бойымен өрлеп келе жатып, бір баққа тап болады. Оның иесін іздеп тауып, алманы рұқсатсыз жегені үшін кешірім сұрайды. Бақ иесі де жай адам болмаса керек, Сәбитті сынап көру үшін: «Кешірім бере алмаймын. Қайткенде де разылығымды аламын десең, үш жыл менің үйімде қызмет етесің, арғысын тағы көрерміз» — дейді. Үш жыл қызмет еткеннен кейін Сәбит үйіне қайтуға рұқсат сұрайды. Сонда бағбан: «Енді бір шартымды орындасаң, разылығымды беремін» — дейді. Сәбит бұған келісіпті. Бағбан оған: «Менің көзі көрмейтін, құлағы естімейтін, қол-аяғы сал әрі мылқау қызым бар. Соған үйленесің» — дейді. Сөйтіп, Сәбит пен бағбан қызының некесі қиылыпты. Бірақ қыз әкесі айтқандай емес, сап-сау әрі көрікті боп шығады. Сәбит қыздың әкесіне барып, мұның сырын сұрағанда, ол: «Қызым ұят нәрселерге қарамайды, сондықтан соқыр дедім. Ұят, балағат әңгімелерді, өсек сөзді тыңдамайды, сондықтан керең дедім. Тыйым салынғанға қол созбайды, лас жерге бармайды, сондықтан да қол-аяғы сал дедім. Жаман сөз айтпайды, сондықтан мылқау дедім. Сен маған бір көргеннен-ақ ұнасаң да, үш жыл сынадым. Сенің адалдығыңа көз жеткізгеннен кейін, қызым екеуіңді бір-біріңе лайық көрдім» — деп жауап беріпті.

Әбу Ханифаның ата-анасы осындай жандар болған…




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет