Сабаќтыњ таќырыбы: Дос



бет1/3
Дата11.01.2023
өлшемі51 Kb.
#165308
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
«Дос. Жолдас. Құрбы-құрдас»
Апай доклад


Сабақтың тақырыбы: «Дос. Жолдас. Құрбы-құрдас»
Сабақтың мақсаты: Достық туралы жақсы пікір қалыптастыру;
Оқушылардың достық туралы ой-пікірлерін дамыту;
Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу; адал дос таба білуге баулу.
Сабақтың әдісі: Пікір-талас
Сабақтың көрнекілігі: Достық туралы нақыл сөздер.
Сабақтың мазмұны:

ән: «Қайдасыңдар, достарым»


Жүргізуші: Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын-жазушыларға қоса, ұстаздар мен педогог-психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам кемде-кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын келелі орнына, зло маңызына байланысты екені даусыз.
Біз бүгін 11 сынып оқуышлары мен мектеп түлектері-студенттер арасында «Дос. Жолдас. Құрбы-құрдас» деген тақырыпта пікірлесу кешін ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз кешегі шәкірттеріміз – бүгінгі студенттер мен бүгінгі шәкірттеріміз – ертеңгі студенттердің достық туралы ой пікірлерін білу, достықты қадірлей білуге шақыру, адал дос таба білуге баулу, яғни Мұса Жәлел айтқандай:
«Шын дос үшін қалайда
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда
Досың менен қасыңды». Сіздерді біз «достық» туралы тақырыпта сырласуға шақырамыз. Ойларымызды жинақтап алғанша «Достар» әнін тыңдайық.
Жүргізуші: Ең әуелі «Достық туралы» ұлы ғұлама, ойшылдардың айтқан сөздерінен үзінділер келтірейік.
Зәуре: Ерте заманның ойшылы және асқан шешен, ежелгі рим мемлекет қайраткері Марк Туллий Цицерон «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады,»-дейді. Достық адамның өмірдің өзіндей сан бояулы, көп қырлы қаситетті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес. Әйтсе де, ұлы шешеннің жоғарыда келтірілген сөздерінде ұғымның басты мәндері көрегендікпен ашып көрсетілген.
Майра: Ал, ежелгі грек философы, ғалым, ойшыл Аристотель былай деген екен: «Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес».
Жүргізуші: Жақсы, енді достық туралы ойларыңызды білейік.
О қ у ш ы л а р д а н «д о с т ы қ» т у р а л ы о й л а р ы н с ұ р а у.
Жүргізуші: Қандай адамдар досқа лайық?
Жақсылық: Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір-біріне тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын-қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Абай армандағандай, сын сағатта «Мұнан менің қай жаным аяулы»,-деп, қасыңда бірге тұрып қана алатын адам ғана досқа лайық.
Жүргізуші: Дұрыс айтасың. Енді, мына бір көрініске назар аударалықшы.
1 – көрініс
Марал етігі жыртылып қалғандықтан сабақтан бірнеше күн қатырынан қалды. Оны сыныптасы Қарлығаш іздеп үйіне келді.

  • Марал, көптен сабақта жоқсың ғой. Ауырып қалған жоқсың ба?

  • Жоқ, ауырған жоқпын. Етігім жыртылып қалды. Жаңасын алатын үйде ақша болмай тұр.

  • Мен етігімді жөндетіп алып келе жатыр едім. Менің әзірше киетін етігім бар ғой. Сен кие тұр

  • Мамаң ұрыспай ма?

  • Мамама түсіндіріп айтамын ғой.

  • Рахмет! (Марал етікті киіп алады да бірге шығып кетеді



Жүргізуші: Парсы жазушысы Кабустың әйгілі !Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» - деп сұрапты. Жанышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген дос емес, ақыл берген дос» деген мақал бар. Сондағы жаңағы Қарлығаштың қылығы достық па?
Т а л д а у
ӘН: «Достарым» (Гүлмира)
Жүргізуші: Бұрынғылар айтқандай, адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтан ол жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарта, бөтен жерде болсын, ұғынысып, түсінісетін, жарасып, жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан іздейді. Бұл - өте қажет те табиғи тілек. Әйтпесе халық саналығы «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын», - демес еді. Енді келесі көрініске назар аударалық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет