Сабаќтыњ таќырыбы: Дос



бет2/3
Дата11.01.2023
өлшемі51 Kb.
#165308
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
«Дос. Жолдас. Құрбы-құрдас»
Апай доклад
2-көрініс
Бір топ оқушы өзара әңгімелесуде. Оқшау бір оқушы тұр. Топ оқушының арасынан біреуі жеке тұрған оқушыны көрстіп еді, топ оқушылар қолдарын сілтеп, жақтырмаған ыңғай білдірді
Жүргізуші: «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны - өлгені, қайғының бәрі соның басында»,- депті Абай атамыз. Бір топ оқушының қылықтары дұрыс па? Өзара достыққа лайықты жандар ма? Осындай достарың болғанын қалайсың ба?
Т а л д а у
ӘН «Жан досым» (Нұрбибі)
Жүргізуші: Итальян жазушысы, драматург, ақын Александр Мандзони: «Достық өмірдің ең зор қуаныштырының бірі, онан да зор қуаныш – сырыңды айтатын адамның болуы» - деген екен. Енді тағы бір көрініске назар аударалық.
3-көрініс
2-ші көріністегі қайталанады. Жеке тұрған оқушының қасына біреуі барады. Екеуі мәз болып шығып кетеді.
ДАУЫС: Үш күннен соң...
Жеке оқушы топтың қасына келіп: «Білесіңдер ме, Ақзира маған өзінің кіммен жүретінін айтты...»
Бәрі шығып кетеді.
Жүргізуші: Қай кезде де, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау керек. Американ саяси қайраткері физик Бендами Франклин айтқандай, досты асықпай таңдаған жөн. Ол да күтіп, аялауды, бағып – қағуды қажет етеді. Ал, ұлы Абай: «Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас», - деген екен. Жаңағы көріністегі кімдікі достық?
Т а л д а у
ӘН: «Мейірімді досым» (Гүлзия)
Әскербай: Достық - әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір-біріне пейілі – ықыласы түскен, жан жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сиымды адамдар ғана дос бола алады. «Сенің досың кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып беремін» - деген екен ғой бір дана кісі жаңа танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің мағынасы: достар жан дүниесі, ой өрісі, талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан жақын болады дегенге меңзейді.
Қайрат: Махамбет Өтемісұлы айтпақшы: Жақсыменен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп.
Жаманменен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп. Яғни Кенжегүлдей (жеке оқушы) адам – жаман дос.
Анар: Ал меніңше Әл-Фараби айтқандай: « Өрге жүзген өнегелі ісімен адал дос тап тең құрбыңның ішінен»,- деген нақылды білмеген Ақзираның (екінші оқушы) қылығы үлкен қателік.
Гүлзия: Достықтың өміршеңдігі екі жақтың ешқашан әділдіктен аттамауында. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ»,- дейді халық даналығында. Көңіліңнен шыққан, сынақтан өткен адам дос болатыны белгілі. Тегі кез-келген екі аяқты, жұмыр басты пенденің бәрі бірдей болмаса керек. Ниеті таза, жөні түзу, жан дүниесі сау адамдар ғана дос болуға жарайтыны – шындық. Жаңағы көріністен Кенжегүл мен Ақзираның достығы ұзаққа бармайды.
Майра: Халықта: «Досыңнан тап!» - деген қарғысқа жақын сөз бар. Бұл – достың бәрінің бірдей еместігін, адамға ең ауыры – досыңның арамдығы, екі жүзді опасыздығы екенін еске салатын сөз. Шынында да, ішек – қарнына дейін түгел білетін адамыңның қасыңа айналуынан, қарсыласың жаққа шығып кетуінен қауіпті, қатерлі, өкінішті не бар?! Бұдан дос-дұшпаныңды айыра білудің қаншалықты маңызды екені көрінеді. Әйтпесе опық жеп, бармағыңды тістеп қалуың оңай. Сондықтан достықтың белгісі – достың сырын өз сырыңдай сақтау. Даналар айтқан ғой: «Сыр сақтау тіліңнің астына шоқ салып алғаннан да қиын», - деп. Тіліне ие бола алмайтын жеңілтек пәтуасыз жандарға досым ғой деп, сыр ашу жамандыққа апарып соқтыруы мүмкін.
Жүргізуші: Француз философы, жазушы Жан-Жак Руссо, грузин ақыны Шота Русташвели, ағылшын жазушысы Генри Фильдинг, т.б. сияқты даналар бнйне бір келісіп алғандай: «Тұрақсыз достан да дос болмағаны жақсы, тіпті дұшпаныңның өзі артық», - дейді. Жан-Жак руссо айтқандай «Екі жүзді адамның жау болғанынан да дос болғаны қауіпті», - дейді. Мұны қалай түсінесіздер?
Т а л д а у
ӘН: «Іңкәр жүрек» (Бекмырза)
Жүргізуші: ағылшын философы, Фрэнсис Бэкон: «Достық қуанышты екі еселеп, қайғының жартысын азайтады», - деген екен. Тағы да көрініске назар аударалық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет