Пән: Қазақ тілі
|
Оқу орны: «Құрылыс колледжі» КМҚК
|
Күні: 2021ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Қалиасқарова Жаңанұр Морякқызы
|
Сынып: 10
|
Қатысқаны: 15 Қатыспағаны: 0
|
Бөлім: 5
|
Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма
|
Сабақ тақырыбы
|
Заманауи сәулет туындылары. Ел астанасы – сәулет өнерінің жаңа тынысы. Қос нүкте.
|
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
10.1.2.1 – мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.3.4.1 – оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп
жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу;
10.4.5.1 – сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін, қос нүктені қолдана білу
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды танып, қолданады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: оқылым және тыңдалым материалдарын конспектілейді, негізгі ақпаратты іріктеп, жинақтайды.
|