Әлем музейлерінің тарихы
114
сіншілер мен суретшілердің еңбектерінің барлығы осында
шоғырланған болатын.
Кеңес кезеңінде галереяның коллекциясы 12 есеге ӛсті, оның
ежелгі орыс ӛнері бойынша жинақтарының сапасы мен кӛлемі
жағынан әлемде ешкім тең келе алмайды.
Онда сақталған 5000 иконның ішінде аса қҧнды туындылар
Андрей Рублевтің «Троицасы» мен «Богоматерь Владимир»
иконасын ерекше атауға болады.
Галереяға Кеңес кезеңінде тҥскен ХVІІІ-ХІХ ғғ. бірінші
жартысында және ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы сурет ӛнер
шығармалары ӛзінің қҧндылығымен ерекшеленеді. Олардың
қҧрамына: П.А. Федотовтың «Световство майора», А.А. Иванов-
тың «Явление Христа народу», В.А. Серовтың «Девочка с
персиками», т.б. шығармалары кіреді.
И.И. Левитанның «Весна – большая вода», В.Г. Перовтың
ертеректе салған еңбектері және В.И. Суриковтың кӛптеген
этюдтары және т.б. кӛптеген суреттер қосылған ХІХ ғ. ІІ жар-
тысындағы ӛнер экспозициясы да байи тҥсті.
Третьяков галереясының жинағына жылда ӛтетін кӛптеген
кӛрмелерден суреттер тҥсіп отырады.
Галереяның ғылыми-зерттеу қызметі ӛте жоғары дәрежеде
десе болады. Мҧнда асыл қазыналарды сақтау, қорғау ісі,
реставрация бӛлімі кең ауқымды жҧмыс атқаруда.
Бҥгінде бҧл галерея келушілері кӛп ірі музейлердің бірі
болып табылады. Мҧнда жылына бір жарым миллионнан аса
келушілер келетін кӛрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: