Әлем музейлерінің тарихы оқу құралы



Pdf көрінісі
бет8/54
Дата22.10.2022
өлшемі1,93 Mb.
#154592
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54
Байланысты:
treatise18582
Физика каз 2рейтинг, ұлпан рецензия (копия)
Сҧрақтар: 
1. Эллиндік дәуір жинақтарының ерекшеліктері неде? 
2. А. Македонский салғызған Александрия қаласының кереметтерін 
сипаттаңыз. 
 
3 - т а қ ы р ы п 
 
Ертедегі Римнің жеке жинақтарының
қалыптасуы мен сақталуы 
 
Тибр ӛзенінің жағалауында қалыптасқан Рим олигархтық 
республикасы, біртіндеп Апенин тҥбегін толық қамтып, кейін 
ірі мемлекет дәрежесіне де жетіп, Жерорта теңізін тҥгелдей 
ӛзіне бағындырған болатын. Б.з.д. ІІІ ғ. оңтҥстік Италия мен 
Сицилия сияқты бай грек отар жерлерін басып алып, б.з.д. ІІ ғ. 
Македония, балкандық Грекияны, Пергам патшалығын, ал б.з.д. 
30 ж. Египетті иеленеді. Рим жеңімпаз қолбасшыларының 
жемісті жорықтарының нәтижесінде қару мен дҥниенің, жердің, 
жеңген халықтың дәстҥршілдік еңбектегі жетістіктерін, бейне-
леу ӛнері мен рухани мәдениеттің жетістіктерінің иесіне айнал-


Т.Н. Мұхажанова 
15 
ды. Рим тҥгелімен дерлік грек қҧдайларын қабылдап, оларға 
бодандыққа ҧшырайды және жаңа аттарды қабылдап, нәтиже-
сінде, жаңа әдебиеттер дҥниеге келген.
Грек ӛркениеті ықпалының негізінде ӛнер шығарма туынды-
ларына қызығушылықтары артқан. Айталық, б.з.д. 272 жылы 
Рим легионерлері Тарент қаласын жаулап, еліне оралғанда 
оларды 
қарсы 
алған 
кӛпшілікке 
дәстҥр 
бойынша 
қарсыластарының сынған қаруларын кӛрсетпей, керісінше, 
тонаған картиналарын, алтын бҧйымдарын паш етіп масаттана 
мақтанған. Рим тарихын зерттеуші ғалымдардың мәлімдеуінше 
ежелгі Рим қҧндылықтар жҥйесінің ӛзгеруі, б.з.д. 212 жылы 
Марк Клавди Марцелл бай Суракуз қаласын жеңіп, ондағы 
кӛркемӛнер туындыларын астанаға жеткізген. 
Антика дҥниесінің данышпан тарихшысы Плутарх: «Сура-
кузды жеңгенге дейін Рим сҧлулық пен байлықты білген жоқ, 
себебі варвар халықтарымен кҥресте жеңген жауынгерлердің 
олжасы тек қанға боялған сауыттар мен қалқандар болып келді», 
- деп жазады
1
. Сондықтан Марцелл бай олжамен қаланы 
әсемдеп, грек дҥниесінің керемет туындыларына толтырғаны 
ҥшін ерекше қҧрметпен атаққа ие болған. Сонымен қатар Плу-
тарх былай деп те қапаланған: «соғысқа ҥйренген Рим халқын 
Марцель гректің мҥсіндері мен тартымды туындыларына қарап, 
уақыттарын босқа ӛткізуге жҧмсауға ҥйретті».
Дегенмен Марк Клавди Марцель гректер алдында дӛрекі 
римдіктерді Элладаның тамаша сҧлулығын бағалауға және мақ-
тан тҧтуға ҥйреттім деп масаттанған. 
Сонымен, б.з.д. ІІ-І ғғ. грек ӛнерінің шығармалары Римге ӛте 
мол келіп жатқан. Мысалы, б.з.д., 168 жылы Македон патша-
сының жеңімпаздылығын паш еткен мерекеде, бірінші кҥні 
кӛпшілікке 250 ірі арбаға толтырылған мҥсіндер, картиналар, 
грек шеберлерінің қҧмыраларын кӛрсетсе, тойдың екінші және 
ҥшінші кҥндері қаруларын, алтын-кҥміс толтырылған ыдыстар-
ды, патшаның әшекей заттарын паш етіп, Римнің қазынасын екі 
есеге кӛбейтті. 
Б.з. 59 жылы Рим легионерлерінің жеңімпаз ісін Помпей 
жалғастырған. Байлыққа кӛмілген Римде грек ӛнерін қҧрметтеп, 
1
Плутарх. Сравнительные жизнеописания. 


Әлем музейлерінің тарихы 
16 
оны жинаумен айналысқан белгілі тҧлғалардың саны кҥн сайын 
арта тҥскен. Айталық, кӛлемді картиналар мен мҥсін, 
қолданбалы ӛнер туындыларын алғаш болып жинаған Афина 
қаласын жаулаушы Рим диктаторы Корнелли Сулла болды. Ол 
б.з.д. 59 ж. Эпидавр қаласындағы Александрия мен Олимптегі 
Зевс храмдарының байлығын иеленген. Ал б.з.д. 59 ж. Марк 
Скавр грек қаласы Сикионнан танымал бейнелеу мектебінің 
барлық картинасын қарызға батқан шаруалардан арзан бағаға 
сатып алып, бай коллекционерге айналған. 
Римнің коллекционерлері ішінен Цицерон мен оның досы 
Аттика және танымал қолбасшы, сӛзге шешен ақын Асини 
Поллионды, сенатор кіші Плиниді атап ӛтуге болады.
Жеке коллекционерлердің қатарының кӛбейуімен бірге же-
келеген кӛркемӛнер әмбебап базары қалыптаса бастаған. Б.з. І ғ. 
Рим қоғамында ӛнер туындыларының аукциондары мен кӛрме-
лерінің жиі ҧйымдастырылуы, ҥйреншікті ӛмірге айналған. 
Рим форумының маңында «қасиетті жол» бойында ӛнер 
шығармаларын сататын орын негізделген. Шығармалардың 
тҥпнҧсқалығын ажырататын эксперт және арнайы кеңесшілер-
дің саны мен сапасы арта тҥскен.
Рим коллекционерлерінің ішінен табиғи заттарды жинауда 
Помпейдің орны ерекше. Сонымен қатар кӛне дҥниенің 
қҧндылықтарын бағалай білген император Август (б.з.д. 27- 
б.з.14 ж.) болды. Император Август Капри атты вилласында си-
рек кездесетін заттар мен жануарлардың қалдықтарын жинаған. 
Бірақ та Рим коллекционерлері картиналарды жинауға 
ерекше кӛңіл бӛлген. Сонымен қатар грек шеберлерінің қолы-
нан шыққан бағалы тастарды, қҧмыралар, кҥміс пен алтыннан 
жасалған бҧйымдар, піл сҥйектерінен жасалған мҥсіндер, тіпті 
тасбақа, алтын жіптен тоқылған шығыс кілемдерін де жинау 
әдетке айналған.
Тау хрусталі мен Балтиядан әкелген янтарь ӛте жоғары 
бағаланған, тіпті янтарьдан жасалған мҥсіннің қҧны бір қҧлмен 
тең болған. Геммаларды иемдену ҥшін кҥрес жҥрген. Бағалы 
және жартылай бағалы тастан, темірден кесіп жасалған бҧл 
геммалар қҧнды зат болып есептелген. Айталық, Вена 
кӛркемӛнер-тарихи музейінде антикалық дҥниенің керемет ӛнер 


Т.Н. Мұхажанова 
17 
туындысы, император Август бейнеленген – Август геммасы 
сақтаулы тҧр. Бҧл бейне агат тасынан жасалған. 
Рим коллекционерлері ішінен геммаларды алғаш болып жи-
наған Марк Скавр болды, одан кейін ҧлы Помпей понт патшасы 
Митридатты жеңіп Юпитер Капитолий храмының кӛлемді 
жинақтары 2000 бӛлшектен тҧратын геммаларды, алты дакти-
лиотекті иеленіп, кейін Венера храмына сыйға тартқан. 
Бейнелеу ӛнері мен мҥсін коллекционерлерінен Цицерон, 
Асини, Поллион, кіші Плиниді атауға болады.
Философ Сенеки Неронның қҧрметіне император Помпей 
ғажап сарай қҧрылысын жҥргізіп, ішіне жинақтарын сақтаған. 
Б.з. 69 жылы Флави династиясының билікке келуіне 
байланысты Нерон резиденциясы қиратылып, оның орнына 
Әлемнің храмы Колизей амфитеатры салынған. 
Қорыта айтқанда, кӛне антика дҥниесінің коллекционерле-
рінің қалыптасуы Рим императорларының жемісті соғыстары-
ның нәтижесінде грек жерінен тҥскен олжадан байлыққа ке-
нелген. Нәтижесінде, Рим патшалары мен философ ақындары 
грек ӛнері мен мәдениетінің ғажап туындыларын жинақтауға 
қҧлшыныс танытқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет