Әлем музейлерінің тарихы оқу құралы


Т.Н. Мұхажанова  67  10 - т а қ ы р ы п



Pdf көрінісі
бет19/54
Дата22.10.2022
өлшемі1,93 Mb.
#154592
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54
Байланысты:
treatise18582
Физика каз 2рейтинг, ұлпан рецензия (копия)
 


Т.Н. Мұхажанова 
67 
10 - т а қ ы р ы п 
 
Лондон ҧлттық галереясы 
 
Лондон ҧлттық галереясында әлемдегі ең керемет еуропалық 
сурет коллекциясы сақтаулы. Музей 1824 жылы Лондонда Пэлл-
Мэлл кӛшесінде ашылған. Жылдар ӛткен сайын музей қорлары 
кӛбейіп, 1838 жылы музей Трафальгарск алаңына жаңа ғима-
ратқа кӛшірілді. Аталмыш ғимарат 
Уильям Уиликинстің
жобасы 
бойынша салынған. Ҧлттық галереяға шамамен 2000-ға жуық 
жҧмыс жиналған және мӛлшерінің аздығына орай әлемнің ірі 
музейлерінен анағҧрлым тӛмен тҧратыны да сондықтан. 
Дегенмен музей жәдігерлерінің қҧндылығына орай ол маңызды 
орын алады. Музейде ХІІІ-ХІХ ғасырларға жататын Еуропаның 
атақты кӛркемсуретшілердің шығармалары кезең бойынша 
кӛпшілікке ҧсынылған. Итальяндық Аппенин жарты аралында 
ең танымал картиналар жиынтығының таңдаулылары жиналған. 
Бҧл туындылар әлемдегі шедеврлер болып саналады. Атап 
айтсақ, «Крещение Христа», Пьероделла Франческо «Покло-
нение волхвов», Сандро Боттичелли «Мадонна со Светой Ан-
ной», Леонардо да Винчи «Мадонна Алсидей», Рафаэль 
«Мадонна с младенцом» және «Мятым Иоанном Микеландже-
ло», «Поколение волхов», Джорджоне «Вакх и Ариадна», Ти-
циан «Встреча в Эймаусе», Микеланджело да Караваджо «Пир 
Клеопатры», Джовании Батист Тьеполо «Битва при Сан-Рома-
но» сияқты танымал картиналарының қҧндылығы зор. Сонымен 
қатар галереяда Рогира Вандер Вейденнің, Ганс Мемлингтің, 
Иеронимус Босхтың, Питер Брейгельдің, Рембрандтың, Питер 


Әлем музейлерінің тарихы 
68 
Паул Рубенстің, Антониса Ван Дейктің және тағы басқа нидер-
ландылық және фламандық жинақтары жеткілікті. Сонымен 
қатар Ян Ван Эйканың «Портрет четы Арнольфини» және Ян 
Вермераның екі тақтасы музейдің мақтанышы. 
Музейде ағылшын кӛркемсуреті Тейт галереясындағыдай 
толық кӛрсетілмеген. Ҧлттық галереяда Д. Рейнолдсті, Джоан 
Констеблдің, Джон Кроумның, Уильям Тернердің және тағы 
басқа кӛптеген шеберлердің жҧмыстары безендіріліп қойылған. 
Залдың кӛркі, ең керемет тақта ағылшын авторы Уильям 
Хогарттың «Модный брак» және «Девушка с креветками», 
сонымен қатар Томас Гейнсброның «Утренняя прогулка» атты 
шедеврлері болып табылады.
Сонымен қатар музей ішінде испандық коллекциялар да 
қызығушылық танытады. Атап айтсақ, Эль Греко Диего Велас-
кес, Бартоломе Эстебан, Мурило, Хусепе Рибера, Франсиско де 
Сурбаран, Франческо де Гойе сынды ҧлы шеберлердің туын-
дылары.
Музейде Еуропаның танымал кӛркемсурет шеберлерінің де 
жҧмыстары орын алған. Ҧлттық галереяны әсемдеп тҧрған 
туындылар – ҥлкен Лукас Кранх, Ганс Гольбейн, Альберх Дю-
рер, Никола Пуссен, Клод Лоррен, Филипп де Шампань, Камиль 
Коро, Эдуард Манэ, Оноре Далье, Поль Сезанның тақталары.
Сҧрақтар: 
1. Лондон ҧлттық галереясының ашылу тарихын сипаттаңыз? 
2. Галерея шедеврлерін атаңыз. 
3. Нидерлан және фламандық жинақтардан мысал келтіріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет