Есептеулер бойынша дамушы елдерде шамамен 1 млрд. адам ауыз суға
толық жете алмай отыр. Жалпы адамзаттың 20% таза ауыз суға тапшы болып
отыр. Су жетіспей отырған елдерге Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия
мемлекеттері жатады. Су мен су ресурстарының жетіспеуі көптеген Оңтүстік
Африка елдерінің дамуында да тежеуші факторлардың бірі болып тұр.Өте
үлкен мөлшерде суды Еуропа елдері қолдануда. Адамның денсаулығы судың
тазалығы мен оның санитарлық жағдайларды жақсартудағы ролімен тікелей
байланысты. Адам санының өсуінің нәтижесінде судың жетіспеуі су
дағдарысына алып келуде. Қазіргі уақытта шамамен 2 млрд. адам
канализациясы бар жағдайға қол жеткізе алмай отыр, 5 млн. адам, оның
ішінде 2-3 млн. балалар, жыл сайын таза судың жетіспеуіне байланысты әр
түрлі аурулардан өлуде. Қаладағы су құбырларынан басқа сулар табиғи
ресурстарға жатады және қоғамдық меншіктілікке қарайды. Жер үсті немесе
жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің немесе басқа
заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады. Егіншілікпен айналысатын
аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушы көзі болып табылады.
Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен,
мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мал
шарушылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі табыс көзі болып табылады.
Алайда 100 мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны миллион
халқы бар қаламен бірдей ластандырады.
Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30-дан 50
млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі. Оның әр тоннасы 12 км2 суды қабықшамен
жаба алады. 0,05 мг/л мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал
концентрациясы 0,5 мг/л болғанда көптеген су ортасымен байланысты
ағзалар тіршілігін жояды. Ластанудың әсерінен балықтар мен тағы басқа
ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: