Әлемдік ландшафттану мәселелері



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата05.12.2022
өлшемі9,13 Mb.
#161377
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әлемдік ландшафттану мәселелері (1)

Таза ауыз су проблемасы


Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде
мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы
заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға
мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік
ететін организмдердің құрып кетуіне немесе шектен тыс көбеюіне
алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының (Asteroіdea) тым көбейіп
кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде
“тікенді шеңбер” қалыптасуда.
Қазіргі кездегі ең үлкен проблема -мұхиттың мұнаймен және мұнай
өнімдерімен ластануы. Мұхиттың мұнаймен ластануының басым
бөлігі теңіз транспортының және қала аумақтарынан шайып
әкелетін мұнайдың үлесіне тиеді. Мұхитты мекендеушілер үшін,
әсіресе, организмнің ішіне еніп кеткен жағдайда токсикалық әсер
ететін, мұнайдың ерігіш компоненттері қауіпті. Мұнайдың төгілуінің
ең бір ауыр зардабы -су бетінде жұқа мұнай қабатының пайда болуы.
Онда газ алмасу бұзылады, жарықтың суға өтуі нашарлайды,
фотосинтез жүрмегендіктен фитопланктон қырылады. Мұнайдың
ауыр компоненттері (мазут) су табанына шөгеді, бұл бентостың
өлуіне әкеліп соғады. 
Әлемдік мұхит
проблемалары


Күкірт оксиді – қышқыл жаңбырдың пайда болуына ықпал ететін негізгі
ластаушы. Күкірт ангидриді су буларымен қосылып, күкірт қышқылы
ертіндісіне айналады. Қышқылдық жанбырдың түзілуіне SO2 үлесімі 70%
құрайды. Ал 20-30% қышқылдық жаңбырлар басқа заттардың, әсіресе СО2,
шығаруларына байланысты.
Алғашқы қышқылдық жаңбырлар 1907-1908 жж. Англияда тіркелген. Қазіргі
уақытта жаңбырдың рН 2,2-2,3. Мұндай мәндер лимон шырыны немесе
тұрмыстық уксустың қышқылдығына жақын. Әсіресе, қышқылдық жаңбырлар
Скандинавия елдері үшін, Англия, Германия, Белгия , Дания, Польша, Канада,
АҚШ солтүстік аудандарына тән.
Қалаларда 70-90% атмосферадағы ластану, соның ішінде қашқылдық
жаңбырлардың түзілуіне автотранспорт себепті. Қышқылдық жаңбырлардың
жағымсыз әсерлері әрқилы. Олар топыраққа, су экожүйелеріне, өсімдіктерге,
архитектуралы ескерткіштерге, басқа құрылыс обьектілерге әсер етеді.
Қышқыл жаңбырлар топырақ құрамына еніп,өсімдіктердің өсіп-жетілуіне
қорек болатын қажетті заттармен бірге улы ауыр және жеңіл металдардың
еруіне мүм-кіндік туғызады. Өз кезегінде улы заттар келеңсіз жағдайларға
алып келеді. Мысалы, аздап қышқылданған судағы алюминий мөлшерінің 0,2
мг/л балықтар үшін өте қауіпті, сонымен қатар ағаштардың өсуін
тежейді.Қышқыл жаңбыр әсерінен ормандардың құрғақшылыққа және ауруға
төзімділігі нашарлайды.Ал орман – табиғат санитары.Барлық тірі ағзаның
тыныс алуына қажетті оттегінің мөлшеріне де әсер ететіні белгілі. Жаңбыр
тамшыларында еріген күкірт қышқылы атмосферада тұман түзіп, адамдардың
аллергия және басқа аурулармен науқастануына әкеледі. Қышқыл
жаңбырларды болдырмаудың негізгі тәсілі техникалық қондырғыларды
қолдану арқылы күкірт және азот оксидтерін атмосфераға жібермеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет