Əлемнің саяси жүйенің трансформациясы
Саяси жүйе - билікті жүргізуші əлеуметтік топтар, таптар,
ұйымдар мен
мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда
тұрақтылық пен тəртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен
институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет,
саяси
партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар жəне т.б. жатады.
XX
ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ -та пайда болған, ғылыми жəне білімдік
пəн; 350 жылдан астам үстемдік еткен Вестфальдық жүйенің орнына
келген, жаһандану жағдайында қалып- тасқан əлемнің жаңа саяси жүйесін
зерттейді. - Вестфаль жүйесі Еуропадағы отыз жылдық соғыс аяқталып,
1648 ж. Вестфаль бейбіт келісіміне қол қойылғаннан кейін құрылды.
Ұлттық егемендік принципін негізгілердің бірі ретінде мойындап,
Вестфаль бейбіт келісімі жаңа сая¬си қатынастарға жол ашты. Ол бойын-
ша мемлекеттік егемендік ұғымы орны- ғып,
кез келген мемлекет өз
аумағында толық билікке жетті жəне сыртқы сая- сатын дербес
анықтайтын болды. Бүл құқық басқа мемлекеттермен де мойындалады.
Өзіне тəн басқару тетіктері мен аппараты, саяси жəне құқықтық
нормалары бар ішкі жəне мемлекетаралық қатынастар жүйесі қалыптаса
бас- тады. Осы уақыттан бастап мемлекет əлемдік саяси жүйені құрайтын
"молекула" күйіне түсті. Классикалық Вестфаль жүйесінде халықаралық
қарым- қатынас мүшелері - қандай да бір міндеттерді шешуде коалицияға
бірік- кен немесе өз беттерінше əрекет еткен тек мемлекет болды. Саяси
қатынастарды талдаумен айналысатын ғылымдар да пайда болды:
мемлекетті талдау деңгейінде - саясаттану; мемлекеттердің қарым-
қатынасы деңгейінде - халықаралық қатынастар.
Елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын
саясиинституттардың,,
ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың
жиынтығы.
Бұл барлық органдары бар мемлекет;; қызметтерінде айқын саяси бағыты
бар партиялар мен қоғамды ұйымдар, қатаң саяси реңкі болмаса да,
мемлекеттің саясатына манызды əсер
ете алатын,
(кəсіподак,кооперативтік , діни жəне т.б.) қоғамдық, ұйымдар, сондай-ақ
өскелен ұрпакты тəрбиелеу мен білім беруді (мектеп,институт,театр)
жүзеге асыратын барлық мекемелер.
Кейбір саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесіне заңға енгізілген
идеялар, принциптер, идеологиялар,,моральды,
сондай-ақ саяси мақсатты
көздеген жекелеген адамдардын қызметін қосады.
Саяси жүйелердің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ.
Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси
жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тəртібіне
қарай тоталитарлық,авториталдық жəне демократиялық деп бөлінуі.
Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны
мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:
1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді
қабылдағанда меншікке иелік етуі,
жекешілдік, еркіндік сияқты
құндылықтарды басшылыққа алады;
2) коммунистік жүйе. Ол əлеуметтік игілікті тең белуге бағдар
ұстайды;
3) дəстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси жəне
экономикалық үстемдігіне негізделеді;
4) Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе.
Онда авторитарлық басқару белең алады;
5) авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда əлеуметтік жəне
экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке
қатысуына шек қойылады.
Г.Алмонд саяси мəдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде
саяси жүйені: ағылшын-американдық,
құрылықтық-еуропалық, жарым-
жартылай индустрияланған, тоталитарлық деп жіктейді. Саяси жүйенің
ағылшын-американдық түрі ондағы саяси мəдениеттің
бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Құрлықтық-еуропалық
саяси жүйенің саяси мəдениеті, ұстанатын құндылықтары əр түрлі келеді.
Жарым-жартылай индустрияланған саяси жүйеге аралас мəдениет
тəн. Тоталитарлық саяси жүйеде саяси мəдениеттің таптық сипаты бар.