Еленовка орта мектебі әдістемелік жұмыс есебі. 2014-2015 оқу жылы Еленовка орта мектебі әдістемелік бірлестік тақырыбы: «Тұлғаны-бағдарлы оқыту-оқушылардың білімі мен тәрбие сапасын көтеру факторы»



бет1/52
Дата25.03.2017
өлшемі8,41 Mb.
#12265
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
КММ Еленовка орта мектебі.
2014-2015 оқу жылы.

Еленовка орта мектебі әдістемелік жұмыс есебі.

2014-2015 оқу жылы Еленовка орта мектебі әдістемелік бірлестік тақырыбы:



«Тұлғаны-бағдарлы оқыту-оқушылардың білімі мен тәрбие сапасын көтеру факторы»

  1. Мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін арттыру;

  2. Жаңа иновациялық технологияларды игеру, оларды оқу үрдісінде қолдану;

  3. Жаңа методикалық оқыту әдісін белсенді түрде қолданып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

  4. Әдістемелік жұмыстың түрлерін өзгещелендіру;

Әдістеме формаларының түрлері:

  1. Тақырыптық-педагогикалық кеңестер.

  2. Әдістемелік кеңестер.

  3. Әдістемелік бірлестіктер.

  4. Мұғалімнің білімін жетілдіру барысында тәжірибе алмасу;

  5. Ашық сабақтар.

  6. Шығармашылық есептер.

  7. Педагогикалық кеңестер.

  8. Семинарлар.

  9. Педагогикалық мониторинг.

  10. Мұғалімдердің білімдерін жетілдіру.

  11. Аттестация.


2014-2015 оқу жылы Еленовка орта мектебінде белгіленген жоспар бойынша 5 әдістемелік отырысы болып өтті. ӘБ жетекшісі мектеп директоры Нұртазина А.М. Әдістеме бірлестік жетекшілері:
1. Искакова Б.Ө.- оқу ісінің меңгерушісі.

2. Абылғазина Ш.Т.- оқу ісінің меңгерушісі.

3.Абылғазина Р.Ш. - тәрбие ісінің меңгерушісі.

4. Нұрмұхаметова Г.Ө.- бастауыш сынып ӘБ жетекшісі.

5. Сейтахметова А.Ж. – қоғамдық-гуманитарлық пәндер ӘБ жетекшісі.

6. Қазжанова Ж.Қ. – эстетикалық пәндер ӘБ жетекшісі.

7. Ташпенова А.Б. – жаратылыстану-математика пәндер ӘБ жетекшісі.

8. Залелова А.А. - сынып жетекшілер ӘБ.



2014-2015 оқу жылында Еленовка орта мектебінде 43 мұғалім жұмыс істейді. Соның ішінде 7- мұғалім жоғары санатты, 13мұғалім- бірінші, екінші санатты – 18 мұғалім, санаты жоқ- 4 мұғалім жұмыс істейді. Жыл бойы пән мұғалімдері өз тәжірибелерімен алмасу барысында, аудандық ашық сабақтар мен семинарларға қатысып, біліктілік курстардан өтті.

Мұғалімдердің білім деңгейлік көрсеткіштері.

2014-2015 оқу жылы.

Барлығы мұғалімдер

Білімі жоғары

Арнайы орта

Орта білім

43

38

5

0













Жоғары санатты

Бірінші санатты

Екінші санатты

Санаты жоқ

7

13

18

5

Педагог мамандардың біліктілік курстардан өту деңгейі.2014-2015 оқу жылы.

Мұғалімнің аты-жөні, тегі.

Курс тақырыбы

Сертификат

Өту мерзімі

Нұртазина Алма Мақжанқызы

«Матемтика сабағында ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру»

№00138113

16.01.2015ж.

Искакова Бақыт Өсербайқызы

«ҚР білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізу негізінде педагог-қызметкерлердің АКТ құзыреттілігі»

№0017980

17.10.2014ж.

Сейсембекова Туғанай Қазбекқызы.

«PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту»

№ 0021570

Тамыз 2014ж

Шаймерденова Мәншүк Сартайқызы.

«PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту»

№0017558

16.01. 2015ж

Ташпенова Айғаным Боскенқызы.

«PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту»

№0021503

Тамыз 2014ж

Жанұзақова Нұрсұлу Кенжебайқызы.

«Жобалау әдісі бастауыш сынып оқушыларының функционалдық оқу сауаттылығын қалыптастыру және іскерлікті дамыту құралы»

№0015127

30.01. 2015ж

Ескендирова Гүлнұр Нұрланқызы.

«География сабағында жобалау жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері»

№0015101

30.01. 2015ж.

Аубакиров Жабағы Қаудиұлы

«Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»

№0015516

27.02.2015ж.

Аудан көлемінде ашық сабақтар мен баяндамалар жасағанмұғалімдер. 2014-2015 оқу жылы

Мұғалімнің аты-жөні, тегі.

Санаты, пән мұғалімі

Баяндама тақырыбы

Ашық сабақ тақырыбы

Жанұзақова Нұрсұлу Кенжебайқызы

Бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі.




Математика пәнінен «пысықтау» сабағы

Сейтахметова Ақерке Жанаталапқызы

Екінші санатты ағылшын тілі мұғалімі.

«Ағылшын тілі сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру»




Сейсембекова Туғанай Қазбекқызы

Екінші санатты қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімі.

«Орта мектептерде үш тілді оқытуды дамыту»




Қазжанова Жанар Қуанышбайқызы.

Екінші санатты технология пәнінің мұғалімі.

«Өзін-өзі тану сабағында оқушылардың танымдылығын арттыру»




Облыс көлемінде болып өткен конференцияларда баяндама жасаған мұғалімдер. 2014-2015 оқу жылы.

Мұғалімнің аты-жөні, тегі.

Конференция атауы

Баяндама тақырыбы

Искакова Бақыт Өсербайқызы

«Оқу ісі меңгерушілерінің облыстық конференциясы. Өрлеу біліктілігін арттыру орталығы» 2014ж.

«Электрондық оқыту жүйесінің тиімділігі»

(Сертификат 16.10.2014ж)



Шаймерденова Мәншүк сартайқызы.

«Ақмола облыстық мұғалімдерінің тамыз конференциясы» 2014ж.

«Қазақ әдебиеті сабағында педтехнологияларды қолданудың маңызы»

Педагог мамандарға біліктілік санаттарын беру, растау.
2014-2015 оқу жылы


Мұғалімнің аты-жөні, тегі.

Пән мұғалімі

Бүгінгі күндегі санаты

Біліктілік санатын растау/ беру

Аубакиров Жабағы Қаудиевич

Дене шынықтыру, технология, сызу пәнінің мұғалімі.

II

II санатты растады.

Нұрмұхаметова Гүлжаухар Өтегенқызы.

Бастауыш сынып мұғалімі.

II

II санатты растады.

Оразбаева Сауле Салмановна

Орыс тілі мен орыс әдебиеті пән мұғалімі. (бастауыш сынып)

II

II санатты растады.

Жанұзақова нұрсұлу Кенжебайқызы

Бастауыш сынып мұғалімі.

I

I санатты растады.

Сейтахметова Ақерке Жанаталапқызы

Ағылшын тілі мұғалімі.

II

I санат берілді.

Шаймерденова Мәншүк Сартайқызы.

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімі.

I

Жоғары санат берілді.

Нұртазина Алма Мақжанқызы.

Математика пәнінің мұғалімі.

Жоғары

Жоғары санатты растады.

Файзуллина Анар Жасұланқызы.

Бастауыш сынып мұғалімі.

Жоғары

Жоғары санатты растады.

2014-2015 оқу жылында, Ақмола облысының білім басқармасының ұйымдастырумен өткен «Қазақтың тұңғыш Президенті» атты облыстық сырттай шығармалар байқауында 10 «А» сынып оқушысы Самат Думан облыс көлемінде бас жүлдені иеленіп 1-ші дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Пән мұғалімі Шаймерденова Мәншүк Сартайқызы. Сонымен қатар мектеп оқушылары «қашықтық- олимпиадаға», «Ақбота» интеллектуальдық марафонына т.б. іс- шаралар мен байқаулар, пәнаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, 9 «А» сынып оқушысы Файзуллина Аяулым ағылшын тілінен «қашықтық -олимпиадаға», қатысып аудан бойынша ең жоғары көрсеткіш көрсетіп, арнайы сертификатқа ие болды.Пән мұғалімі Сейтахметова Ақерке Жанаталапқызы. 10 «А» сынып оқушысы Самат Думан қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен аудан бойынша 1-ші орынды иеленді.Пән мұғалімі Шаймерденова Мәншүк Сартайқызы.11 «А» сынып оқушысы Қалымбек Айман химия пәнінен аудан бойынша 3-ші орын иеленді. Пән мұғалімі Тәшпенова Айғаным Боскенқызы. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша 9 «А» сынып оқушысы Қоман Ардақ 3-ші орынды иеленді. Пән мұғалімі Залелова Айгүл Абушахманқызы. Математика пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Аубакирова Әсел 3-ші жүлделі орынға ие болды. Пән мұғалімі Нұртазина Алма Мақжанқызы. Жекелеген пән мұғалімдер арасынан «қашықтық -олимпиадаға» қатысып, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің 1-ші санатты мұғалімі Шаймерденова М.С. Технология пәнінің мұғалімі Қазжанова Жанар Қуанышбайқызы «Аудан бойынша ең жоғары көрсеткіш» атты арнайы сертификатқа ие болды.


29.01.2015 жылы«Жарқын болашақ» атты аудандық олимпадасында 9 «А» сынып оқушысы Қоман Ардақ 2-ші жүлделі орынды иеленсе, 16.04. 2015 жылы «Тіл туралы» Заңдарын жүзеге асыру барысында XVI аудандық «Абай оқулары» байқауында Қоман Ардақ1-ші жүлделі орын алып, арнайы мадақтамамен марапатталды. Пән мұғалімі Залелова Айгүл Абушахманқызы.

2014-2015 оқу жылының Ақпан айының 20-шы жұлдызында Еленовка негізгі базалық мектебінде аймақтық мектептердің бастауыш сыныптар арасында математика пәнінен олимпиада болып өтті. Олимпиада тапсырмалары аудандық білім бөлімінен арнайы конвертке салынып, мөрленген. Тапсырмаларды арнайы құрылған комиссия мүшелері оқушылардың алдында ашып, оларға кезекші мұғалімдер таратты. Барлығы аймақ бойынша 34 оқушы қатысты. Еленовка орта мектебінің 1 «А» сынып оқушысы Булатбек Аружан 1-ші орын, мұғалімі Нұрмұхаметова Гүлжаухар Өтегенқызы. 2 «А» сынып оқушысы Ысқақ Ибраһим 2-ші орын, мұғалімі Жанұзақова Нұрсұлу Кенжебайқызы. 4 «А» сынып оқушылары Нұрмұхаметова Айғаным, Қалымов Елдар, 3-ші орынды иеленді. Мұғалімі Мағаз Мейрам. Олимпиада жеңімпаздары аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Ө. Уаисовтің атынан арнайы мадақтамалармен марапатталды.
КММ Еленовка негізгі базалық мектебі.

2014-2015 оқу жылы.
Аймақтық-әдістемелік орталығының атқарған жұмыс есебі.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық әдістерін меңгеру, аймақтық мектептер арасында пән мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасып жаңа заманауи талабына сай өткізу, инновациялық технологияларды мейлінше меңгеру барысында, аймақтық семинарлар отырысында ашық сабақтар мен баяндамалар жасап тәжірибе алмаса білді. Атап айтсақ, Еленовка негізгі базалық мектебінің ұйымдастырумен

№16 бұйрық 12.02. 2015 жылы Уголки негізгі мектебінде аймақтық гуманитарлық бағыттағы әдістеме бірлестіктерінің отырысы болып өтті. Семинардың тақырыбы: «Жаңашылдық бастауы- жаңа жобаны іске асыру» . Мақсаты: «Білім беру жүйесінде пайдаланып жүрген тиімді пән сабақтарына енгізу арқылы білім сапасын көтеру» Семинар жоспары бойынша, Қарлыкөл НМ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімі Ж.Б. Тасымов, Уголки НМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Д.Қ. Жексенбаева «Жаңаша үрдісте оқытудағы әдіс-тәсілдерім» атты тақырыптарында үлгі сабақ көрсетсе, Ж.Қ. Ташмағанбетова «Тарих сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру» , Ақан НМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.С. Балтабаева «Озық тәжірибе ортақ әдіс» атты тақырыптарында баяндама жасады. Ақан негізгі мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімі Б.О. Есмағанбетова «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолдана отырып 8 сыныбында ашық сабақ көрсетті. Сыныптан тыс жұмыстары бойынша «Үйшік ертегі» «Стрекоза и муравей » атты тақырыптарында орыс тілі мен орыс әдебиеті пән мұғалімі Р.Б. Какимова оқушылармен «үздік театральдық көрініс» көрсете білді. Уголки негізгі мектебінде болған семинарда, Еленовка негізгі базалық мектебінің ОІМ Искакова Бақыт Өсербайқызы, ашық сабақтар мен баяндама жасаған пән мұғалімдеріне арнайы алғыс хаттар мен грамоталар тапсырды.



25.02. 2015 жылы Қарлыкөл негізгі мектебінде Еленовка негізгі базалық мектебінің №21 бұрығына сәйкес, аймақтық жаратылыстану-математика пәндері бағыты бойынша ӘБ отырысының семинары болып өтті. Семинардың тақырыбы: «Жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдары» Мақсаты: «Жаратылыстану-математика пән мұғалімдерінің білім сапасын арттырудың тиімді жолдары туралы ой бөлісіп, тәжірибе алмасу». Семинар жоспары бойынша Баратай негізгі мектебінің физика пәнінің мұғалімі Г.А. Ескендір «Физика сабағында АКТ қолдану» атты баяндама жасаса, Баратай негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі Г.А. Тәжібаева сыныптан тыс шаралар көрсетті. Жылымды негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Г.Х. Уақаева «Білім сапасын арттыруда жаңа технологияны қолданудың тиімділігі» атты тақырыпта баяндама жасады. Қарлыкөл негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі А.С. Оразалина 9 сынып оқушыларымен «Қосу формулалары» атты тақырыпта ашық сабақ берді. Түскі үзілітен кейін, дөңгелек стол: Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша «PISA тапсырмалары» бойынша отырыс болды. Искакова Бақыт Өсербайқызы семинарға қатысқан мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне алғысын білдіріп, белсенділік таныта білген пән мұғалімдеріне арнайы «Грамоталар» мен «Алғыс хат» табыстады. Қарлыкөл негізгі мектебінің оқушылары, семинарға қатысушыларды концерттік бағдарламаларымен серпілте білді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет