4 «А» сыныбына тоқталар болсам, 18- оқушы білім алуда. Мағаз Мейрам әр сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында түрлі жұмыстар жүргізді. Еркін тақырыпта талдау жүргізеді. « Сын Тұрғысынан Ойлау» стратегиясы бойынша «Венн диаграммасы», « Кубизм», « Түртіп алу», «Бес жолды өлең» т.б. қолданды. Сабақ өте қызықты әрі түсінікті өтеді.Оқушылар өте білімді. Әр сабақты еркін меңгере алады. Өз ойларын талқылап, жеткізе алады. Бірінші жарты жылдықта оқушылардың білім сапасы 68 % көрсетсе, оқу жылының аяғында 75% көрсете білді. 3 «А» сынып және 4 «А» сынып оқушылары «Ақбота интелектуалдық марафонына қатысып сертификаттарға ие болды. Мағаз Мейрам қазақ тілі пәнінен тақырыбы:Сөз таптары ашық сабақ өткізді. Сабағын топқа бөліп өткізді. Математика пәнінен ашық сабағы жақсы өтті. Көп таңбалы сандарды оқушылар баған түрінде тез есептей алады. Қозғалыс жылдамдығына байланысты есептерді шапшаң ойлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |