Еленовка орта мектебінің аға тәлімгерінің I жартыжылдықта атқарған жұмыс есебі 2015-2016 оқу жылы



бет10/14
Дата08.06.2018
өлшемі12,94 Mb.
#41828
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша қазан айының 19-26 аралығында «Қамқоршы күні» мерекесі аталып өтеді. Осы іс –шара Еленовка орта мектебінде де аталып өтті. Барлық сыныптарда «Мен және менің отбасым» атты сынып сағаттары өткізілді. Бастауыш сыныптарда «Көңілді отбасы»атты спорттық сайыс және «Менің отбасым» сурет көрмесі ұйымдастырылды. Ауылдың мәдениет ошағында «Аялы алақан» атты қамқоршымен кездесу ұйымдастырылды.

14-15 қазан аралығында 0-11 сыныптар арасында «Алтын күз» мерекесі аталып өтілді. Барлық сыныптар белсенді қатысты.



24 қазан күні мектебіміздің «Жас Ұлан» БҰ мүшелері, 10 «А» сынып оқушылары «Қарттар күні» айлығы шарасына орай ауыл тұрғыны, жалғызбасты зейнеткер Есмагулова Қымбат апапның үйіне барып, терезелерін қысқы мезгілге дайындап, қымтап берді.



26 қазан 2015 о.ж. Еленовка орта мектебінде «Үздік психолог 2015» атты аудандық сайыс өтті. Келген қонақтарды Еленовка орта мектебінің директоры Нұртазина А.М. құттықтап, табыс тіледі. Сайыскерлер мен қонақтарды оқушылар күшімен дайындаған концерттік бағдарламамен қарсы алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет