Тақырыбы Саяси әлеуметтану
Саяси әлеуметтану – саясат пен саяси қарым-қатынастарды зерттейтін әлеуметтанудың саласы. Саяси өнер халықты бейбітшілік ішінде бірлікте өмір сүруге үйретеді; ал өздері жалпылықты (саяси өнер) бейбітшілікте немесе соғыста өмір сүруді үйретеді
Дәрістің мазмұны:
Саясат әлеуметтануының міңдеттері: - саясаттың басқа қоғамдық өмір салаларымен өзара байланысын, дағдарысын, дамуын, қызметтерін, заңдылықтарын ашу; - осы заңдылықтар мен нәтижелерді саясат тәжрибесінде қолдану; - халықтар арасындағы саяси әдеуметтену сұрақтарын оқып үйрену (саясатка белсенди катысу, саяси үдіріске формалды қатысу, саяси құбылыстарға, сайлауға белсенділік танытпау) Саясат әлеуметтануы оқып үйренеді: - билікке келудің саяси формалары мен әдіснамаларын; - елді ашық басқару аппараты ретінде мемлекеттегі қоғамдық саяси жүйені; - саяси қозғалыстар мен мемлекетті басқаруға бұқараның мүмкіндік дәрежесі - саяси сана (идеология, психолгия, қоғамдық пікір, салт-дәстүр, саяси институттар және т.б.). Саясаттын негізгі сұрақтары – билік туралы сұрақтар. Билік – жеке адамдар мен адамдар тобының өз еркін жүзеге асыра отырып, басқа адамдарға олардың келісімі мен келіспеуіне тәуелсіз ықпалын жүргізетін қабілет
Достарыңызбен бөлісу: |