Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Основы социологии: уч.пособие. – Алматы: Lem, 2011. – 454 с.
Добреньков В.И., (1939 -) История западной социологии (20-60-е гг. XX в.): учебник для студентов высших учебных заведений обучающихся по направлению 040201 "Социология" / В. И. Добреньков, Н. Г. Осипова ; Московский гос. ун-т им. М. В. Ломоносова, Социологический фак. Москва: Альма Матер: Академический проект, 2012.
Бауман З. Мыслить социологически: Учеб. пособие / Пер. с англ. под ред. А.Ф. Филиппова; Ин-т "Открытое о-во". - М.: Аспект-Пресс, 2009. - 255 с.
Бергер Питер Приглашение в социологию, Москва : Аспект-Пресс , 2009
Миллс Чарльз Райт. Социологическое воображение. Пер. с англ. О.А. Оберемко. Под общ. ред. и с пред. Г.С. Батыгина. – М.: Издательский дом Nota Bene, 2010. – 264 с.
Готлиб А.С. Введение в социологическое исследование. Качественный и количественный подходы. Методология. Исследовательские практики : учеб. пособие / Анна Семеновна Готлиб; А. С. Готлиб; Рос. акад. образования, Моск. психол.-социал. ин-т.- 2-е изд., перераб. и доп.- М.: Флинта, 2009.- 382 с.
8 ДӘРІС. ДІН, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ Дін индивидтердің кейбір психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында маңызды әлеуметтік қызметті атқарады. Э. Дюркгейм «діни өмірдің қарапайым түрлері» (1912 ж.) атты еңбегінде, адамдар өз өміріндегі қоғамдық билікті мойындағаннан гөрі дінге сенуді жөн санайды дейді. Қоғамдық өмірді қолдай отырып, оның құрылымы мен нормаларын бейнелейді. «Біз өзіміз ойлап таппаған тілде сөйлеп, өзіміз шығармаған құралдарды пайдаланамыз... Өркениеттің мұндай сыйын біз қоғамнан аламыз» – деген Э. Дюркгейм. Бірақ әрбір кезектегі ұрпақ бұл нәрселерді дайын күйінде алады, оларды қайта жасамайды, өйткені қандай да бір тылсым жоғары күш бар және ол тылсым дүние оған емес қоғамға берілген. «Адам өзінен тәуелсіз қандай да бір белсенді күштердің бар екендігін сезінеді және бақытты тағдырды иеленуге мүмкіндік беретініне сене отырып, оны сол қалпында сақтап өзіне берілген күшті, жоғары бағалауға тырысуы ықтимал». Э. Дюркгейм өзінің қорытындысына австралиялық тайпаның тотемдік дінін зерттеу негізінде келді. Тотем – қасиетті саналатын табиғаттан берілген символ (мысалы, жыландар немесе кеңгіру). Әрбір тотем туысқандық топтың немесе кланның символын көрсеткен. Кландар қоғамның негізгі бірлестіктері болса, ал тотем – клан бірлігінің символы, елтаңбасы болған. Кланның өзіне бас игеннің орнына, оның мүшелері тотемге бас иген. Олардың діндері, өздері өмір сүрген қоғамның құрылымын көрсетті. Дюркгеймнің көзқарасы бойынша, дін қоғамның құрылымын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге адамдардың үміті мен сенімін ортақ бір сенім күшіне бағыттай отырып, қоғам құрылымын нығайтады. Мұндай бірігу қызметі ритуалдарды орындау барысында жүзеге асады. Мысалы, тотемизм таралған тайпалардың арасында тотем болып саналатын өсімдік немесе жануарды тұтынуға арнайы ритуалдарды орындау кезінде ғана рұқсат етілген. Қасиетті құпияларға толы христиандық ритуалдар да осындай принциптерге негізделген. Нан және шарап – өзінше тотем. Олар Христостың қаны мен тәнінің символы. Осы тәріздес ритуалдар сенуші топтардың құндылықтарын қолдайды және олардың негізгі нормаларының бұзылуына жол бермейді.
Э. Дюркгеймнің дін теориясында, біріншіден қоғам адамдық тәжірибені нығайтады. Екіншіден, адамдар сыртқы күштердің әсерін түсіндіруге жауап іздейді. Бұл қоғам- ның құрылымына сәйкес келетін діннің қалыптасуына әкеледі. Дюркгейм бойынша, діннің негізгі белгісі – қасиетті объектілерге бағытталған, қоғамдық келісім күшін жинайтын, ұжымдық сананы қолдайтын және оларға өмірге қажетті сенімді ұялататын ол – ритуалдарды орындау деген. Қоғам бір мезетте әрі Құдай, әрі сенуші болып табылады. Діндегі басты нәрсе – догматикалық бөлік емес, керісінше ритуалдарды ұжымдық орындау түріндегі діни іс-әрекет.
«Мәдениет» деген сөз қазақ тіліне арабтың «маданият» _ қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл _ орта ғасырдағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезенінде қалыптасқан түсінік. Бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымы - тәрбие және білімге тікелей қатысты, бірінен бірін бөлуге болмайды, соның нәтижесі ретінде барлық халықтардың рухани қайнар бұлағы. Оның терең тамыры сонау көне заманда жатыр. Мәдениеттің әдебиеттерде 300-ден астам анықтамасы бар есептеледі. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке берілген төмендегідей үш түсініктемені атай кетейік: а) мәдениет - халықтың мәдени саласындағы табыстары мен шығармашылығының сапалы жиынтығы; ә) мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі сапалы қызметі мен өзіндік ерекшеліктері; б) мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.). Бұл анықтамалардан ерекше көзге түсетіні «сапа» деген ұғым. Адамзат тірлігінің қандай саласы болмасын мәдениет үшін сапа басты көрсеткіш. Осы сапа мәдениеттің деңгейін айқындаумен бірге, кейде оған синонимдік қызмет атқарады. Сонымен мәдениет дегеніміз белгілі бір әлеуметтік қауымдастықтың (этностың, ұлттың және халықтың) санасы мен іс-әрекеттінің материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Кең тараған түсінік бойынша мәдениет негізінен материалдық және рухани болып өзара қарым-қатынасты бірлікте өмір сүреді. Мәдениеттің бұл екі түрі адамның рухани дүниесін, әлеуметтік өмірді өзгертуімен байланысты. Осы мағынада материалдық мәдениетті рухани мәдениеттің нақты көрінісі ретінде қабылдауға болады. Материалдық мәдениет адамның табиғатқа қатысымен, оны өзгерту, қайта құру үдерістерімен және өз әлеуметтік ортасымен өзара қарым_қатынасын, өз мұқтажын қанағаттандырумен байланысты болады. Бұған материалдық игіліктерді өндіру мәдениеті (өндірістегі сапалы құрал-саймандар, техника, құрылымдар, т.б.) жатады. Рухани мәдениетке ғылым, өнер, әдебиет және адамдарды тіршілікке бағдарлайтын идеялар, құндылықтар, нормалар, салт_дәстүр, ойлау әдістері және т.б. жатады. Мәдениетті материалдық және рухани деп бөлу шартты, өйткені олардың арасында тығыз байланыс, қатынастар бар, соның нәтижесінде олар бір-біріне тұрақты әсер, ықпал етіп отырады. Мысалы, адам ойындағы ғылыми идеялар мен тұжырымдар, техникалық жобалар өндірістік өмірде жаңа техникалық құрал-саймандар мен жабдық түрінде жүзеге асып жатса, ал осы техникалық жаңалықтар келесі теориялық ойлар мен жаңа идеялардың, тұжырымдардың тууына ықпал етеді. 2. Әлеуметтік институт ретінде мәдениеттің құрамы күрделі, ол туралы әр түрлі көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі – мәдениет негізгі төрт элементтен тұрады деген пікір. Біреуі - адамдардың қоршаған ортада бағдарға алатын түсініктері мен ұғымдары. Екіншісі – адамдардың қарым_қатынас деңгейі, яғни кеңістік мен уақыттағы өзара байланыс деңгейі. Үшінші – құндылықтарға қатынас, яғни адам нені және қалай игеру қажет. Төртінші – белгілі бір мәдениеттің құндылықтарына сәйкес адамдардың мінез_құлқын реттейтін нормалар мен ережелер. Ал Ресей әлеуметтанушы Геннадий Иванович Козырев мәдениетті төмендегідей құрылымдардан тұрады деп есептейді: 1. Сана – бұл адамдарды басқа мақұлықтардан айыратын басты белгі. Сана (жады, ойлау) адамға әлемді, бүкіл қоршаған ортаны және өзін ғана танытып қоймайды, сонымен қатар өзі де білім және тәжірибемен толығады, бар жинаған құндылықтарды келесі ұрпаққа жеткізеді. 2. Қоршаған әлемді бағалай білу, қабылдау және оны игеру әдістері. Адамның жануарлардан айырмашылығы өзінің де, басқаның да әрекеттері мен ниетін жақсы не жаман деп бағалай алатындығында. 3. Тіл – адами қарым_қатынастың ойлаумен бірліктегі аса маңызды көрінісі. Бұл - коммуникацияның дыбыстар мен симболдардан тұратын ерекше жүйесі. Тіл - мәдениетті сақтаудың, келер ұрпаққа оны жеткізудің негізгі құралы. Тілдің бірлігі жалпы мәдениеттің бірлігі сияқты адамдардың тұтаса түсуіне игі ықпал етеді. Сондай_ақ тілдің бөлектігі адамдар арасындағы өзара жек көру мен алауыздықтың себептері де болуы мүмкін. Сол себепті тіл мәселесінің өте нәзік екенін қандай бір қоғам мүшелері болмасын жақсы білгені, тиісінше көңіл бөлгендері жөн. 4. Қызмет – бұл адамдардың өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатындағы, қоршаған әлемді және өз табиғатын өзгертуге бағытталған саналы әрекет. Мәдениетті әлемдік деңгейде батыстық және шығыстық деп бөлу бар. Мұның өзі де іштей еуропалық, латинамерикалық, славяндық және т.б. деп бөлініп жатады. Сондай_ақ әрбір мемлекет өз шекаралары шеңберінде көпэтносты мәдениеттің әртекті сипатына қарамай өзінің ұлттық мәдениетін қалыптастырады. Ал ұлттық қауымдастық және ұлтаралық кеңістік шеңберінде мәдениетті халықтық, элитарлық және көпшілік түрлеріне бөлуге болады. Сонымен қатар кез келген үстем мәдениет шеңберінде социомәдени құбылыстар _ субмәдениет және қарсы мәдениет бар. Халықтық мәдениет барлық мәдениеттің ішінде ең алғашқы (ежелгі) және өзінің сипаты жағынан ең негізгісі болып табылады. Ол: халық ертегілері, мифтер, мақал_мәтел, аңыздар, әндер, билер, әдет_ғұрып және т.б. Элитарлық мәдениет жалпы халықтық мәдениеттің ішінде таңдаулылары ретінде бөлек қалыптасады. Оның иелері атақты жазушылар, ақындар, музыканттар, суретшілер, скульпторлар және т.б. Оны тұтынушылар да ерекше көркемдікті қабылдай алатын және материалдық Һәм рухани мүмкіндіктері жеткілікті аз ғана адамдар тобы болады. Корпоративтік мәдениет – белгілі ұйымдардың мәдениетінің даму деңгейін сипаттайтын жалпы мәдениеттің бір түрі. Бұл ұйым мүшелерінің жалпы мәдени қарым_қатынастарынан қалыптасады. Бұқаралық мәдениеттің дамуы мен тарауы бұқаралық коммуникациялық және репродуктивті жүйенің дамуымен байланысты. Бұқаралық мәдениеттің мәні мәдени үлгілердің оперативті және көптеп шығарылуында, қол жетерлігінде және оны көпшіліктің пайдалануында. Ол әр түрлі әлеуметтік топтардың күнделікті сұраныстарын жедел қанағаттандыра алуымен қатар жаңа оқиғалар мен құбылыстарды жылдам сезінеді. Ал бұқаралық мәдениеттің негативті әсері оның халықтық және элитарлық мәдениеттерге тән жоғары көркемдік құндылықтарға ие бола алмауында, сол себепті ол өзінің тұтынушыларына сапалық жағынан төменгі деңгейдегі үлгілерді ұсынады. Субмәдениет – қоғамда жалпы үстем мәдениеттің ішіндегі әр түрлі әлеуметтік топтың жіктелуінен пайда болған социомәдени ұйымның ерекше түрі. Әрбір әлеуметтік топ өзінің құндылықтары мен нормаларының, өзінің мінез_құлық үлгілерінің, өзінің ішкі топтағы тілінің жүйесін, яғни өзінің субмәдениетін жасайды. Қарсы мәдениет – қоғамдағы үстем мәдени құндылықтар мен іргелі принциптерге, буржуазиялық мәдениеттің мынандай құндылықтарына: индивидуализм, прагматизм, діни мораль, дәстүрлі отбасылық құндылықтарға және т.б. қарсылықтан шыққан мәдени ағым. Мәдениеттің бұл түрінің пайда болуын зерттеушілер жалпы қоғамның дағдырысымен түсіндіреді. Бұл ХХ ғасырдың 60-жылдары батыстың жастары арасынан шықты.