Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы «Әлеуметтану» пәні ДӘріс сабақтары бойынша әдістемелік



бет2/18
Дата13.10.2022
өлшемі85,42 Kb.
#152919
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Дәріс социология

Теориялық білім - теориялық білімнің әлеуметтанушылық теориялары, болжамдары, типологиялары және т.б. нысандары.
Эмпирикалық білім - эмпирикалық білімнің статистикалық мәліметтері, фактілері, жіктелуі және басқа да нысандары.
Егер де әлеуметтануды “теориялық” және “эмпирикалық” деп бөлу білімнің деңгейімен (теориялық және эмпирикалық) байланысты болса, әлеуметтануды “іргелі” және “қолданбалы” деп бөлу - әлеуметтанудың өзінің ғылыми немесе қолданбалы бағдарларына байланысты. Эмпирикалық зерттеу іргелі әлеуметтанудың да, қолданбалы әлеуметтанудың да шеңберінде жүргізілуі мүмкін. Егер оның мақсаты - теория жасау болса, онда ол іргелі әлеуметтануға жатады. Егер де оның мақсаты - тәжірибелік ұсынымдар жасау болса, онда ол қолданбалы әлеуметтануға жатады. Алатын білімнің деңгейіне қарай эмпирикалық зерттеу шешетін есебінің сипаты бойынша қолданбалы болуы мүмкін. Бұл теориялық зерттеулерге қатысты. Сөйтіп қолданбалы зерттеулер ерекше деңгей жасамайды. Бұл эмпирикалық және теориялық зерттеулердің өзі, бірақ қолданбалы бағытта болады.
Әлеуметтану заңдары жалпы әлеуметтану және жеке әлеуметтану болып бөлінеді. Бөлу өлшемдері ретінде заңдармен бейнеленетін объектінің көлемі алынады: қоғам тұтас жүйе немесе қоғамның ішкі жүйесі, оның құрамдас бөлігі ретінде бейнеленеді, пәрмені шағын топтарға, белгілі бір әлеуметтік стратаға, әлеуметтік топқа немесе тапқа және тұтас қоғамға қолданылатын заңдар бар. Жалпы әлеуметтану заңдары - өздігінен дамитын әлеуметтік жүйе ретінде бүкіл қоғамның маңызды байланыстарын көрсететін заңдар. Жеке әлеуметтану заңдары қоғамның құрамдас бөліктерінің маңызды байланыстарын, олардың ішкі дамуы мен қызмет атқаруын, сондай-ақ тұтас әлеуметтік организм ретінде қоғаммен байланысын көрсететін заңдар болып табылады.


Тәжірбиелік сабақ 1.
Дәрістің мақсаты: студенттерге әлеуметтанудың теоретиялық-әдістемелік негіздерін түсіндіру.
Міндеттері:

  1. Әлеуметтанудың қалыптасуындағы негізгі кезеңдер

  2. Әлеуметтанудың даму тарихының негізгі бағыттары

  3. Әлеуметтанудың объектісі, пәні

  4. Әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны

  5. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы

  6. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары

  7. Әлеуметтік факт ұғымы

  8. Әлеуметтанудың атқаратын функциялары





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет