Рецензенттер:
Әлеуметтанушылық ғылымдарының докторы, профессор Әженов М.С.
Әлеуметтанушылық ғылымдарының докторы, профессорАбишев М.А.
Әлеуметтанушылық ғылымдарының докторы, профессор ЖаманбалаеваШ.Е.
Жаназарова З.Ж.,Мамытқанов Д.Қ.
Қоғамдық пікір әлеуметтануы: Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құрал. – Алматы: Қазақ университетi, 2006. - 32 б.
Оқу құралы берілген пән бойынша оқу бағдарламалары мен оқу құралдарын есепке ала отырып, классикалық деректер мен атақты отандық және шетел әлеуметтанушыларының еңбектерін негізге ала отырып жазылған.
Оқу-әдістемелік құралда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде қоғамдық пікірді зерттеу мен оқытудың көп жылдық тәжірибелері жинақталып, қоғамдық пікір феноменіне талдау жасалынады және қоғамның өтпелі кезеңінде қоғамдық пікірдің қызметі мен ерекшелігі толық айқындалады. Оқу құралы жоғарғы оқу орындарының студентері мен оқытушыларына арналады.
Баспахана «Казак университетi», 2006
Кіріспе
Қазіргі өркениетте қоғамдық пікір- қоғамның әлеуметтік институттар қатарында жетекші орындардың біріне ие болып отыр.
Қоғамдық пікір – әлеуметтік тәжірибені және білімдерді жасау, өңдеу, меңгеру және оқыту саласында күрделі қоғамдық құбылыс болып табылады. Қоғамның әлеуметтік өмірінінің әрбір саласында қоғамдық пікір әлеуметтік үрдісті басқарудың маңызды құралы және әлеуметтік ақиқаттың мүддесін білдірушісі. Әрбір уақытта қоғамдық пікір көпшіліктің саналылық деңгейін білдіреді және адамдардың жүріс-тұрыстары мен әлеуметтік іс-әректеріне табандылық пен тұрақтылық, айқын бағыттылық беріп және кең ауқымды белсенді стимулятор ретінде көрінеді
Әлеуметтік тәжірибе көрсеткендей , адамдар қоғамдық шараларға қосылмас бұрын , олар өзара бастан кешіргендерін бөліседі , талдайды , оның мән-жәйін бағалайды және өзіне бағытталған ұстанымдар мен идеяларды өз тіршілік тәжірибесімен , қоршаған ортада көрген-білгендерімен ара қатынасын белгілейді . Бұндай әлеуметтік – психологиялық үрдістіңтің нәтижесі қоғамдық пікірдің күйіне-жағдайына әсер етіп кейінен идеялар мен пікірлердің жүзеге асуына несесе оны қиындатуға ықпал етеді.
Қоғамдағы қарама-қайшылықтарды талдау және оларды шешу жолдары қоғамдық пікір әлеуметтануының негізгі тақырыбы. Қоғамдық пікір әлеуметтануы методологиялық тұрғыда қоғамдық пікірдің заңдылықтарын , себепті және өзара байланыстарын тұтас жүйе ретінде оның жұмыс жасауының сыртқы және ішкі жағдайларын қамтамассыз етеді
Авторлар - өздерінің назарын қоғамдық пікір әлеуметтануының негізгі мәселелеріне шоғырландырды, оқулықта берілген пән бойынша дәрістердің қысқаша баяндаулары, әр тақырып бойынша бақылау сұрақтары ,ұсынылатын әдебиеттер тізімі ,сонымен қатар рефераттар және мәліметер берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |