Рецензенттер: Әлеуметтанушылық ғылымдарының докторы, профессор Әженов М. С


-Дәріс. Қоғамдық пікірдің қалыптасу механизмі



бет8/12
Дата28.09.2023
өлшемі68,22 Kb.
#182863
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
treatise162402
Most useful words, 5 Экзаменационнная работа Проф рус (1), 5 Экзаменационнная работа Проф рус (1), 5 Экзаменационнная работа Проф рус (1), Китайский Антидемидович - 1 часть-1, Китайский Антидемидович - 1 часть-1, Стоматология ортопедическая (зубной техник), 07 Минералы и горные породы (1), Пиридиннің негіздік қасиеті видеоскрин, CamScanner 29-11-2022 09.20
5-Дәріс. Қоғамдық пікірдің қалыптасу механизмі.

Қоғамдық ойдың қалыптасу механизмі әлі де болса толық зерттеліп болған жоқ. Ортақ пікірдің пайда болуы жеке пікірлердің қайшылығына себепке екендігі сөзсіз Егер ортақ пікір сол қоғамға сай өзекті және күнделікті мәселенің негізінде қалыптасқан болса, онда ол инваиантты қасиеттерді алып, ортақ пікір ретінде қалыптасады, немесе әлеуметік тұтастықты білдіреді. Бірақ қоғамдық пікірде қалыптасатын мәселелерің көлемінде емес, сонымен бірге қандай да бір әлеуметтік мәселелерге қатысты ұжымдық, топтық, кейінен топ аралық талқылаулардың, қалай және қай бағытта екендігін білу маңызды.


Негізгі факторлар жүйесіне мақсатты кіргізуге болады. Қоғамдық ой – пікір зерттелінетін болса, белгілі мәселелер қойылады, демек қоғамдық пікірдің мақсаты бар. Қоғамдық пікірді жасаушылар- өз ойлары іске асыруға ұмытылған саналы және әуесқой адамдар. Олар әртүрлі көзқарастары мен сезімдері ортақ ұйымдарға, таптарға, әлеуметтік топтарға бірккен және олар тек жергілікті мүдделерді ғана емес, көпшіліктің мүддесін жақтайды.
Қоғамдық пікірді қалыптсауын қозғалысқа келтіретін ортақ мақсаттардың мағанасы неде? Әр нақты жағдайларда ол әртүрлі болуы мүмкін. Дегенмен, оларды қоғамдық пікір динамикасының артында жасырын жатқан құбылыстарды өз қалауымен жасауға ұмтылу, болмысқа икемделе бермей , керісінше оған өз бетінше әрекет ету, оқиғалар мен процестерге араласу қарама-қайшылықтар мен жанжалдарды шешу сияқты әр түрлі бағытталған ой-ниеттер, қызметтерді біріктіріп түрады. Бірақ мұндай мақсатты іске асыру үшін әдіс және әрекеттерді қажет болады. Әрине оның құрамында жоғарыда аталған қызметтер тұрады.
Қызметтердің әр түрлігі қызметтік байланыстардың жан-жақтылығына себепші болады. Қоғамдық пікірге тек мақсаттылық емес, өз бетінше ұйымшылдық, басқарушылық, өзін-өзі реттеушілік тән, яғни қоғамдық піркір сыртқы күштермен ғана емес, өзіне іштей тиісті органдар мен факторлар арқылы да жүзеге асырылады. Кез –келген жүйе өзінің компонентеріне, қызмет етуі мен сыртқы ортамен байланысына әсерін тигізетін белгілі механизімдер негізінде өмір сүреді.
Қоғамдық пікірдің кездейсоқ және саналы түрдегі механизмдері бар Бір- біріне, кездейсоқ, орташа деңгейдегі қарама- қайшы қоғамдық күштердің, жинақталған жекеленген бағалаулары мен ниеттерінің көрінуі, іс жүзінде өзінің ерікімен, қызмет етуі қоғамдық басқару институттарымен сәйкес келмейді.
Қоғамдық пікір қоғам даму сатысының әрбір баспалдағында адамдар қызыметін мақсатты түрде реттеп отыратын саналы механизмнің әсеріне түседі. Бірақ, кез-келген формацияда /капиталдық ,әлеуметтік/ қоғамдық пікірлердің қалыптасыуы мен оның жұмыс істеуіне адамдардың түтынымы мен талағамы, олардың психикалық көңіл-күйері байланысты құбылыстар мен үдірстер әсер етеді, сондықтан да қоғамдық пікірге саналы және стихиалы реттегіштер автономды, изоляцияланған түрде емес, бір-бірімен әрекет ете отырып әсер етеді.
Бірақ қоғамдық пікірді басқару үшін ақпараттар ,мәліметтер, мағұлматтар, оқиғалар, құбылыстар, үдірістер туралы фактілер, яғни әлеуметтік ақпараттар қажет. Саналы және мақсаты түрде алынған мәліметтер иландыру қуаты күші бар және олар әрбір адамның пікірін, ойын өзгеруге мүмкіндігі зор, сол арқылы қоғамдық пікірдегі қоғам талабына сәйкес көзқарас пен әрекетті қалыптастырады.
Білім беру жүйесі секілде қоғамдық пікірлердің өз құрлымы және иерархиясы бар. Рухани, рухани практикалық. және рұқсат етілген практикалық үш деңгейден басқа қоғамдық пікір ішкі субиективті құрылымға не, ол көлденең және тік құрлымдармен сипатталады.
Қоғамдық пікір жүйелі талдаудың барлық түрлерімен байланысты.
Біріншіден, өзара әрекет ету байланысы. Олар қоғамның пікір субиектісі мен объектісі өзара әрекеттесу уақыттан бастап жұмыс істей бастайды. Бұл жағдайда қоғамдық пікірдің негізгі құрлымдары рациональды, эмоцианалды, ерік-жігерл өзараәрекеттесіп белсенді түрде бірігіп жұмыс істей бастайды. Бұл әрекеттестік жеке адам мен ұжым арасында жүзеге асады Екі жақты байланыстыратын ерекшелік ортақ мақсаттылықта
Екіншіден қоғамның пікірдің әлеуметтік феномен ретінде өмір сүру, жұмыс істеу байланысы. Оның қызметтерінің көпқырлылығы қызметтік байланыстарының көп түрлілігі себепші болады. Олардың әртүрлі болуына қарамастан ортақ ұқсастықтары бар.Кез келген мұндай байланыс қандай да бір қызметтерді жүзеге асыру үшін қоғамдық пікірдің құрылымдық элементерін біріктіруден көрінеді.
Үшіншіден, себепкер болу байланысы, генетикалық байланыс, бір құбылыс басқаның өмірге пайда болуына негіз болады. Алғашқы қауымдық құрлымдағы қоғамдық пікірлер әдеп ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, нормалардың пайда болуына, жалпы айтқанда қоғамның өмір сүруін реттейтін қоғамдық сананың қалыптасыуына негізгі себепкер болады. Бүгінгі күнге дейін қоғамдық пікір қалыптасып қалған моралдық институттар жүйесін қолдай отырып жаңа қоғамның әлеуметтік сұрансытарына сай келетін өзгертулер енгізу қабілеттілігін сақтап отыр
Төртіншіден, қайта түрлендіру байланысы қоғамдық пікірдің қоршаған ортаға, қоғамдық қатынастардың қайта құрылуы мен өзгеруіне әсер ететін қоғамдық оқиғалар мен үдірстердің даму барысын қайта түрлендіру қызметімен байланысты болып отыр.
Бесіншіден, басқарумен байланыстары. Олар өздерінің мән-мағынасы жағынан қызмет ету және даму байланыстарға өте жақын белгілі бағдарламалар негізінде құрылып, оның жүзеге асу құрал ретінде жұмыс атқарады. Көріп түрғанымыздай қоғамдық пікірге тек байланыстар көптігі емес, олардың көп түрлілігі әртүрлі сапада болуы маңызды. Бұл, біздің қарапайым байланыстармен емес, жүйе құрайтын байланыстармен жұмыс істеуіміздің дәлелі және қоғамдық пікір жүйелілігінің тағы бір кепілдігі. Қоғамдық пікірге бір тұтастық тән қасиет пе?
Қоғамдық пікір көп қырлы құрлымымен ерекшеленеді, көптеген жеке пікірлерден тұрады, кейде олар бір-біріне қарама-қарсы шығып, өзара қақтығысады. Қандай да бір мәселеге қатысты айтылған жеке пікір қоғамдық пікірдің қалыптасуына алып келеді. Жеке пікірлер потенциальды түрде пайда болады, ал оның ортақ сәті болғана ғана біріктірудің бастамасы болып табылады. Осы кезде пікір алмасу болады, берілген мәселелерге байланысты баға беріледі ,өзіндік сезім білдірулер көрінеді, түрлі пікірлер қайшылығынан қақтығыстар болады ,басым пікірлер алға шығып ерекшеленеді. Алғаш пайда болған пікірлер қандай да бір өзгерістерге түзетулерге ұшырайды.
Оларды қалыптастыруға әсер ететін жағдайлар мен факторлардың өзгерісінен кешегі азшылық пікір бүгінгі көпшілік пікіріне айналуы мүмкін, яғни қоғамдық пікірге немесе керісінше.
Адам берілген мәселеге өзінің жеке пікірін білдіре отырып қоғамдық пікірге өзінің қатынасын білдіреді.Осыдан қоғамдық пікір бүтіндей жеке пікірлердің жалпылама қосындысы деген қортындыға келуге болады.Қоғам пікірі қоғамдық пікір ұғымына қараған кең ауқымды,мұнда пікірлер көпшіліктің және азшылық пікірлерінің барлығын қарастырылады
Пікірлер өте қозғалмалы. Пікірлердің қозғалмалылығы қоғамдық пікірдің монистикалық және плюралистикалық концепциясын құрайды. Қоғамдық пікірді талқылау мен баға беру негізінде бұқара көпшіліктің мүдделері мен қажеттіліктері жатыр Қажеттіліктер белгілі бір өмірілік жағдайларға және әрі қарай даму үшін адамдардың қажеттіліктерінен туындайды.
Адамдардың өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылуы олардың ой шабыты, талқылау, ерік шабыты, өзара әрекетесу, өзара қосылу , сіңісу арқылы көрінетін белгілі-бір ойлау және эмоциональды– сезім үрдістерінің белсенділігіне түрткі болады. Саналы және қажеті қажеттіліктер объективті болып табылады және қоғамдық пікірдің тууына қатты әсер етеді, олар көп жағдайда бұл пікірдің қалыптасу механизмі болып табылатын, қоғамдық – психологиялық үрдістедің себебі және мотиві болып табылады.
Кейбір қажеттіліктер енді ғана пісіп жетіле бастағанда, басқалары қалыптасып, әртүрлі себептерге байланысты салыстырмалы «тыныштықта» болады, қоғамдық пікірдің туу және қалыптасуының қозғаушы күші қызметін әлеуметтік қауымдастықтың, адамдардың мүдделері атқарады.
Мүдделер- адамдардың өмірлік мәні бар және эмоционалды тартымды шындықтың объектілеріне спецификалық қатынасын көрсетеді.
Қажеттіліктермен салыстырғанда мүдделер қоғамдық пікірдің пайда болу мен қалыптасуына тікелей түрткі болар үлкен роль атқарады. Неге? Себебі, «қажеттілік» ең алдымен сол қажеттілікті қанағаттандыратын заттарға бағытталған болса , ал мүдде сол қажеттілікке керекті заттарды, құндылықтарды, игіліктерді бөлетін әлеуметтік қатынастарға, ұйымдарға, институттарға бағыталады.
Мүдделер қоғамдық пікірдің динамикасының қозғаушы күші болып, өзін адамдардың әр түрлі фактілер мен оқиғаларға құбылыстар мен процестер , талқылаулар, бағалауларында, эмоционалды –ерікті актілерде, және іс-әрекеттеріне қатысты тұрақты, эмоцияға сезімге бай назарларынан көрініс табады. Сол оқиғалар мен құбылыстар тек жеке адамның мүддесін емес көпшіліктің, яғни бұқараның қызығушылық тудырады, және өз айналасында көптеген әртүрлі ойларды, бағалауды, эмоцияларды жинайды. Егер мүдделердің бағыты мен мазмұны бір жерден шықпаса, онда пікір көпбуынды болып, ортақ пікірдің қалыптасуы ұзаққа созылады, ал кей жағдайларда тіпті қалыптаспауы да мүмкін. Соңғы кездерде қоғамдық пікірдің монистикалық (көпшіліктің ішкі бірбүтін ойы), кейде плюралистикалық (бір мәселеге байланысты көптеген пікірлер) болуы сондықтан болар. Қоғамдық пікір жасалуы- адамдардың ортақ іс- әрекетінің, яғни олардың мүдделерінің қосылуының жемісі.
Құндылық бағдарлардың қоғамдық пікірдің сипатына,стиліне, бағыттылығына, эмоционалды күйіне тигізетін әсері зор. Құндылық бағдарлар адамдаға өз қажеттіліктері мен мүдделерін түсінуге септігін тигізетін түсініктердің негізінде қалыптасады. әлеуметтік – психологиялық ұстаным құндылық бағдарлармен тығыз байланысты,ол құбылыстарға жеке бір қырына реакция ретінде қалыптасады.Ұстанымдар қандай да бір өзекті құбылыстар, оқиғаларға жауап реакция ретінде бірінші болып іске қосылады, олар бұқара баға беретін талқылаулардың динамикасын мазмұнына қарай қалыптастырады
Әлеуметтік – психологиялық ұстанымдар табиғатына сай қоғамдық пікір субъектісінің әр түрлі обектілерді қалай қабылдау бейімділікті және оларға қатынасты анықтайды. Сондықтан да қоғамдық пікір күнделікті өмірде қалыптасқан ұстанымдар бар жерде сенімді және тез қалыптасады (негативі және позитивті). Ұстанымдар қоғамдық пікір қалыптасуына әсер ету механизмін тусіну үшін, олардың жекелей емес, бірігіп жұмыс істейтіндігін ескеру маңызды
Ұстанымдар мен стереотиптер бір-біріне ұқсас, біртекті әлеуметтік – психологиялық құрылым, дегенмен «стереотип» біршама кең мағынаға ие. Стереотиптер көпшіліктің санасында қалыптасқан әлеуметтік жаддының бай мазмұнының негізінде өмір сүреді. Адамдардың өткен оқиғалар, құбылыстар мен үрдістерді бағалаулары бір кезеңде қоғамдық пікірдің бірдей реакциясына айналады. Қоғамдық пікір қалыптасқан күйге реакцияның немесе ұстанымның коды болып табылады. Қоғамдық пікір мына тізбекке сәйкес туып, пайда болады: қажеттіліктер – мүдделер – құндылық бағдарлар – ұстанымдар – стереотиптер. Адамдардың қажеттіліктері мен мүдделері, құндылық бағдаралары мен ұстанымдар арасында тығыз байланыс пен өзара әсердің басты шарты – бұқаралық қарым -қатынас феномені болып табылады,немесе адамдардың бірібірімен қарым қатынасынан тіршілік ету әрекетінде материалдық қана емес , рұхани өнімдері арасында ,яғни көқарастар және түйсіктер, ойлар менсезімдер алмасуы жүзеге асады. Қарым-қатынас тек қана қажетті фактор болып қалмай, қоғамдық ойдың қалыптасуының объективті шарты болып табылады. Тек қарым –қатынас процесі кезінде ғана әртүрлі пікірлер мен бағалаулар бір бүтін күйге келеді. Қоғамдық пікірдің тууы мен қалыптасуында адамдардың өмір тіршілігінде күнделікті жағдайлар үлкен роль атқарады. Жеке тұлғалар арасындағы формальды емес байланыстар /еңбектік, ұжымдық/
Формалды емес жеке тұлғалық қатынастар көпшілігінде қарым-қатынастың демократиялық нормаларға негізделеді ,өз еркімен одан кіру және шығумен ерекшеленеді. Бұл жерде кім болса да қатты авторитарлық жетекшілік ету, көзқарас пен баға беруді зорлап міндеттеуді қабылдамайды, бірақ кез келген қатынастың, пікір білдірудің кош басшысы бола алады.Қатынас жасаудың бұндай түрінде, адамдардың мүдделер мен бағдарлары, ой мен сезім шабыты еркін көрінетін болса пікір шынайы түрде білдіріледі.
Қоғамдық пікірдің туу мен қалыптасу динамикасы кез-келген тарихи жағдайларда қоғамның эмоциональды тонусына, яғни көпшілік халықтың, топтың өмірінің әлеуметтік сезімдеріне тәуелді болады. Жалпы адамзатқа тән сезімдер/ махаббат және қастасу, симпаттия және антипатия,жеккөрушілік, қорқыныш және т.б./ әлеуметтік сезімдердің ерекшелігі, адамзат тегі сияқты ,–олар қоғамның дамуының белгілі бір кезеңінде әр түрлі ситуацияларды бастан кешіріп, тарихи өтпелі.Әлеуметік сезімдер бұқаралық санада идиологияның эмоциональдық қыры ретінде көрінеді.
Әлеуметтік сезімдер кең ауқымды мазмұнымен ерекшеленеді. Мысалы, патриоттық сезім өзінің отанға, ана тіліне, ата-анасына, туған табиғатына, балалық шағы өткен жерге, өз қаласына және еліне деген сезімдерді білдіреді Қалыптасқан қоғамдық жағдайдың әсерінен кейбір сезімдер жанданады және әр түрлі эмоционалдық реакцияларда көрініс береді. /Мысалы, 1986 жылы желтоқсанда қоғамда қалыптасқан саяси жағдай жастар арасындағы патриоттық сезімнің күшейуіне алып келді./ Нәтижеде жаппай көтеріліс сияқты реакциялар байқалды). Әлеуметтік сезім өзінің сапалық ерекшеліктерімен қоғамдық пікірге ұқсас.
Егер әлеуметтік сезімнің сандық ерекшелігін қарастыратын болсақ онда,оған сезім білдіру қарқындығы /күшейуі немесе өшуі/, оның таралу деңгейі,/ осы сезіммен бой алған халықтың саны ,адамдардың мінез құлқына және санасын әсер ету белсенділігі/
Көңіл-күй және сезім шабыттанудың эмоционалды күйін көрсетеді. Қоғамдық көңіл-күй жалпы эмоционалды күйді сипаттағандықтан біршама кең құрылым болып табылады.жалпы эмоционалдық күйді сиппатайды Қоғамдық көңіл-күйдің көзге түсетін жарқын ерекшеліктерінің бірі - әлеуметті бағытталған адамзат қызметінің қозғаушы күші немесе тежегіші болып табылатындығы? Бұндай жағдайларда қоғамдық ой шабыт , дүниетаным және көзқарас туралы айтқан дұрыс.
Ой шабытты эмоционалдық пен рационалдықты біріктіретін күрделі психикалық күй ретінде қарастыруға болады.
Ой шабыт оптимистік және пессимистік болып бөлінеді және сонымен қатар күмән, скептицизм, екі жүзділік, арсыздық, жоққа шығарушылық нигилизм , анархизм. енжарлықтан ой шабыттар туындайды.
Қоғамдық ситуацияның ерекшелігіне қарай ой шабыттың бұндай түрлері халықтың басым бөлігінің санасын жаулап алуға қабілеті зор
Қоғамдық пікірдің пайда болу мен қалыптасу үрдісініе рұхани атмосфера және оның сипаты әсер етеді Ол идея мен көзқарас бірлігін, әлеуметтік сезім, ерікті ұмтылыс, және жеке адамның үстінен қандай да бір күшке ие Бірақ кез келген идеялар рұхани атмсофераның мазмұнын құрамайды , ол тек қоғамда саяси -адамгершіліктік сиппатағы, онымен тығыз тұтасатын, идеялық және эмоционалдық көңіл күйді сіңірген басым сезімдер, көңіл күйлер, ұмтылыстармен үндесетіндер
Қоғамдық пікір дәстүрмен нығайтылады.Рұхани және рұхании практикалық деңгейде қалыптаса қоғамдық пікір адамдардың іс әрекетерінде жүріс тұрыстарында жүзеге асады , дәстүрде нығайады Дәстүрде өткеннің ой пікірі сақталса, ал қоғамдық пікірде бүгінің ой-пікірі көбірек болады және олар бір біріне әсер етеді.
Сонымен қоғамдық пікірдің пайда болуы мен қалыптасуы әр дайым қоғамда нормалар мен сал дәстүрдің әсерімен жүзеге асып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет