1.3. Қоғамдық пікірді зерттеу ерекшеліктері. Қоғамдық пікірді әлеуметтану құралдарымен зерттеуді эмпирикалық әлеуметтік зерттеуді ұйымдастырудың және зерттеу процедурасына қарапайым талаптарды алдыға қояды. Сонымен қатар оның өзіндік ерекшеліктері бар:
1.Қоғамдық пікірді зерттеудің жиі практикалық қолданбалы бағыты қолданылады. Сондықтан оның нәтижелері- болжау, практикалық ұсыныс беру, кеңес беру, талдау материалдары - тікелей пайдалы шешімдер қабылдауға және өңдеуге көмектеседі.
2. Зерттеулер әдетте қысқа мерзімде, және қоғамдық өмірде орын алған оқиғаларға жиі байланысты (сайлау т.б.) жүзеге асырылады. Сондықтан да зерттеуші тиянақты дайындалу үшін оны өзіне ыңғайлы уақытқа ығыстыруға не кейін қалдыруға мүмкіндігі жоқ.
3. Әрбір нақты зерттеуде шектелген сұрақтар қарастырылады, бірақ толығымен әлеуметтанушыға кең ауқымды мәселе төңірегінде жұмыс жасауға тура келеді, сондықтан зерттеу тобы мүшелерінің жан- жақты дайындығына жоғары талап қойылады және кейбір жағдайларда мамандарды сырттан қабылдауға тура келеді.
4. Қоғамдық пікірді зерттеу күшті ұйымдастырылған құрылымды, үлкен қаржылық мүмкіншіліктерді және жоғары білікті мамандардың қатысуын қажет етеді.
Қайталауға арналған сұрақтар
Не үшін қоғамдық пікір әлеуметтік институт болып табылады?
Қоғамдық пікірдің зерттеу мәселесі, тақырыбы ?
Бүгінгі күнгі қоғамдық пікірдің ерекшелігі қандай?
Қоғамдық пікірді зерттеудің ерекшеліге неде?
2- дәріс Қоғамдық пікірді зерттеудің теориялық негіздері
2.1. Қоғамдық пікірдің даму тарихы.
Қоғамдық пікірдің даму тарихын адамзат қоғамының қалыптасуындағы алғашқы кезеңінен бастап қарастырған жөн.
Алғашқы қоғам дамуының басты белгісі –биологиялық пен әлеуметтік күрес нәтижесінде жануарлық өзімшілдігі жойыла бастаған маймыл тәріздес адамдар. Олар ірі жануарларды аулаумен айналысып, тұрғылықты өмір сүру салтын кешті. Бұл ұжымдасудың алғашқы үлгісі болды, бұл жерде олар еңбектену процесінде бірікті және топтасып іске араласа бастады.
Бұл табиғи сұрыптау кезінде әлеуметтік байланысы мен өзара жәрдемдері мықты ұжымдар сақталып, үрдістің күшейуіне ықпал етті. Бұндай топтар жауға төтеп беріп, табиғат апаттарынан қорғанды,біртұтас бірлестікке топтасып тек күштілері ғана емес, тапқыр, айлакерлері де еңбек құралдарын жасап, біріккен іс-қимылдарды ұйымдастырды. Тобыр ішінде әлеуметтік құбылыстардың кеңейуі, өндірістік қатынастардың қалыптасуы саналы түрде әрекет ету, еңбек құралдарын дайындау ойдың дамуына алып келді, олардың бір-бірімен сөйлесуге деген қажеттілік туындады. Алғашқы қоғамда сөйлесу белгі беру, ымдау түрінде болды. Еңбек құралдарының күрделенуі және өндірістік қарым-қатынастардың нығаюына байланысты айқын сөз де дами түсті. Осының нәтижесінде адам миы дамып, ойлауы мен санасы қалыптасты.
Табиғат пен адамзат арасындағы қайшылық тылсым табиғат күштеріне қарсы бірігуге мәжбүр етсе, екінші жағынан тіршілігін жалғастыру қажеттілігі де туындады. Табиғатқа және бір-біріне деген саналы қарым-қатынас қалыптасты. Әлеуметтіліктің алғашқы белгілері, ұжымдық іс-әрекеттер орын алды. Бұның бірінші реттеушісі ретінде қоғамдық пікір пайда болды. Ол алғашқы қауымдастықтың әр мүшесінің іс әректінің үстінен ортақ келісім билігін бейнелеуден көрініс тапты.
Қоғамдық пікірдің қалыптасуының негізгі сферасына қоғамдық өндіріс жатады, соның ішінде өндірістік қарым-қатынас. Алғашқы қауым мүшелерін бір ғана мәселе толғандырды, ол табиғатпен және бір-бірімен қолайлы қатынас жолымен өздерінің ұжымын азық-түлікпен қамтамассыз ету. Қоғамдық пікір алғашқы қоғамның заңдары мен тыйымдарының қатаң бақылауында болды. Ру басыларының, қоғамдық пікірді ескеруі өз руының мақсат-мүдделеріне қызмет етуге, билік тізгінін ұстауға кепілдік берді.
Қоғамдық пікір феноменінің қалыптасуы адам мен табиғат арасындағы қайшылықтардан, қажеттіліктен туындаған ұжымдардан бастау алған қоғам дамуымен байланысты. Алғашқы ұжымдар табиғат тылсымына қарсы тұрып, әрбір адамның тіршілігін қамтамассыз етті.
Аталған өтпелi кезеңде адамзат алғаш рет әлеуметтiк жағдайға ие болғанда ең алдымен ұжымдық қоғамдық қатнас пайда болды.Бұл қатнастардың реттегiштерiнiң бiрi ретiнде қоғамдық пікір ортақ келiсiмдер алғашқы қауымда оның әрбiр мүшесiнiң үстiнен билiк алды.
Қоғамдық пікір қалай қалыптасты?
Ең алғаш “ерiк” билiк еттi. Қоғам иерархиясы нақты топтарға шектелдi(ересек ерлер,ересек әйелдер, қарттар, балалар),иерархияның жоғарғы нүктесiн ру басы иелерi иелендi,ол ешқашан өз еркiмен ештеңенi өзгерте алмады,қоғамдық пікір бәрiн бақылап қадағалап отырды.
Егер тарихқа үңiлетiн болсақ, яғни, қоғамдық пікір құлиленушiлiк, феодалдық қоғамда, тек құл иеленушiлер шонжарлар кіретін лайықты адамдардың ғана шексіз құқына ие болды.Қоғамдық пікір бұқараның тұрақты тұпаты ретінде сақталмады .
1) Құл иленушiлiкке қарсы көтерілістер болды, бірақ бұндай көтерілістер жайбрақат түрде болып, қоғамда ешқандай өзгерiстi талап етпедi.
2) Ұсақ шаруашылықпен айналысатын кедейлер мен құлдардың бытыраңқылығы басқа шаруашылықтағы құлдармен араласуға олардың өз мумкiндiктері болмады.
3) Құл иленушiлердiң өздерi ұжым iшiнде бiрлiк болмауын қадағалады және құлдарды iрi және кiшi дәрежелі артықшылықтарына қарай топтарға бөліп ,ал кейбiреулерге жеке еркiндiкпен экономикалық жетiстiктерге жол ашты.
Сонымен мұндай жағдайда құлдар тап ретінде бiрiкпеді және ұжымдық көзқарас болуы мүмкiн болмады.
Бiрақ, құлиленушiлiк қоғамның әлеуметтiк құрлымын қарайтын болсақ,онда ол күрделі және бөлекшектенген едi. Сонымен Рим мемлекетiнде негiзгi таптар –iрi меншiк иелерi-құлиленушiлер және құлдар табымен қатар орта топтың өкiлдерi-шаруалар,өсімқорлар роставщиктер, батрактар,солдаттар,ұсақ жер иелерi және жаңа туған топ-интелегенция болды.
Ежелгі дәуір қоғамның әлеуметтiк құрылымының қиындығы таптарға бөлiнуiмен қатар мәртебелерге және сословиелерге бөлiнумен байланысып жатыр.Топтың иерархияда адамдардың орны олардың шығу тегіне байланысты болып , мүлiктiк цензымен түзетіліп отырған.
“Алтын ғасыр” заманында Рим Республикасында мемлекеттiк құрылым 3 билiктiң негiзiнде қалыптасты: монархиялық –аристократикалық- сенат, демократикалық-халықтық (ұлттық) жиналыс, яғни қоғамдық пікір болып табылған халықтық жиналыс институты болды. . Халықтық жиналыстың екi түрi жұмыс істеді: центурианттық (үлкен), трибуттық (кiшi). Ортақ пікір көпшiлiк дауыспен анықталды. Құлдар алдымен дауыс бермес бұрын өздерiнiң экономикалық жағдайы тәуелді болған қожайындарына қарайлады. Құлдарды тұрғылықты жерi бойынша трибуттық жиындарға жіберді. Қарапайым адамдардың сансын бұзатын мемлекетке қарсы пікір таратушыларға қарсы Рим тарихында қатаң заң қабылданды. Оларды қудалау және ізін қадағалау аппараттары белсенді жұмыстар жүргізді , құпия агенттер пайда болды.
Атақты Рим императорларының бiрi- Нерон халықты өзiнiң қойылымдарына жинап, халықтың арасына өзiнiң бақылаушысын жiберiп, стадионға жиналғандардың көңiл-күйiн бақылап отырды.
Құлиеленушiлiк құрлымда қоғамдық пікірдің түбірімен қарама-қарсы екі типі: езушілер және езгіге түскендер табының пікірі қалыптасты. Шiркеулiк идеология билiк еткен феодализм уақытында “қоғамдық пікір” терминi пайда болды (publik opinion). Оны ағылшын жазушысы, мемлекет қайраткерi Д.Солсбери ХII ғ. Мемлекетте халық тарапынан парламентке моральдiк қолдау көрсету үшiн қолданады.
Егер қоғамдық пікірдің гносеологиялық, философиялық-әлеуметтiк, әлеуметтiк-психологиялық талдаулары мынадай ойшыл софистер:Протагор, Сократ, Платон, қоғамдық пікірге қатысты Аристотель ілімдері, утопистiк ойшылдар – Мор, Кампанелла, ХV ғасырдағы Италияның гуманистiк бағыты және оның өкiлдерi – Л.Бруни; М.Пальмерн, А.Ринуччини және т.б. өз еңбектерінде қарастырылады. Олар Флорентиялық Республиканың саяси өмiрiнiң демократикалық азат етілуіне үлес қосты. ХVI ғасырларда Германиядағы шаруалар соғысының жетекшісі, ғалым Т.Мюнцери жеке меншiкке және қоғамның барлық мүшелерiне мiндеттi еңбекке қарсы болды.
ХVI-ХVII ғасырдың басында Т.Мор және Т.Компанелла утопист ғалымдар “утопистiк социализм” идеясын мемлекеттi басқаруға халықтың қатысуы, яғни теңдiк идеясын туралы идеяны қалыптастырды.
ХVIII ғасырдың аяғында Европада идеялар күресінің негiзiнде саяси өмiр қажеттiлiктерiне байланысты бiрiгу процесi басталды.
Француздық басылым буржуазиялық революция уақытында маңызды саяси күшке айналды. Қоғамдық пікір 150 газеттерде көрiнiс тапты. Буржуазия өз идиолоиясын насихаттауда баспаны тиімді құрал ретінде пайдаланды. Буржуазиялық – революциялық қозғалыс- көпшілік халықтың эмоционалдық-ерiктiк көтерiлуiне бұқаралық төңкеріс ой шабытының жұмылдырудың жаңа формаларын қалыптастырды.
Газет, журналдардың тиражының өсуi әлi де болса қоғамдық пікірдің еркiн көрiнiс табуын қамтамассыз етпедi. Бұқаралық басылым қатардағы оқырман трибунасына айналмады , өйткені буржуазиялық өкімет демократиялық мемелекеттің дамуына мүдделі болмады. Кейінен қоғамдық пікірдің шұғыл өңделуін жоғарғы деңгейге көтерген телеграф пайда болды Алдын- ала бұқаралық сананың эмоционалды- психологиялық жағына әсер ететін идеялық концепциялар жасалынды
Бұл жерде бiз қоғамдық пікірдің қалыптасуында жаңа құбылыстар насихаттауда манипуляциялауды кездестіремiз. Буржазиялық мемлекет қоғамдық пікірмен халықты уысында ұстау үшін маңызды роль атқарған шiркеуге билiк еттi.
Буржуазияға билiк етушi тап ретiнде және оның қоғамдық пікіріне қарсы қоғамдық пікірдің жаңа тарихи типі –пролетариаттық пікір қалыптасты. Жұмысшылардың жалпы пікірлерінің қалыптасуының негiзiнде стихиялық бастау жатыр, олардың ұжымдық талқылаулары тұрақтылықпен ерекшеленедi және нақты саяси және идеялық бағыты болмады.
Буржазиялық қоғамдық пікір әлеуметтануының пайда болуы немiс әлеуметтанушысы Ф.Тенистiң “ қоғамдық пікірге сын” атты еңбегiмен байланысты (1922ж). Қоғамдық пікірге белсендi түрде әлеуметтiк,әлеуметтiк-психологиялық талдау жасау XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады,әсiресе бұл жерде Г.Тардтың “Қоғамдық пікір жене тобыр”атты еңбегi маңызды роль атқарды .Онда қоғамдық пікір“көпшiлiк” арқылы туындайды деп көрсетілген. Қоғамдық пікірді зерттеу табиғатымен әдiстерiнiң теоретикалық көрiнiстерiнiң қалыптасуына А.Л.Лауэллдiң “Қоғамдық пікір және халық үкiмет” атты еңбегi маңызды әсер еттi. У.Лимпан, А.Л.Лоуэллдiң идеясын әрі қарай дамыта отырып , мемлекеттiк басқару үрдісіне қоғамдық пікірдің әсер ету сферасы шектеулi екендігін айтады. Қоғамдық пікірдегі шектеулiкті Лимпан адамдардың басылымдағы материалдарды жеткiлiксiздiгi мен бұрмаланған ақпараттың кең қолдануынан және өздерiнiң мүдделерін түсiнуге қаблетсiздiктерiнен көреді. Осыған байланасты Лимпан саяси қызметкерлер ,партиялар,жарнама,әртүрлi әлеуметтiк-кәсіби және этникалық топтар жөнінде қоғамдық пікірді формаларды белгілеу үшiн “стереотип” түсiнiгiн енгiздi Лимпанның айтуына сәйкес стереотиптер адамдардың қарым- қатынасын тән, сондықтан “ағымдағы пікірдің” ажырамас бөлiгi болып табылады.Қоғамдық пікір болашақ саяси әлеуметтану мен бұқаралық коммуникациямен тығыз байланысты. (Б.Берельсон,П.Лазарсфельд,Г.Лосуэлл) Ол өз бетімен тәуелсіз сала бола алмайды.Бұған қоғамдық пікірді жеке тұлғалық ұстанымдардың механикалық қосындысы ретінде қарастыру тенденциялары себеп болған.
Батыс әлеуметтанушылары қоғамдық пікірді талдауының негізгі мәселелері мыналар: қоғамдық пікірдің қалыптасуына ақпараттың ықпалы (П.Конверс,Д,Сире), саяси ұстанымдар, сайлаушылар таңдауы, саяси құштарлық пен сенім (С.Липсет,А.Кэмпбелл), жас ерекшелік, жанұя, таптық, нәсілдіктің саяси салада қоғамдық пікірге ықпалы (М.Дженинге), әлеуметтік ұстанымдар, өмір сапасы мен деңгейіне қанағаттану, нонконфоризмге төзімділік (К.Ханн)т және т.б.
Қазіргі кезеңде экономикалық мәселелер жайындағы қоғамдық пікірге көп қызуғышылық білдірілуде - жұмыссыздыққа, инфляцияға, табыстардың теңсіздігіне (Д.Гибс) сайлау науқаны кезінде азаматтардың мінез-құлқысы және т.б.
Қоғамдық пікірдің бүтіндей теория концепциясын құрған Г.Гегель болды. Гегель құқық философиясында « қоғамдық пікірді жалпылама, субстанциялы және ақиқат», өзінің қарама – қайшылығымен өзіндік ерекше көпшілік пікірлерден тұратын шындықтың дұрыс тенденциясын бейнелейді деп түсіндіреді (Г.Гегель 1934 ж) .
Орыс ойшылы В.Соловьев қоғамдық пікірдің қуатын қамтамасыз ететін ,халықтың рухани күшін шығару жолдарын іздеуге назар аударған.Ол «тұлғаның әлсіз дамуы арқылы қоғамдық пікірдің дамуын Ресейдің негізгі әлсіздігі » деп түсіндіреді.
Шаруалардың азаматтық азат етуге ,крепостнойлық құқықты жоюға қарағанда Ресейді рухани өсуін маңыздырақ екендігін В.С. Соловьев мойындады. Капитализмнің құрылымы қалыптасу барысында бұқаралық қатынас құралдары көрінеді. Марксизм бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі қызмет ету заңдылықтарын зерттеуде бай дәстүрлеріне сүйенеді.
Кеңес әлеуметтанушылары 20 жылдардың өзінде радио, кино, баспаның қызметін зерттеуде марксизм классиктерінің мұраларына жүгіне отырып, құрастырған. Үлкен қызуғышылық пен нақты әлеуметтанушылық зерттеулердің таралуы, газет және журналдардың аудиториясын (Н.Рыбникова, Я.Яковлева, К.Кабо) киноаудиториялардың (А.Прянского, Р.Егиазарова) сиппатын анықтауға септігін тигізді.
Бірқатар еңбектерде бақылау, статистикалық мәліметтер, анкеталық сауалнамалар, сұхбатнама сияқты ақпаратты жинаудың кешендік әдістері қолданылады. Соғыстан кейінгі кезеңде қоғамдық пікірді зерттеуге көп көңіл бөліне бастады. Еңбек белсендігінің өсуімен , қоғамдық- саяси қызметінің кең ауқым алуы адамдардың бұқаралық ақпарат құралдарына сұранысын өсірді, қоғам өмірін бақылау және реттеу құралдары болып отырған қоғамдық пікір және ақпаратты насихаттауды зерттеу қажеттілігі артып отыр.
Кеңес ғалымдары қоғамдық пікірді бақылау ,құжаттарды талдау, сауалнама әдістерімен зерттеуде мынадай түсініктерді жиі қолданады, «қарым-қатынас», «бағалық талқылау », «сана жағдайы» /Р.А. СафировВ.А.Грушин В.С.Коробейников/.
С.Ф. Хитров қоғамдық пікірдің мәнін нақты қоғамдық сананың жағдайы арқылы түсіндіреді.
В.Б Житенев қоғамдық пікірді бұқаралық сананың бағалық жағдайымен айқындайды. Қоғамдық пікір әлеуметтік өмірдің жалпы мәселелері жөнінде ірі қауымдастықтың ортақ мүделеріне қатысты бағаланған талқылаулар ретінде анықталады, сонымен қоса қоғамдық пікірдің әлеуметтік өмірде оқиғаларға фактілерге қатынасы бар.