Рецензенттер: Әлеуметтанушылық ғылымдарының докторы, профессор Әженов М. С


Қоғамдық пікір әлеуметтануы теориялық- әдістемелік мәселелері



бет2/12
Дата28.09.2023
өлшемі68,22 Kb.
#182863
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
treatise162402
Most useful words, 5 Экзаменационнная работа Проф рус (1), 5 Экзаменационнная работа Проф рус (1), 5 Экзаменационнная работа Проф рус (1), Китайский Антидемидович - 1 часть-1, Китайский Антидемидович - 1 часть-1, Стоматология ортопедическая (зубной техник), 07 Минералы и горные породы (1), Пиридиннің негіздік қасиеті видеоскрин, CamScanner 29-11-2022 09.20
Қоғамдық пікір әлеуметтануы теориялық- әдістемелік мәселелері

Дәріс- 1.Қоғамдық пікір әлеуметтануы- арнайы әлеуметтануылық теория ретінде

1.1.Қоғамдық пікір әлеуметтануы нені зерттейді?


Қоғамдық пікір әлеуметтануы - қоғамдық пікірдің заңдылықтарын және қалыптасу механизмі мен қызмет етуін зерттейтін әлеуметтанудың бір саласы. “Қоғамдық пікір” терміні Англияда пайда болып, 18 ғ. аяғында жалпыға ортақ ұғым ретінде қабылданды.
Қоғамдық пікір туралы теориялық зерттеулердің бастамасын француз әлеуметтік психологы Г. Тард есімімен байланыстырады. Ол қоғамдық пікірдің пайда болуын адамдар арасындағы қарама-қатынас, пікір алмасу, сенім негізінде қалыптасатын еліктеудің психикалық механизмі әрекетімен негіздеді.
Қоғамдық пікір туралы теориялар американдық әлеуметтанушылар А.Л. Лоуэлл мен У. Липман еңбектерінде орын алды. Олар қоғамдық пікірді білдірудің формаларымен, көпшілік пен азшылық көзқарастарының ара қатынасымен, қоғамдық пікірдің жетік болар шекараларын, оның әсер ету сферасымен байланысты қоғамдық пікір әлеуметтануының негізгі мәселелерін анықтады Лауэлл мен Липман қоғамдық пікірдің әлеуметтік шындықты адекватты түрде көрсете алмайтын және дағдарысты ситуацияларда қателесуі мүмкін болатын шектеулі мүмкіндіктері болатыны туралы қортындыға келді. Сондықтан қоғамдастық Үкімет қабылдайтын шешімге әсер етпеуі қажет, бұндай әсер ету қауіпті деген пікірде болды. Бұл адамдардың күнделікті өмірдегі жағдайларды жиі бағалауымен және адамға әртурлі жағдайларға күмән тудырмай бейімделуіне көмектесетін, қалыптасқан стериотиптерге байланысты шаблонды түрде әрекет етуі (стеоретип- ерекше тұрақтылыққа ие әлеуметтік объект немесе оқиғаның үлгіленген бейнесі). Бірақ ситуацияларда да талдау мен өзіндік позиция керек, стереотиптер негізгі дұрыс шешім қабылдауға негіз бола алмайды.
Кейінірек американдық әлеуметтанушылар мынандай диллемаға келді: Бір жағынан демократиялық қоғамда халық саясатқа белсене араласуы қажет болса, екінші жағынан нақты ситуация билік басындағылардан нені талап ететіндігі мен қалыптасқан жағдайды ұтымды және барабар түсіндіре алмайтын көпшілік пікірі арасында қайшылықтар тууы мүмкін. Демократиялық принциптер артық және орынсыз болады. Қоғамдық пікірді зерттеудегі жаңа кезең 1940 жылы комуникацияға жететін екі сатылы жолды ұсынған Л. Ф. Лазарсфельд, Б. Берельсон, Г. Годэмен байланысты. Олар ақпараттың таралуы және оның қоғамдық пікірге әсері екі кезеңнен тұрады деп есептейді: 1) БАҚ-нан пікірлер лидерлеріне көбінесе формалды емес лидерлерге дейінгі кезең. 2) Осы лидерлерден олардың ізін жалғастырушыларға дейінгі кезең. Белгілі-бір инновациялық топтар жаңа бағыттар мен мәліметтерді бірінші болып қабылдайды.
Сонымен 50-60-шы жылдары батыста өзіндік проблематикасымен, түсінік аппаратымен, әдісі және зерттеу техникасымен қоғамдық пікір әлеуметтануы қалыптасты. Қоғамдық пікірді зерттеу проблематикасы негізінен саяси ұстанымдар мен қалауларда, өмір сүру деңгейі мен сапасына қанағаттылықты,қоғамдық пікірдің халықтың әр түрлі әлеуметтік сиппатына тәуелділігін дәстүрлі зерттеулермен байланысты. Ол өзінің талдау жасау сферасына экономикалық проблемаларды, әлеуметтік әділеттілік мәселесін, қоғамның сыртқы саясатқа әр түрлі аспектіде қатысты позицияларын кіргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет