Рецензенттер: Әлеуметтанушылық ғылымдарының докторы, профессор Әженов М. С



бет10/12
Дата28.09.2023
өлшемі68,22 Kb.
#182863
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
treatise162402
Most useful words, 5 Экзаменационнная работа Проф рус (1), 5 Экзаменационнная работа Проф рус (1), 5 Экзаменационнная работа Проф рус (1), Китайский Антидемидович - 1 часть-1, Китайский Антидемидович - 1 часть-1, Стоматология ортопедическая (зубной техник), 07 Минералы и горные породы (1), Пиридиннің негіздік қасиеті видеоскрин, CamScanner 29-11-2022 09.20

Қайталауға арналған сұрақтар




  1. Қоғамдық пікірді қалыптастырушы бұқаралық ақпарат құралдарының қайнар көздері

  2. Әлемдік әлеуметтануда қай ғалым құжаттарды қоғамдық пікірді зерттеу көзі ретінде қарастырған

  3. Құжаттардың түрлерін жіктеңіз

  4. Қрғамдық пікір мен Паблик Рилейшнс ара қатынасы



7 -Дәріс. Әлемдік қоғамдық пікір

Кез келген өркениетті қоғамда қоғамдық пікір іштей жеке мүдені қарастыратын мәселелерде ғана емес, сонымен қатар халықаралық, әлемдік, жалпы адамзаттық маңызды сұрақтар төңірегінде де қалыптасады. Әр түрлі елдерде өзінің ұлттық шекаралары мен халықаралық және мемлекетаралық мәртебесін алу жөнінде қоғамдық пікірдің көрініс алып жатуы, соңғы онжылдықта адамзаттық қоғам өмірдінің көрнекті ерекшелік


Қазіргі кезде /әлемдік қоғамдық пікір/-деп аталатын арнайы феноменнің жаңа сапалық деңгейі өсіп, өзектілігі артып отыр
Жыл сайын бұл ұғым мемлекеттік ,саяси ,қоғам қайраткерлерінің лексикондарында кеңінен еніп, халықаралық форумдардадың трибуналарынан айтылып жүр Әлемдік қоғамдық пікір маңызды оқиғалар мен үрдістердіің дамуын бақылайды, баға беріп, талдаулар жасайды, жанжалды ситуациялар мен ұшыққан халықаралық мәселелерді шешуде жоғарғы төрешілік ролін атқарады
Сондықтан да оның шешімін мемлекеттер мен саяси партиялардың жетекшілері,халықаралық қауымдастық , көптеген ,халықаралық, өкіметтік емес ұйымдар және әр түрлі елдердің, континентердің халықтары тыңдайды. Халықаралық қоғамдық пікірдің біртіндеп моралдық-саяси беделінің артуы және әсер етуі табиғат жөнінде ,бұл ерекше феноменнің объектісімен мен субъектісі және оның дамуындағы қозғаушы күштер мен шарттарды, оған тиісті әлеуметтік қызметтер жөнінде жан- жақты ұғынып қарастыруды қажет етеді.
Халықаралық қоғамдық пікірдің арнайы әлеуметтік феномен ретінде қалыптасу алғышарты әлемде туындаған әлеуметтік пікірлерден шығады, олардың ішінде келесілерді бөліп алуға болады: - шешімі тек жеке елдер мен халықтардың ғана емес тұтас адамзаттың өмірлік қажеттіліктеріне қатысты болатын ғаламдық мәселелердің туындауы мен күшеюі;
- бұрын-соңды болмаған дүниежүзілік байланыстарды кеңейту, халықтар мүдделерінің байланысуы, олардың өзара танысуларының тереңдеуі;
- жүйелі-тарихи процессте субъективті фактордың рөлі мен мәнінің ұлғаюы, жалпы әлемдік даму барысында пайда болатын дағдарыстарды жеңудегі саналы, дұрыс бастамасы;
- қазіргі заман адамының өмір салтының ойшылдығы;
- халық бұқарасының сана-сезімін көтеру және белсендіру;
- бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникацияның көлемін ұлғайту мен белсенділігін арттыру;
- сананың сапалы типінің туындауы: жалпы адамдық, планетарлық сананың, олардың әрекет ету мен көрінуінің арнайы тәсілі дүниежүзілік қоғамдық пікір болып табылады.
Дүниежүзілік қоғамдық пікір - түрлі елдер мен құрлықтардың халықтарының жақындасу мен бірігу күшімен сипатталатын әлемдегі жағдайдың тарихында аналогы жоқ, сапалы-жаңа өнім болып табылады. Халықаралық қоғамдық пікірлердің реакцияларының көрінулері бірдей емес. Олар, шиеленісуі халықаралық қоғамдық пікірдің әрекетінде көрінетін халықаралық атмосфераның жағдайына әсер ететін осы сәтте планетада туындаған өмір шарттарымен анықталады.
Халықаралық қоғамдық пікірдің әрекет ету механизмін анықтау үшін оның субъектісі (тасушысы) мен айтушысы арасындағы айырмашылықтары маңызды болып табылады. Халықаралық қоғамдық пікірдің субъектісі ретінде, жалпы адамдық, планетарлық сананың жасаушысы болып табылатын планетаның халық бұқарасы болады. Өз кезегінде мұндай пікір айтушылар неғұрлым аз әлеуметтік қауымдастықтар болуы мүмкін: жеке мемлекеттер мен халықтар, халықаралық ұйымдар және одақтар, әлеуметтік-таптық және демографиялық топтар, сондай-ақ жеке саяси және қоғамдық қайраткерлер, қатардағы азаматтар – бір сөзбен айтқанда, аталған халықаралық қоғамдық пікірдің ұстанымын тек бөлісіп қана қоймай, оның жетекшісі ретінде халық алдында шығатындар. Халықаралық қоғамдық пікірді білдіру механихзмінде ерекше рөлді халықаралық, интернационалдық институттар алады, олар өзінің қызмет саласы бойынша жалпы адамдық құлықтық құндылықтарды жақтауға, ұлттық және мемлекеттік мүдделердің жалпы адамдық мүдделермен тиімді қатынасын табуға шақырылған. Ең алдымен бұл, бейбітшілік пен халықаралық ынтымақтастықты бекіту ісінде жоғары міндеттерге ие Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысты.
Халықаралық қоғамдық пікірдің нысаны халықаралық шындық болып табылады. Оның саяси аспектісінде. Бұл нысанның ядросы, шешіміне адамзаттың үдемелі дамуы тәуелді болатын қазіргі заманғы ғаламдық мәселелер болып табылады. Халықаралық қоғамдық пікірлердің тұрақты реакцияларын тудыратын мұндай мәселелерге жатады: дүниежүзілік термоядролық соғыстың алдын алу және жер шарының барлық халықтарының дамуы үшін бейбіт өмірмен қамтамасыз ету, ғарыш пен Дүниежүзілік мұхитты бейбіт меңгеру, адамзаттың ары қарай экономикалық дамуын қажетті табиғи ресурстармен, азық-түлікпен, өндірістік шикізатпен және қуат көзімен қамтамасыз ету, табиғи ортаны қауіпті өнеркәсіптік және ауылшаруашылығының қалдықтарымен ластаумен байланысты экологиялық апаттың, химиялық немесе биологиялық соғыстың алдын алу, экономикалық артта қалушылықты жеңу, Африка, Азия, Латын Америкасының дамушы елдерінде кедейлік пен сауатсыздықты жою, сондай-ақ бұл елдерде, олардың әлеуметтік-экономикалық прогресін қиындататын халықтың өсуін («демографиялық жарылыс») шектеу; ғылыми-техникалық революцияның түрлі теріс салдарынвң алдын алу және жою, қауіпті ауруларды жою және т.б.
Мұндай мәселелердің ғаламдық сипаты, әрбір мұндай мәселе барлық адамзаттың мүддесіне қатысты болады, тіптен ол тек жеке аймақта болса да. Әрбір ғаламдық мәселенің негізінде жатқан қайшылықтар халықаралық қоғамдық пікірдің нақты реакциясының туындауының алғышарты болып табылады. Өз кезегінде, қандай да бір қайшылықтардың алдыңғы қатарға шығуы, оның шиеленісуі адамзат санасында онымен байланысты ғаламдық мәселені шешу қажеттілігін көкейкесті етуге, аталған пікірдің қарқынды құрылуы мен көрінуінің қозғаушы күші болапы табылатын бүкіл дүние жүзінде оған деген көзқарасты күшейту мен тұрақтандыруға әкеледі. Халықаралық қоғамдық пікір өзіндік сапалық және сандық анықтылыққа ие. Оның сандық параметрлері үздіксіз оның субъектісімен байланысты және сол себепті де қысқа, бірақ сыйымды формуламен анықталуы мүмкін: «Бүкіләлемдік халықтық көпшілік». Бұл, көпшілік қауыммен қолдау тапқан планета халықтарының санасында кең тараған, басым ұстаным.
Халықаралық қоғамдық пікірдің сапалы анықтығы жоғары Гуманистік мақсаттарға, шынайы жалпы адамзаттық құндылықтарға көтеріледі және оны субъектімен жалпыадамзаттық қажеттіліктер мен мүдделерді қабылдауымен негізделеді. Осыған орай, халықаралық қоғамдық пікір мифі, өзінің қоғамдық құрылысы, рухани, идеялық, мәдени-тарихи дәстүрі, ұлттық санасы, психологиясымен ерекшеленетін планетаның барлық мемлекеттерінің қоғамдық пікірінің арифметикалық қосындысымен емес, керісінше, әрбір осы пікірлерде бар жалпыадамдық мазмұнның бірлігімен анықталады.
Ғаламдық мәселелерді бағалауда, халықаралық қоғамдық пікірдің туындауына түрткі болатын таптық көзқарас туралы атап өту қажет. Мұнда абстаркты-адамгершілікті ұстанымына өтуге болмайды. Себебі ғаламдық мәселелердің өзі, ең алдымен термоядролық соғыс қаупі, дамушы елдердің экономикалық артта қалуы, табиғат ресурстарын хайуандықпен пайдалану, тікелей әлеуметтік қатынастардың антогонистік жүйесімен, өндіріс анархиясымен және т.б. туындайды. Мұның бәрі, түрлі әлеуметтік жүйелермен бейбіт өмір сүріп отырған елдерге қауіп төндіретін агрессивті, империалистік, сыртқы саясатпен тереңдейді.
Халықаралық қоғамдық пікірдің табиғатының ерекшелігін анықтау үшін оның тек рухани деңгейде ғана емес, яғни бұқаралық ойлар арқылы, рухани-саяси деңгейде, яғни халықтардың белсенді әлеуметтік әрекеті арқылы, өзінің потенциялын көрсететіндігін ескеру қажет. Қазіргі кезде халықаралық қоғамдық пікірдің әрекет етуінің екінші, неғұрлым әрекетті деңгейге (рух-практикалық) «ауысуы» - қазіргі кездің ерекше белігісінің бірі. Рух - халықаралық қоғамдық пікірдің практикалық потенциялы оның термоядролық соғыстың алдын алу, қауіп ошақтарын жою, қару-жарақты молынан шығаруды тоқтату, халықаралық шиеленісті шешуді қамтамасыз ету мәселелеріне оның қатынасымен ашылады. Бұл екі себеппен түсіндіріледі. Біріншіден, соңғы жылдары халықаралық қоғамдық пікірде қазіргі кездегі ядролық жанжал өркениеттің құруына, өмірдің жойылуына әкеледі деген терең түсінік қалыптасып отыр. Екіншіден, әлемдік қауымдастық халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің экономикалық дамумен тығыз байланысына, аяқталмайтын әскери жанжалдар, әскери шығындардың керемет өсуі адамзаттың әлеуметтік прогрессін тежейтініне, жедел ғаламдық мәселелердің шешімін қиындататынына, экономикалық дағдарыстарды жеңу үшін, артта қалушылық, аштық, ауру, сауатсыздық ошағын жою, қоршаған ортаны қорғау үшін жаңа қуат көздерін іздеу үшін пайдаланылуы мүмкін орасан материалдық және интеллектуалдық потенциалдарды тартатынына көзін жеткізіп отыр.
Планетадағы жағдайдың шиеленісуіне жауап ретінде туындаған халықаралық қоғамдық пікір, халықаралық қатынастарды жалпымәнді әлеуметтік бағыттарды бекітуге, қазіргі адамзат дамуының оның өмірлік қажетті талаптарын орындайтын, оның әрі қарай алға басуына мүмкіндік беретін нормалар мен адамгершілік заңдарын бірге жасауға бағыталған.
Халқаралық қоғамдық пікір жаппай қарулануға тыйм салуға негізделген реакциясынан және өркениетті өзін -өзі жоюдан сақтап қалуға және т.б. жаңа түрдегі ойлаудың белгілері айқын табылып жатыр.
Бұл халқаралық қоғамдық пікірдің бағалау тірегі болып, , жалпыадамзаттық мораль түсінігі , парасаттылық позициясы, дамып жатқан жаңа планетарлық гуманизм, жер тағдырына ұжымдық жауапкершіліктің рұхынан көрінеді
Халқаралық қоғамдық пікір планетарлық патриотизмге айналуда және өзінің қабілетілігін жетілдіріп, бейбітшілік, парасаттылық және еркінділіктің орасан зор потенциалын арттыруда маңызды роль атқаруда
Халқаралық қоғамдық пікірдің қазіргі ғаламдық мәселелерге, халықаралық іс әрекеттің оқиғалары мен үрдістеріне реакциясының сипатын талдау, оған тиісті бір қатар әлеуметтік қызметтер бөліп көрсетуге негіз болады.

  • -бағалаушылық - ол барлық адамзат мүдделерін шалатын мәселеллерге өзінің құндылық қатынасын білдіреді.

  • -бақылаушы -әлемде жағдайдың жәй-күйін және дамуын қадағалауға қажеттіліктен туындайды

  • қорғаушы оның негізгі міндеті- адамзаттық мүдделерді қорғауға бағытталған Бұл жерден адамзаттың өзін-өзі қорғау түйсігі көрінеді

  • -комуникативті жұмылдырушы - бұқара халықты планетадағы өмірді сақтауға , ғаламдық мәселелерді әділетті шешу үшін күреске бағыттаушы және жұмылдырушы фактор болып табылады.

  • -реттеуші- әлемдегі моральдық- саяси климат күйіне әсер ету қабілеттілігінен көрінеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет