5.ДӘРІС ӘЛЕУМЕТТЕНУ ЖӘНЕ БІРІГЕЙЛІК «Əлеуметтену» ұғымы қазіргі кезеңде кеңінен таралып, тек қана əлеуметтану ғылымында емес, сонымен бірге психология, педагогика, этнология, криминалистика, əлеуметтік жұмыс, дінтану жəне басқа да қоғамдық ғылымдар саласында қолданылады. Тұлғаның түрлі теорияларының негізін құрайтын əлеуметтену процесінің көптеген парадигмалары қатар өмір сүріп келеді. Əлеуметтену процесін зерттеуге қатысты тəсілдердің көптігі бұл əлеуметтік құбылыстың күрделі жəне қарама-қайшылықты екендігін жəне топтастыру мен жүйелеудің əрқилы түрлерінің мүмкін екендігін көрсетеді.
Əлеуметтенудің социологиялық анықтамаларында тұлғаның қалыптасуына тигізетін əлеуметтік факторлардың (рөлдер жəне мəртебелер, құндылықтар, талаптар, əлеуметтік институттар, т.б.) əсеріне ерекше көңіл бөлінеді. Психологиялық анықтамаларда дербестіктің қалыптасуына жəне адамдардың жекелік айырмашылықтарына ак- цент жасалынса, педагогикалық анықтамаларда əлеуметтену процесіндегі тəрбиенің рөлі қарастырылады.
Тұлғаның əлеуметтенуі деп оның қоғамға енуі арқылы сыртқы орта мен жекелік сапаларының əсерлерінің негізінде өзінің жекелік жəне əлеуметтік мəнін көрсетуін айтады. Осылайша, əлеуметтену процесінде тұлғаның əлеуметтік тұрғыдан дамуы ғана емес, сонымен қатар оның жекелік ерекшеліктерінің қалыптасуы да жүзеге асады.
Тұлға əлеуметтену процесінде қоғамдық қатынастардың субъектісі жəне объектісі ретінде қалыптасады. Əлеуметтенудің мүдделер немесе бағыну принципіненегізделгенмеханизмдерініңерекшеліктеріне байланысты оның құралдарының қандай да бір түріне артықшылық беріледі. Тоталитарлық қоғам жағдайында бағыну принципіне негізделген əлеуметтенудің ақпараттық-білімдік құралдары идеологиялық, бір жақтылық сипатымен ерекшеленді. Ұйымдастыру-реттеу құралдары мемлекеттік тапсырыстың негізінде мемлекетке қажет адамдарды қалыптастырды. Сондықтан да өзін-өзі ұйымдастырушы жүйелердің орнына сыртқы факторлардың əсерімен қалыптасқан жүйелер орын алды. Барлық аталған құралдардың ішінде бақылау құралдары негізгі орында болды. Ал стимул беруші (ынталандырушы) құралдар көбінесе қоғам алдында шексіз қарыздарлық пен борыштарын сезінген адамдардың энтузиазмдерін көтеру мақсатын орындады. «Адам мақсат ретінде» – бұл əлеуметтенудің қазіргі үлгісінің түрі.
Қазіргі уақытта əлеуметтенудіңбағынуүлгісімен қатар мүдделер принципіне қызығушылықпен қарау орын алуда. Өзін-өзі ұйымдастыра, бақылай, жетілдіре білетін тұлғаны қалыптастыру өзекті болып отыр. Ақпараттық-білімдік құралдар енді тұлғаның жан-жақты қалыптасуына қызмет етуге бағытталуда. Бақылау құралдарының көмегімен тыңдай білетін адамды ғана емес, өзін-өзі бақылай білетін жауапкершілігі бар адамды қалыптастыру да маңызды. Ынталандыру құралдары, негізінен алғанда, адамдардың белсенділіктерін, инициативасын көтеруге бағытталады.
Қазіргі кезеңде тұлғаның əлеуметтену процесінің əдістемелік негізі ретінде өзекті болып отырған концепциялардың қатарына виталистік, универсумдық концепцияларды жатқызуға болады. Виталистік концепция бірінші орынға жекелік жəне əлеуметтік тұрғыдан қарастырғандағы тұлғаның субъектілік сапасын қояды. «Адамның өмірлік күші» жəне «өмірлік кеңістік» деген категорияларды басшылыққа ала отырып, бұл концепцияның жақтастары тұлғаның белгілі бір əлеуметтік кеңістікте жəне уақыт аралығында өмір сүру жағдайларына талдау жүргізеді. Бұл концепцияның түсіндіруі бойынша, тұлға əлеуметтенудің жеке жəне əлеуметтік субъектісі ретінде табиғи-биологиялық, психологиялық жəне əлеуметтік факторлардың нəтижесі болып табылатын өмірлік күші арқылы өзінің өмір сүріп отырған əлеуметтік ортасына, яғни өмірлік кеңістігіне сөзсіз əсерін тигізеді.
Рөлдік тұжырымдама Американың әлеуметтік психологиясында ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон (1864-1929ж.ж.), Мид Джордж Герберт (1863-1931ж.ж.), т.б. Кули Ч.Х. «шағын кіші» топтар теориясының негізін салушылардың бірі, оның «Зеркальное я», «Человеческяая природа», «Социальный порядок» (1912ж.), «Социальная организация» (1909ж.), «Социальный процесс» (1918ж.), «Социологическая теория», «Социальное исследование» (1930ж.) деген еңбектері бар. Кулидің жалпы әлеуметтік теорияларының негізінде әлеуметтік ұйым және сананың әлеуметтік процестерді қалыптастырудағы шешуші рөлін мойындау жатыр.
Ал, Мидтің әлеуметтану теориясының пайда болу негізінде өткендегі болған әрекет, оқиға (қысқаша «акт») ұғымы жатыр. Бұл акт ұғымы әрекеттеуші субъектінің шынайы өмірді қабылдаудағы ерекшелігін анықтайды. Мидтің пікірінше, әрекет етуші субъект кең мағынада физикалық «субъект», «тірі форма», «әлеуметтік мен» («я») ретінде қарастырылады. Объектілер ұғымының мазмұны, Мидтің пікірінше, индивидтің өткендегі барлық ерекшелігімен сипатталатын тәжірибесі. Осыған қарай объектілер индивид пен олардың арасындағы қатынастарды бейнелейді.
Ч. Кули мен Дж. Мидтің бұл теориялары әлеуметтанудағы әр түрлі ағымдарға кең тараған. Оның ішінде тұлғаның рөлдік тұжырымдамасын Т. Парсонс өзінің әлеуметтік-функционалдық талдау теориясында көп қолданды.
Жалпы тұлғаның рөлдік теориясы тұлғаның бейімделу процесін көп дәріптей отырып, оның белсенді, творчестволық жағын жоққа шығарады.
Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдармен алуан түрлі қарым-қатынастар мен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдады. Осылардың негізінде адам өзінің «айналадағы мен» деген имджін жасайды. Ол үш элементтен құрылады:
а) жұрт мені қалай қабылдайды;
ә) жұрт менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;
б) мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.
Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап беру керектігін түсіндіреді.