«Әлеуметтану және саясаттану» пәні бойынша дәріс жинақтары-Шымкент: ОҚМУ, 2019



бет93/99
Дата04.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#130694
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   99
Байланысты:
социология лекция
27.04 5т, План декады - 2022[1] а
Әлемдік саяси үрдіс дегеніміз - дүние жүзі қауымдастығының өміріне қатысты саяси шешімдерді қабылдап, оларды іске асыру жолындағы мемлекеттік саяси институттардың, қоғамдық және саяси қозғалыстардың, халықаралық ұйымдардың , жеке адамдардың іс-әрекеті. Әлемдік саяси үрдістің нақты тарихи дәуірге байланысты өзіндік мазмұны, ерекшеліктері мен заңдылықтары бар.
Қазіргі заманғы әлемдік саяси үрдістердегі ағымдар:
Нарықтық қатынастардың әлемді тұтас қамтып, қанат жаюда;
Мемлекеттердің басым көпшілігінде демократиялық қатынастар орнауда;
Авторитарлық – тоталитарлық саяси режимдердің ыдырауы;
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің өскелең сипат алуы;
Халық бұқарасының саяси оянуы және ұлттық сана-сезімнің арта түсуі;
Қалың көпшіліктің саяси үрдіске қатысуға ұмтылуы;
Жалпы адамзаттық құндылықтардың алдыға шығып, қоғам дамуының, оның қауымдастық есебіндегі бір тұтастығының өзегіне айналуы.
2. Халықаралық тәртіп – халықаралық қатынастар субъектілерінің өз мүдделерін бейбіт кезеңде жүзеге асыруға деген қажеттілігінен туындаған халықаралық қатынастардың құрылымы. Әлемдік тәртіп – халықаралық қауымдастықтың мызғымастығын қамтамасыз ететін сипат немесе сыртқы саясаттың бағыты.
Ресейлік ғалымдар А. Богатуров: «Халықаралық тәртіп дегеніміз – халықаралық қауымдастықтың негізін құрайтын әлемнің барлық елдері арасындағы қалыптасқан қатынастар жүйесі», К. Гаджиев: «халықаралық тәртіп – бұл әлемдік қауымдастық», деп сипаттаса, батыс ғалымдары Х. Абрахамссон: «халықаралық тәртіп – экономикалық және саяси ынтымақтастықты реттеуші ережелер мен нормалардың жиынтығы», Л. Миллер: «халықаралық тәртіп – халықаралық саяси оқиғаларды реттейтін нормативті шеңбер» және саяси қатынастардың субъектілері басшылыққа алатын ұстанымдар, іс-әрекеттер», деп тұжырымдайды, . Ағылшын ғалымы Х. Булл: «Халықаралық (әлемдік) тәртіп – халықаралық қауымдастықтың өмірлік мүдделерін қамтамасыз етуші сипаты немесе сыртқы саяси белсенділік бағыты» деп анықтама берген.
Жалпы, әлемдік тәртіп ұғымын зерттеуде үш негізгі бағыт – реалистік, құрылымдық және институционалдық қолданылады. Ганс Моргентау негізін салған саясаттағы бағыт және саясаттанудағы парадигма болып табылатын саяси реализмнің өкілдері Дж.Кеннан, К.Томпcон, Р.Страус-Хюпе, Ч.Йост, Дж.Болл, С.Браун, З.Бжезинский, У.Ростоу, Ю.Ростоу, С.Хантингтон ж.т.б. өз зерттеулерінде әлемдік саясаттың субъектілерінің қарқынының ара-қатынастарына басты назар аударады. Халықаралық қатынастарды мемлекетаралық қатынастар ретінде қарастыра отыра, мемлекеттердің ара қатынасындағы басты мәселе әрбір мемлекеттің өзіндік ұлттық мүддесін қорғауы және саясатта осы мүдде тұрғысынан іс-әрекет жасауын, сонымен қатар халықаралық қатынастардың дамуын анықтаушы маңызды фактор –күш немесе мемлекеттің қуаты деп таниды.
Екінші бағытта, американдық ғалымдар Р. Гилпин және Л. Миллер, ағылшындық зерттеуші Р. Купер еңбектерінде, халықаралық қатынастар белгілі бір заңдылықтарға сәйкес қызмет атқаратын толыққанды жүйе ретінде қарастырылады. Мемлекеттер және олардың одақтарының басты мақсаты – ұлттық мүдделерді қорғау, мемлекеттің қауіпсіздігі және халықаралық қатынастарда статус –кво сақтау. Бұл мақсаттарға қол жетудің негізгі құралдары – күш және одақтар деп санайды.
Аталған зерттеушілер халықаралық тәртіпті халықаралық қатынастардың құрылымы ретінде таниды. Олардың пікірінше әлемдік саясаттың субъектілері арасындағы қатынастарды ретке келтіретін құрылым. Ал халықаралық жүйенің құрылымындағы маңызды мәселе жетекші мемлекеттердің күштерінің ара-қатынасы және олардың арасындағы сатылық құрылым.
Институционалдық бағытты ұстанушылар халықаралық тәртіп ретінде белгілі бір халықаралық институттардың жиынтығын қарастырады. Бұл бағыт зерттеушілерінің пікірінше, институттар өздігінше халықаралық қатынастардың құрылымы болып табылады және мемлекеттердің негізгі мұқтаждықтарын қамтамасыз етеді. Зерттеушілер әлемдік тәртіптің негізгі институттарына БҰҰ; НАТО; және басқа да халықаралық ұйымдарды, халықаралық режимдерді жатқызады.
Халықаралық тәртіптің негізгі өлшемдері:
деңгейлес;
салалас;
функционалды.
Деңгейлес өлшем – әлемдік саясаттың негізгі акторлары арасындағы қатынастар. Бұл мәселенің аясына – халықаралық жүйеде тәртіпті сақтау, күш тепе-теңдігін сақтау, ортақ мүдделер мен құндылықтардың болуы кіреді.
Салалас өлшем – әлемдік тәртіптегі күшті және әлсіз акторлардың арасындағы қатынастар. Халықаралық қатынастардың қатаң сатысының құрылымы, империя шеңберінде осы сатыны қатаң түрде қамтамасыз ететін күш факторына сүйенеді.
Функционалды өлшемнің негізін дипломатия, акторлардың стратегиясы, олардың арасындағы экономикалық байланыстар, моральдық құндылықтар және саяси лидерлердің саяси амбициялары, трансұлттық корпорациялар, ғалымдар, мамандар ассоциациясы құрайды.
Халықаралық тәртіп ұйымдасқан және еркін механизмдермен қамтамасыз етіледі. Халықаралық тәртіпті қамтамасыз етуші механизмдерді мазмұны бойынша төмендегіше жіктеуге болады:
институционалдық;
құқықтық;
экономикалық;
әскери-саяси;
мәдени-идеологиялық;
ақпараттық болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет