Психологиялық антропология саласындағы бірегейлік бойынша американдық антропологтар Дж. Де Вое және Л. Романусси-Росс еңбектері де қызығушылық тудырады. Олар, бірегейлікті белгілі бір тұлға немесе топтардың мәдени дәстүрлерінде көрініс беретін бірдейлендіру нысаны ретінде қарастырып, ұлттық бірегейлік - тарихи түп тамырға деген бейімділік деп тұжырымдайды. Дж. Де Вое ұлттық ерекшелікті, әлеуметтік мәртебені және идеологияны біртұтас жүйеге біріктіріп, өткеннен тамырын жайған ұлттық ұқсастық, тұлғаның осы шағының және болашағының органикалық және ажырамас бөлігі болып табылады деп сомдайды.